Өткенге салауат айтылды

Өткенге салауат айтылды

Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың 31-мамырындағы жарлығымен бұл күн саяси қуғын сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын. Иә, биыл ашаршылық құрбандарына 85 жыл болса, ал, саяси қуғын сүргін құрбандарына 80 жыл толып отыр. Кеңес үкіметі жылдарында орын алған ашаршылық кезеңінде яғни, 1921 жылдары аралдықтар Волга бойында ашаршылыққа ұшыраған 7 миллион адамға 14 вагон балық жөнелтіп, талай адамның өмірін сақтап қалған болатын. Ресми деректерге сүйенсек, саяси қуғын сүргін жылдарында 4 милионнан астам қазақстандық зардап шексе, оның ішінде, ауданымыздан 400-ге жуық адам қуғын сүргінге және 193 адам…

Толығырақ

Жігіт пен қыздың қол алысып амандаспауында қандай хикмет бар?

Жігіт пен қыздың қол алысып амандаспауында қандай хикмет бар?

Қазақ «Сәлем – сөздің анасы» дейді. Осыған амал еткен халқымыз, алыстан сәлем бермей, сөзін бастамаған. Алайда 70 жыл бойы шеңгелінде ұстаған коммунистік қоғам қазақты ата салтынан, мұсылмандық дәстүрінен айырды. Бір-бірімен амандаспақ тұрмақ, иек көтеріп, бас изесуге ерінетін кердең ұрпақ пайда болды. Қазір де кей ақсақалдарымыздың арасында “Ассалаумағалейкүм” деп ауыз толтырып амандассаң, “сәлеметсің бе?” деп жауап беріп тұратындары жоқ емес. Ал есесіне қыз-келіншектермен сәлемдескенде бетінен сүйіп, амандықта асыра сілтейтіндер де кездеседі. Бұл да сол Кеңестік дәуірден қалған “дәстүр”. Бұрынырақта қазақ жігіттері өзара қос қолдап “ассалаумағалейкүм” деп амандасса, әйел затымен “Есенсіз бе?”…

Толығырақ

Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді

Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді

Бибігүл Төлегенова Димашты – көкке, ал Қайратты – жерге теңегелі халық бұл тақырыпты жаппай талқылап жатыр. Бұлбұл әншінің пікіріне қосылған бірлі-екілі адам болмаса, көпшілік қос әншіні салыстырудың өзін үлкен қателікке балауда. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Бұл ретте желідегілерге өзін Қайраттың келіншегі ретінде таныстырған Жұлдыз Абдукаримова да Төлегенованың пікіріне қатысты ойын айтты. Ол Бибігүл Төлегенованың сөзін “миға сыймайтын ойға” теңеп, оқырмандарының пікірін сұрады. “Бұған айтар ой пікірлеріңіз қандай? Ата сақалы аузына түскен Бибігүл апай екі əншіге жол көрсетіп, ақыл айтудың орнына миға сыймас сөз айтып, өз абыройын көтермек болды ма?” –…

Толығырақ

Н.Назарбаев «АЛЖИР» мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Н.Назарбаев «АЛЖИР» мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың  баспасөз қызметі. Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары мен жақындары да қатысып, Елбасымен әңгімелесті. Мемлекет басшысы рәсім аяқталған соң БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі күннің Қазақстан тарихында айрықша күн екенін атап өтті. «31 мамырды біз Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан астам адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдерінің,…

Толығырақ

“Музарт Life” тобы халыққа алғашқы бейнебаянын ұсынды (видео)

“Музарт Life” тобы халыққа алғашқы бейнебаянын ұсынды (видео)

Халықтың мақтанышына айналған “Музарт” тобының ізбасарлары алғашқы бейнебаяндарын жарыққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Тырнақалды туынды “Жүрегім сені аңсаған” әніне түсірілген. Бейнебаянда жігіттердің үлкен сахнаға алғаш жасаған қадамдары көрсетіледі. Ізбасарларына қолдау көрсеткен “Музарт” тобы мен олардың директоры Ерлан Жүнісбай да клипте бой көрсеткен. Айта кетейік, “Музарт Life” тобының құрамында музыкалық жобада жеңіске жеткен 4 жігіт өнер көрсетеді. Олар – Сұлтан Ахмет, Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбай және топтың ең жас мүшесі Әзиз Балтабекұлы. “Музарт Live” жобасы кезінде-ақ тыңдармандардың көңілінен шыққан 4 жігіт еліміздің 4 аймағынан жиналған. Еске сала кетейік, 2016 жылдың…

Толығырақ

Айдар Тұрғанбек елді ораза тұтуға үндейтін бейнебаян түсірді (видео)

Айдар Тұрғанбек елді ораза тұтуға үндейтін бейнебаян түсірді (видео)

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек қасиетті Рамазан айының құрметіне ән жаздырып, бейнебаян түсірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ән мәтінінде әнші мұсылман жамағатын ораза тұтып, ауыз бекітуге шақырады. Бұл өмірдің уақытша екенін айтып, шөлдеп, ашыққан кезде Жәннатты еске алуға кеңес береді. Сол сияқты өсек, өтірік, ғайбат сынды нәрселерден аулақ болуға үндейді.

Толығырақ

Қазком клиенттері карталарынан жаппай қаражаттың шешілуі туралы хабарлап жатыр

Қазком клиенттері карталарынан жаппай қаражаттың шешілуі туралы хабарлап жатыр

Сейсенбі күні «Қазком» клиенттерінің пластикалық карталарынан жаппай ақшаның шешілуі орын алды. «#Kazkom, #Qazkom клиенттері сіздерде бәрі дұрыс па? Менде қаланың әртүрлі мекемелерінен ақша шешіліп жатыр. Сall center-ге қоңырау шабу мүмкін емес. Qazkom, сендерде не болып жатыр?», — деп жазады Юра Цой есімді Фейсбук пайдаланушы. «Қазір іс-сапардамын, картамнан ақшаны шешілуі туралы 20 хабарлама алдым. Банкингтегі есеп те 100 мыңнан астам сомаға азайды, барлық карталарды тез бұғаттауға тырыстым, колл орталығы барлық нөмірлер бойынша қол жетімсіз. Ал картамнан ақшаның шешілуі туралы смс әлі де түсіп жатыр. Мен шын мәнінде мұндайдан өліп қала жаздадым….

Толығырақ

КешYou-дің жаңа бейнебаяны “арзан жарнамаға толы” деген атқа қалды (видео)

КешYou-дің жаңа бейнебаяны “арзан жарнамаға толы” деген атқа қалды (видео)

Атышулы КешYou тобының су жаңа “Неге?” атты бейнебаяны жарыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Топ продюсері Баян Есентаева қызметіне қайта оралғалы бері қыздардың шығармашылығына жете көңіл бөліп жүр. Оған небәрі 3-4 айдың ішінде жас әншілерден құралған топтың 2 бейнебаян шығаруы дәлел бола алады. Осылайша продюсер жаңа құрамды сынайтындарға қыздардың талантты екенін дәлелдеуге тырысып жатыр. Алайда продюсер мен топ қыздарының еңбегі еш кететін сияқты. Себебі осымен екінші бейнебаян тыңдарман сынына ұшырады. Фанаттар су жаңа клиптің арзан жарнамаға толы екенін айтуда. Олар бейнебаянда сюжеттен гөрі кірпікке арналған тушь бояуының тым көп көрсетілгенін байқап,…

Толығырақ

Биылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар іріктелді

Биылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар іріктелді

«Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жеңімпаз атанып, 34 балуан шешуші кезеңге жолдама алды, деп жазады Vesti.kz. Жарысқа іріктеу 1 сәуір күні басталған болатын. Алдымен ауылдық, аудандық, одан кейін облыстық белдесулер өтті. Төртінші финалдық кезеңіне жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балуандар шықты. Олай болса таныс бола отырыңыздар: 1.Айбол Айтбек (Жамбыл облысы); 2. Абай Ерболұлы (Жамбыл облысы); 3. Дарxан Бижанов (Астана); 4. Мұрат Кентонов (Астана); 5. Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы); 6. Асыл Барменов (Қарағанды облысы); 7. Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы); 8. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы);…

Толығырақ