ЖАЗҒЫ МАУСЫМ БАСТАЛДЫ, БАЛАҚАЙЛАР ШАТТАНДЫ

ЖАЗҒЫ МАУСЫМ БАСТАЛДЫ, БАЛАҚАЙЛАР ШАТТАНДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қамбаш» оқу-сауықтыру лагеріне барды. Жазғы мау­сым басталды деп шаттанған балалармен жүз­дескен аудан басшысы алдымен өнерлі өрен­дердің өнерлерін көріп, шахмат, дойбы ойна­ған балалармен де емен-жарқын әңгімелесті. Мұнан соң, ауданның әр жерінен келген тынығушылардың топ жетекшілері кезек-кезек рапорт беріп, лагерь туы көтерілді. Қамбаш оқу-сауықтыру лагерінің директоры Гүлмира Тәжеди салтанатты шараны ашық деп жариялады. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: -Барлықтарыңызды лагерьдің ашылу қуанышымен құттықтаймын. Мемлекетімізде балаларға қамқорлық жасалған. Міне, заманауи үлгідегі ғимарат соның бір айғағы. Ендігі жерде, осында естен кетпес тамаша күндерді өткізіп, әрбір күнді мазмұнды ететіндеріңе сенемін. Көп нәрсені…

Толығырақ

Жұлдызнама 07 маусым 2017 жыл

Жұлдызнама 07 маусым 2017 жыл

♓Балықтар Бүгін бір жақсы іс жасап, беделіңізді жоғарылатасыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Күннің екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз ♒Суқұйғыш Қиын сәттер көп болады. Бірақ қуаныштысы одан да көп болады. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді. ♑Тауешкі Тауешкілердің бәрін өз күшімен істеймін деп көмектен бас тартуы сәтсіздікке әкеліп соғады. Қаржы жағына өте абай болыңыз. Дұрыс таныспаған адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз. ♐Мерген Мойныңыздағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойыңызды күйзеліс меңдеп…

Толығырақ

Суды тұрып ішкен адам дереу құсып тастасын!

Суды тұрып ішкен адам дереу құсып тастасын!

Алланың Елшісі (с.а.у.) бірнеше хадисінде суды тұрып ішуден тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ, сахаба Әнәстың сөзіне қарағанда: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) (суды) тұрып ішуден қайтарған[1]. Әбу Һурайрадан риуаят етілген басқа бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Ешкім тұрған күйде су ішпесін! Кім ұмытып ішкен болса құсып тастасын!», — дегені тағы бар. (Бұл жердегі «құсып тастасын» деген сөз бұйрықты білдірмегендіктен, ішкен суын құсып тастауы міндет емес[2]).   Əйтсе де, Пайғамбарымыздың тіке тұрып су ішкендігі де сенімді деректерде келтіріледі. Мәселенки, «Сахих Бухари» атты хадистер жинағында орын алған бір риуаятта Әзіреті Али беті-қолын жуып, артылған суын тұрған бойы…

Толығырақ

Қазақстандықтардың Астана күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтардың Астана күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды

Астана күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz egov.kz электронды үкімет сайтына сілтеме жасап. Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күні сенбіден, яғни 1 шілдеден жұмаға, 7 шілдеге ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар 1 шілде жұмыс істеп, 6,7,8, және 9 шілде қатарынан 4 күн демалады. «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес, 6 шілдеде мерекеленетін Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады. https://baq.kz/kk/news/kogam/kazakstandiktar_astana_kuninde_kansha_kun_demalatini_belgili_boldi20170606_135500?utm_campaign=2806055&utm_source=SendPulse&utm_medium=push

Толығырақ

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Таразда Динара есімді емші туралы бірнеше жылдан бері аңыз болып айтылып жүр. Дәрігер «ем қонбайды» деп қайтарған адамдардың емші, бақсы, молда іздеп шығатыны түсінікті жағдай. Осындай адамдардың дертімен күресуді Динара емші өз қолына алады екен. «Рентген әйел» атанып кеткен Динара Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, мұндай тылсым күшті арқалап жүруінің құпиясын ашты. Динараның емші болатынын ата-анасы жасөспірім кезінен-ақ біліпті. Ал бойжеткен кезде өзі медицина саласы бойынша білім алып, дәрігер болуды армандаған. Тек армандап қана қоймай оны жүзеге асыру мақсатында Университетке де түскен. 1984 жылы Динара әлдебір дертке душар…

Толығырақ

Биылғы Чемпиондар Лигасының ең үздік голы анықталды (видео)

Биылғы Чемпиондар Лигасының ең үздік голы анықталды (видео)

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары 2016/17 маусымындағы Чемпиондар Лигасының ең үздік он голын анықтады. УЕФА құрған аталмыш комиссия құрамына сербиялық бұрынғы футболшы Деян Станкович, аңызға айналған бапкер Алекс Фергюсон, Румыния құрамасының экс-ойыншысы Иоан Лопескулер кіреді. Ең үздік гол мәртебесіне “Ювентус” шабуылшысы Марио Манджукичтің финалда “Реалға” соққан добы ие болды. Ал екінші орынды 1/8 финалда “Наполи” қақпасына нәтижелі соққы бағыттаған Каземиро иеленді. 10 үздік: 1. Марио Манджукич (“Ювентус”- “Реал” 1:4) – финал, 3 маусым, 2017 жыл; 2. Каземиро (“Реал” – “Наполи” 3:1) – 1/8 финалдың бірінші матчы, 15 ақпан, 2017; 3. Томас Дилейни…

Толығырақ

Атышулы Ninety one тобы Eaglez-дарды жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Атышулы Ninety one тобы Eaglez-дарды жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Еліміздегі ең даулы топтардың бірі Ninety one жанкүйерлерін жаңа бейнебаянмен қуантты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Топтың бесінші бейнебаяны “Ескі таспа би” атты әнге таспаланған. Бұл жолы жігіттер жаңа туындыны ешқандай телеарнаға бермей, өздерінің YouTube желісіндегі ресми парақшасына жүктеуді жөн көріпті. Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде құрылған Ninety one тобы алғашқыда елдің наразылығын туғызды. Көпшілік қазақ жігіттерін шаш бояп, сырға таққандарына ашуланды. Тіпті, еліміздің бірқатар аймақтарында 91-ге қарсы митингтер ұйымдастырылып, олардың концерттеріне тосқауыл қойылды. Одан кейін атышулы топ өз стильдерінен бас тартып, бір концертке классикалық үлгіде киініп келді. Ел саябырсыған соң,…

Толығырақ

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат — ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше — көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре алмауыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар… Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы…

Толығырақ

Жұрт адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың не екенін білмей дал болды (видео)

Жұрт адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың не екенін білмей дал болды (видео)

Ғаламторда адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың видеосы тарап кетті. Көпшілік оның не жаратылыс екенін білмей дал болуда. Оқиға Қарашай-Черкес республикасында түсірілген деп жазылған. Бойы бір тұтам қара құбыжық бір қарағанда адамға ұқсайды. Оны сыртынан маймыл деп те топшылауға болады. Ел аузына”көзге көрінбейтін үй иесін ұстап алды” деген әңгіме тараған. Желі қолданушларының кейбірі бұған сенбестік білдіріп жатыр. Алайда, оның нақты не жаратылыс екенін білмей дал. Видеодан үй ішінде әрі бері жүрген құбыжықтың тым кішкентай екенін аңғаруға болады.

Толығырақ

Көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақы өседі

Көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақы өседі

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек 25%-ға өсетіндігін мәлімдеді. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша 42,8 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында белгіленген тапсырмаларға сәйкес 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізілгелі отыр. Жаңа форматтағы жүйе атаулы әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту, берілетін жәрдемақыларды біріктіре отырып, азаматтар үшін оңтайландыру және олардың мөлшерін көбейту мәселелерін шешетін болады», — деді министр. Осы орайда Тамара Дүйсенова қандай жұмыстардың…

Толығырақ