Жаңа жыл-жаңа бағыт, жаңа қадам

Жаңа жыл-жаңа бағыт, жаңа қадам

Бұл-қашан да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, жаңа жоспарларға жол ашатын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Аудандық мәдениет үйінде өткен «Жаңа жыл-жаңа бағыт, жаңа қадам» атты салтанатты шараны  аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып: -Құрметті, жерлестер! Баршаңызды төрімізге енгелі отырған жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл-еліміз үшін айтулы жыл болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Ширек ғасыр ішінде біз тамыры тереңде жатқан, тарихы кенен халық…

Толығырақ

Басты міндет – жылды табысты аяқтау

Күн тәртібіне әкімдік және аппарат мәжілістерінде аудан өмірі үшін маңызды 6 мәселе ұсынылды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәжілісті бастамас бұрын тағайындауларға тоқталды. Алдымен аудан активіне аудан әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған Мерей Мейірбековті, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі болып сайланған Нұржау Ділмағанбетовті, жаңа заң талабына сәйкес ротациялық жолмен облыс әкімдігіне ауысып жатқан аудан әкімінің көмекшісі Еркебұлан Әбдікеровті және Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры лауазымына тағайындалған Жанар Әлішеваны таныстырып, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі. Сосын, аудан әкімінің орынбасарлары М. Мейірбековке, Р. Өтешовке, Ж. Әлішеваға және аппарат басшысы Н. Бохаевқа атқаратын міндеттерін бөліп берді….

Толығырақ

Еңбек еткенге бақыт басын иеді

Еңбек еткенге бақыт басын иеді

«Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес-біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі, оны дамыту үшін жекеменшік институттың заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуы тиіс». Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі қоғамдағы тіршіліктің негізгі көзі-шағын және орта бизнес, шағын кәсіпкерлікпен айналысу болып бара жатқанына көзіміз үйреніп қалғаны қашан. Нарықтық экономика заманында бұл жүйеге өту және осы бағытта жұмыс жасау қалыпты жағдай…

Толығырақ

Кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлермен кездесті

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген кәсіпкерлермен кездесті. Бас қосуда сөз алған аудан басшысы — Жаңа жыл өткен жылға баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп», — демекші біздің өткенге салауат айтып, жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтетініміз анық», — дей келе, елдегі, соның ішінде кәсіпкерлік саласында қол жеткізген жетістіктер мен ауқымды істерді саралап өтті. Сондай-ақ, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жылды жемісті аяқтаған…

Толығырақ

Шаттық сыйлаған шырша

Шаттық сыйлаған шырша

Бүгін Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясы ғимаратында аудандағы «Халық үні» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тортай Бейісов бастаған бір топ кәсіпкерлердің балаларға арналған шыршасына 80 мүмкіндігі шектеулі балақайлар қатыстырылды.Сондай-ақ, мерекелік шараға ат басын бұрған аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева балаларға жаңа жылдық лебізін білдіріп қайтты. Шараға аудандық оқушылар үйінің ұжымы белсене араласып, өнерпаз оқушылар көпшілікке мерекелік көңіл-күй тарту етті. Айта кетейік, Жаңа жылдық кеш соңында барлық балаға кәсіпкерлер тарапынан мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Бұдан бөлек, кешке келе алмаған балаларға Аяз ата мен Ақшақар арнайы барып,…

Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Жаңа жыл қарсаңында халықтың сауда орындары мен дүкен, базар жағалайтыны, мерекелік дастарқанға барынша мол азық-түлік алатыны белгілі. Бүгін, осы жайды ескерген өңір басшылығының ұйытқы болуымен «Қанағат» базарының қақ алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жылдың соңғы жәрмеңкесінде, Жаңа жылды лайықты қарсы алуды ұйғарған аудан тұрғындары қажетті заттарын нарық бағасынан 10-15 % төмен бағада алғандарына ризашылықтарын жеткізді. Сая ЕРАЛИЕВА.

Толығырақ

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған). 2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады. 2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгені құрады. Әскери қызметшілер…

Толығырақ