ХҚКО жұмысы түн ортасына дейін ұзартылуы мүмкін

ХҚКО жұмысы түн ортасына дейін ұзартылуы мүмкін

Жұртшылыққа ыңғайлы болуы үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы түн ортасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов әлеуметтік желіде осындай бастама көтерді. «Мемлекеттік қызметтерді алу процедурасын оңайлатуға қатысты тағы бір ой келіп отыр. Сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді. Жұмыстағы адамдар үшін ХҚКО-ға баруға уақыт табу қандай қиын екенін баршамыз білеміз. Ал, анықтамалар мен құжаттарға деген қажеттілік үнемі туындап тұрады. Әрине, бұның e-gov.kz электрондық үкіметін пайдаланатындарға қатысы аз, олар қызметтің көбін онлайн алады. Алайда, көпшілік үшін бұл мәселе өзекті деп ойлаймын. Дәл осындай…

Толығырақ

Балдызын айуандықпен өлтірген азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді(видео)

Балдызын айуандықпен өлтірген азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді(видео)

Туған балдызын зорлап, артынан буындырып өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын баяндады деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. Әйелінің кәмелеттік жасқа толмаған сіңілісін зорлады деген күдікті Өскеменге қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Қанды оқиға Алматы облысы, Қаскелең округ орталығында наурыздың 31 күні орын алған. Кінәсін мойнына алған қылмыскер оқиға болардан бірнеше күн бұрын ащы суды жиі ұрттайтыны үшін әйелімен ұрсысып қалғанын айтты. Ашуланған әйелі балаларын алып Ұзынағаш ауылындағы туыстарына кетіп қалған. Наурыздың 31-і күні әйеліне жұмысқа шығу керек болып, 17 жастағы жиені Әйгерімге балаларын қосып, үйіне жібереді. Бір күн бұрын ішкен…

Толығырақ

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Мәжіліс депуттары электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты өңірлік энергия желілері мен компанияларын ірілендіру болып отыр. “Біз бұл заң жобасы арқылы оларды өңірлік энергетикалық компаниялармен немесе өзара бірігуге ынталандырамыз. Егер қарапайым тұтынушыға электр энергиясын жеткізудің бес емес, төрт немесе үш деңгейі болса, заңды тұлғалардың тарифының саны азаяды. Бұл тұтынушыға жететін энергияның тарифы да төмендейді деген сөз”, — деп түсіндірді Бозымбаев мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге. Сонымен бірге, оның атап өтуінше, заң жобасы…

Толығырақ

Әлемдегі ең жас әже 28-де

Әлемдегі ең жас әже 28-де

Ұлыбританиялық Келли Джон жуырда Гиннесстің рекордтар кітабына әлемдегі ең жас әже ретінде енбекші. 28 жастағы келіншектің 14 жастағы қызының аяғы ауыр. Келли Джон 14 жа- сын да жүкті болып, өмір- ге сәби әкелген еді. Нәрес тенің әкесі Джон- ның құрдасы болатын. Әке болудың не екенін түсінбеген бозбала Кел- лиді сәбиімен бірге тастап кетті. Арада 14 жыл өт- кен де Келлидің қызы – кішкентай Тиа да анасына тартып, кәмелетке толмай аяғы ауыр болды. Тианың жігіті Шем Девис қызға үйленіп, отбасын құруға әзір. Дегенмен Келлиге жасөспірім қызының сәбиін бағып-қағуға тура келеді. Кәрі…

Толығырақ

Кәсіпкер болуға мүмкіндік мол

Кәсіпкерлік саласы қазіргі уақытта қоғамның жетекші күшіне айналғандай. Бұл бағытқа жұмсалатын қаржы қаншалықты қыруар болса, онымен айналысатын жандарға берер берекесі де соншалықты. Әрине, бұл іс барлығына бірдей жаға бермесі анық. Әйтсе де, осы саладан жолы болып, тасы өрге домалап жатқандардың жайы кім-кімді де таңдай қақтырмай қоймасы анық. Сондықтан, кәсіпкерлік ерекше табандылық пен еңбекқорлықты талап ететінін мойындауымыз керек. Иә, бұл салаға деген мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығы мен жеңілдіктерін мақтанышпен айтуымызға болады. Мәселен, осыдан оншақты жылдар бұрын екінің-бірі кәсіпкерлікпен айналыса алмаушы еді. Тоқыраудың уақыттарында тіптен қиынның-қиыны еді. Қазір тәубе, кез-келген жан өзін…

Толығырақ

Жауапты міндеттер-жасампаздық кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы елімізді экономикалық  тұрғыдан дамытуды жалғастыруға арналды. Бұл бүгінгі күннен басталып, болашаққа жасалған жолдың айқын көрінісі. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдардағы түрлі санкциялар салдарынан энергетикалық ресурстардың бағасы құлдырап, экономикалық өсу біршама баяулаған еді. Алайда, Мемлекет басшысының сарабдал саясатымен мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары қарастырылды. Соның ішінде, ІТ ақпарат технологияларын өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны айрықша айтылды. Сонымен қатар, жалпы көпшіліктің озық технологиямен жұмыс жасау жүйесін қалыптастырып, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейту, денсаулық…

Толығырақ

Өрт қауіпсіздігінің алдын алайық

Өрт қауіпсіздігінің алдын алайық

…Оттың адам игілігіне қызмет етіп келе жатқаны ертеден белгілі. Жылдар өте адам баласы оны орынсыз, яғни, ешқандай сақтық шарасыз пайдаланудан зиян шеге бастады. Осының салдарынан, келе-келе үлкен зауыттар, фабрикалар мен көпқабатты үйлер, ел байлығын сақтайтын көлемді қоймалар кездейсоқ оттан шығынға ұшырады. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан жедел де жүйелі шара қолданылмаса, өрт қаупінің орасан зиян шектірері түсінікті еді. Сондай маңызды құжаттың бірі 1918 жылғы сәуір айының 17-де «Отпен қүресудегі мемлекеттік шаралар» декреті қабылданып, күшіне енді. Содан бері 17-сәуір Өрттен қорғау күні болып тарих бетінен орын алды. Облыс аймағында бірінші болып 1921…

Толығырақ

Шетелдікке тұрмысқа шығып жатқан қыздардың психологиясында ауытқулар бар

Шетелдікке тұрмысқа шығып жатқан қыздардың психологиясында ауытқулар бар

«Қазақстан» ұлттық арнасы дайындаған «Қызымды сатамын, арақ беріңізші» деген әлеуметтік эксперимент арна эфирінде де, әлеуметтік желілерде де көп көрсетілді. Тіпті, кейбір ақпарттық сайттар эксперименттің атауын айқайлатып тақырып қып қойып, сайттарына да жариялады. «Босағада қыздың қырсығы қалады» деген ырыммен қызын қонағындай төрге шығарып, аялап өсірген қазағымыз енді «қызымды сатамын» деген эксперимент жасауы тіпті ерсі көрінді. Ер адамның қыз баласын жетелеп көшеде сатамын деп жүруі қазіргі қыздардың шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып кетуіне тағы да тұздық болмасына кім кепіл? «Қызымды сатамын» демей-ақ, өздері ақшаға, байлыққа құмартып кеткені қашан… Қыздарымыздың кейбірі өз еріктерімен «сатылып»…

Толығырақ

Депутат эфирдегі қысыр сөз, жалған күлкі мен әдепсіз мазақты сынға алды

Депутат эфирдегі қысыр сөз, жалған күлкі мен әдепсіз мазақты сынға алды

Депутат Бақытбек Смағұловтың пікірінше, орынсыз әрі жалған күлкі, ұлттық құндылықтарды келемеж ету, қысыр сөздер, ыржалақ, әдепсіз мазақтар әзілдің қадірін кетіруде. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл әзіл-сықақ бағдарламарына көңілділер мен тапқырлар клубының әзілкештерін ғана емес, қазақы қалжыңның майын тамызып, өнердің бел ортасында жүрген сатириктер мен сықақшыларды тартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. “Депутаттық сауалға сайлаушылармен кездесу барысында жұртшылық тарапынан қазақ тілді телеконтентке қатысты айтылып жүрген ой-пікірлер негіз болып отыр. Әсіресе әзілді әжуаға, күлкіні сайқымазаққа айналдырған әзіл-сықақ бағдарламарына көп сын айтылады. Жайдары күлкі жан саулығы десек те, алайда қазақстандық телеарналардан берілетін әзіл-қалжың сапасының төмендігі…

Толығырақ

Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

Парламент сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы ол Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының депутаттармен болған кездесуі барысында айтты деп жазады sn.kz. «Халықпен кездесуіміз барысында бізге тұрғындар тарапынан әншілердің фонограммамен ән айтуына қатысты да сұрақтар қойылады. Біз әрине, артист емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені толыққанды білмеуіміз мүмкін. Бірақ, Түркіменстан мен көрші өзге де елдерде концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған», — деді сенатор Мәдениет министріне. Айта кетейік, депутат бүгін министрмен бірге театр ұжымдарымен кездесіп, Мәдениет туралы заңына енгізілгелі жатқан түзетулер мен өзгертулерді…

Толығырақ