Аудандық біріншілік мәреге жетті

Аудандық біріншілік мәреге жетті

ГІР СПОРТЫ 4 маусым — Мемлекеттік Рəміздер күні мерекесіне орай ГІР СПОРТЫНАН аудандық жекелей біріншілігі өз мəресіне жетті. НƏТИДЕСІНДЕ: 63 кг салмақ бойынша; І-орынТілеужанов Марат ІІ-орын Қаниев Асылхан ІІІ-орынды Жақсылықов Бауыржан. 68кг салмақ бойынша; І-орын Разақов Қайрат ІІ-орынды Бақытбекұлы Бексұлтан ІІІ-орынды Көптілеуов Ақниет. 73кг салмақ бойынша І-орын Махамбетов Мұрат ІІ-орын Жанязов Серік ІІІ-орынды Жабаев Рүстам 85кг салмақ бойынша; І-орынды Жолдыбаев Жанболат ІІ-орынды Тиыштықбаев Дастан ІІІ-орынды Джубаниязов Булат +95кг салмақ бойынша; І-орынды Абдраупов Мейрамбек ІІ-орынды Байназаров Қайырбек ІІІ — орынды Есентүгелов Талғат ие болды. ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Толығырақ

Елбасы кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Елбасы кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда: «Б» корпусы бөлімінде: В санаттары тобының В-4 санатында: «Бас консультант» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Әдеп жөніндегі…

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады. – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл  –  әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті. – Қонақ үй құрылысына Қазақстанның…

Толығырақ

Семейде аттракцион кенет қатты айналып, адамдар ажалдан аман қалды (видео)

Семейде аттракцион кенет қатты айналып, адамдар ажалдан аман қалды (видео)

Семейде балаларды қорғау күні ойын-сауық саябағында ішінде адамдары бар аттракцион кенет қатты айнала бастаған деп хабарлайды Устинка LIVE-қа сілтеме жасап NUR.KZ. Саябақ қызметкерлері аттракционды зорға дегенде тоқтатқан. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар жоғарыда қалып қойған адамдарды жерге түсіру үшін аттракционды қолымен айналдырған. Ал болған оқиғаны куәгерлер ұялы телефонның камерасына түсіріп алыпты. Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдай бұрын да болған екен. «Екі жыл бұрын осы аттракционда өзім болдым. Ол тоқтап қалғанда біз төбеде қалып қойдық», — дейді куәгер әйел. Тағы оқыңыздар: Денесіне тату салдырған азамат екі айдан кейін тіл тартпай кетті (фото) Айта кетейік,…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАРАФОН ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАРАФОН ӨТТІ

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай,  2017 жылдың 3 маусым күні Қызылорда облысы ішкі істер департаментің қызметкерлері арасында жүгіруден марафон өткізілді.  Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі    Спорттық жарыстың өткізілу мақсаты – полиция  қызметкерлері  арасында спортты, оның ішінде жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады.    Марафон сағат 08.00-де Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысынан («Сыр Ана» монументінен) басталып, Есенов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында («Еуразия» спорт кешені алаңында) мәресіне жетті. Командалық жарысқа…

Толығырақ

Ауыз бекіткендерге ақыл-кеңес

Ауыз бекіткендерге ақыл-кеңес

Жамағат назарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметтері негізінде биылғы Ораза айында мән берер мәліметтерді ұсынамыз. Дереккөз: Inform.kz *Биылғы Рамазан айы 27 мамырда басталып, 24 маусымда аяқталады. Күнтізбе бойынша Ораза 29 күн. *Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге. *Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі. *Қасиетті Қадір түні маусымның 21-інен 22-іне қараған түні болады. Қадір түнінде мешіттерде таңға дейін рухани бағдарламалар ұйымдастырылады. Уағыз айтылып, Құран оқылып, жамағатпен дұға жасалады. *25 маусым…

Толығырақ

Ораза ұстаудың 10 ерекшелігі

Ораза ұстаудың 10 ерекшелігі

Аш жүрудің қандай болатынын ораза ұстаған жамағат жақсы түсінеді. Ораза ұстаудың, ашығудың адам ағзасына пайдасы көп. Дереккөз: Ihsan.kz Аштық халде көңіл тыныштығы мен зейін (жады) күштілігі, ал тоқтықта ақымақтық пен ұмытшақтық пайда болады. Аштық халде жүрек жұқалығы, яғни сезімталдық болады. Сонан дұға мен ғибадаттардан ләззат алынады. Тоқтық xалде жүрек қатаяды да, ғибадаттан ләззат алу мүмкін болмайды. Аштық халде қарапайымдылық пен мінез жұмсақтығы, ал тоқтықта тәкаппарлық, мақтаншақтық, ашу халі болады. Аштық халде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлау, ал тоқтық халде оларды ойламау мен бейқамдық көрініс табады. Аштық халде нәпсілік армандарға…

Толығырақ

Бананның біз білмейтін 7 пайдасы

Бананның біз білмейтін 7 пайдасы

Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол организмге де пайдалы. Күніне 2 банан жесеңіз, денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарады. Дереккөз: Baq.kz 1. Артериялық қысым деңгейі қалпына келеді Бананның құрамында 420 мг-ға жуық калий бар. Сондықтан ол жоғары қан қысымын төмендетуге сеп болады. 2. Артық салмақтан арыласыз Банан жасұныққа бай – соның арқасында адамның қарны аша бермейді. 3. Анемия қаупі төмендейді Анемиядан адамның жүзі солғын тартып, үнемі шаршап жүреді, ентігіп қалады. Мұның бәрі эритроциттердің азаюы мен қандағы гемоглобин деңгейінің…

Толығырақ

Бай болудың 7 қағидасы (Герберт Кэссонның кеңестері)

Бай болудың 7 қағидасы (Герберт Кэссонның кеңестері)

Герберт Кэссон – Батыстағы бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің аты аңызға мәшһүр маманы, журналист, жазушы. Көптеген елдерде оны қызметіне орай «Өнімділік эксперті» деп атайды. Оның кеңестері көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, қорытылған, сүзгіден өткен, бизнесті жеке сала бойынша емес, тұтас түсіндіре алған. Назарларыңызға Герберттің бай болу туралы 7 қағидасын ұсынамыз. Дереккөз: Reactor.inform.kz 1-ҚАҒИДА. БІЛЕТІН ЗАТЫҢДЫ ҒАНА САТЫП АЛ! Білетін затыңды ғана сатып ал. Егер сен саудагер болсаң ақшаңды саған тауар сататын ең жақсы компанияға ғана қос. Егер теміржолшы болсаң, ісін ақылмен жүргізіп жатқан жерге қос. Егер құрылысшы болсаң, жер сатып ал. Саяхатшы болсаң,…

Толығырақ

Неге айнаға қарап суретке түсуге болмайды?

Неге айнаға қарап суретке түсуге болмайды?

Селфисүйер қауым үшін айнаға қарап суретке түсу сәнге айналған. Алайда, «АйнаLook» аталып жүрген фотосуреттер туралы сын жиі айтылады. Неге айнаға қарап суретке түсуге болмайды? Szh.kz осы сауалға жауап іздеп көрді.   Ғалымдардың айтуынша, айна осыдан 7 мың жыл бұрын пайда болған. Шыны айналар пайда болмай тұрып, адамдар  қайралған металдар мен тастардан өз бейнесін көрген. Айнаның ресми пайда болуы туралы ақпарат 1279 жылы тіркелген. Француз Джон Пек алғаш рет қорғасынның жұқа қабатымен қапталған шыныны ойлап табу арқылы айнаның жаңа дәуірін жасады. Айна пайда болған күннен бастап оның магиялық қасиеттері туралы әр…

Толығырақ