Үйдің ішіне кіріп кеткен аю пианинода ойнады (видео)

Үйдің ішіне кіріп кеткен аю пианинода ойнады (видео)

Желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған музыкант-аю танымалдылық жинап жатыр. Бұл туралы Fox 5 хабарлайды. Колорадодағы жеке үйде орнатылған камера орманнан келген қонақты да таспаға басып алған. Аю ашық тұрған терезеден ішке еркін кіріп кетіпті. Жыртқышты қонақ бөлмеде тұрған музыкалық құрылғы қатты қызықтырған. Ол жамбасын төсеп отырып, пианино пернелерін басып шыққан. Сосын үйдің ішін аралап шығады. Үй иелері оралған кезде, астаң-кестеңі шығып жатқан асүйдің үстінен түскен.

Толығырақ

Психолог Маржан Арапбаеваның не себепті өзінен кіші азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді

Психолог Маржан Арапбаеваның не себепті өзінен кіші азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді

Маржан Арапбаева күйеуімен қарым-қатынасының қандай екенін ашып айтты. Ал психолог маман Марал Сарбасқызы оның не себепті өзінен 4 жас кіші ер азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді. Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды. «Күйеуім өзімнен 4 жасқа кіші болса да, ой-өрісі мен өзін ұстай білуі, салмақтылығы мен ақылдылығы әлдеқайда ілгері жігіт. Яғни оның өзімнен кішілігін сезінбеймін. Бастапқыда жасынан сескенген кезім болды. Артынша менен әлдеқайда ақылды екенін бірден түсіндім. Өзінің серік әрі қорғаушы бола білетінін дәлелдеді. Жылдар бойы осылай болып келе жатыр. Мен ешуақытта қартайғым келмейді. Өмірге сән беретін адамның өзі емес пе?…

Толығырақ

Сиви «тойынғаннан ысырап той жасады» дегендерге өлеңмен жауап берді

Сиви «тойынғаннан ысырап той жасады» дегендерге өлеңмен жауап берді

Өткен аптада Сиви Махмұдидің әкесі Махмұд Нәлібаевтің 60 жас тойы бүкіл елді елең еткізді. Себебі әйгілі меценаттың тойы Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Оған қоса, салтанатты жиында еліміздің ең танымал жұлдыздарымен қатар, шетелдік әртістер әннен шашу шашты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне құны 120 миллион теңгеге дейін баратын Rolls-Royce автокөлігін сыйласа, жақындары Махмұд Нәлібаевқа су жаңа «Волга» темір тұлпарын тартулады. Бұл ретте ел Сивидің отбасын «тойынғаннан не істерін білмей, ысырап той жасады» деп сынап үлгерді. Әнші әрі актриса Сиви елдің сынына өлеңмен жауап берді. «Әкеміздің 60 жас…

Толығырақ

Қытайда рельссіз жүретін трамвай жасалды (видео)

Қытайда рельссіз жүретін трамвай жасалды (видео)

Жуырда Қытайдың CRRC тасымалдаушы компаниясы автобус, трамвай және өздігінен басқарылатын автокөліктің артықшылықтары топтастырылған қоғамдық көлік ойлап тапты, деп хабарлайды xinhuanet.com. Аталған тасымалдаушы көлік автобус тәрізді рельсті қажет етпейді, трамвай секілді қосымша вагондарды тіркей алады, ал өздігінен басқарылатын автокөлік тәрізді оған жүргізушінің қажеті жоқ. Көлік қала ішінде арнайы жасалған бағыт бойынша жүреді. Оған 300-ден артық жолаушы сияды. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 70 км. Бұл шешім метро немесе трамвай жолдарын төсегеннен әлдеқайда арзанға түседі. Орта және шағын қытай қалалары үшін теңдессіз әдіс болуы мүмкін деп есептейді CRRC компаниясының бас инженері. Мұндай көлікке…

Толығырақ

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Қызылорда облысының әкімімен және тұрғындарымен кездесті

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Қызылорда облысының әкімімен және тұрғындарымен кездесті

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 5 маусымда Қызылорда қаласында ол Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында мынадай цифрлар мәлім етілді: 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өсті. 2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады. Ресми деректерге сәйкес, Қызылорда облысы халқының саны 765 000 адамды құрайды. Олардың 45,17…

Толығырақ

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Дұға қабыл болатын мезгілдер, мекендер мен жағдайлар қандай? Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттарды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек. Бұл уақыттарда жасалған дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі де жоғары. Әрбір мұсылман бұл уақыттарға ерекше көңіл бөлуі қажет, деп жазады Асыл арна. 1. ПАРЫЗ НАМАЗДАН КЕЙІН «Бірде адамдардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі! Қай дұға тез қабыл болады?» – деп сұрағанда, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі…

Толығырақ

Содырлар өздері қазған орға өздері түсіп, мерт болды (видео)

Содырлар өздері қазған орға өздері түсіп, мерт болды (видео)

Сауд арабиясында террористік әрекетімен көзге түсіп, іздеуде жүрген содыр өздеріне тиесілі жарылғыш заттың жарылуынан өлді деп жазады Muslim.kz. Бұл жағдай Саудия шығысында орын тепкен әл-Катиф қаласында болды. Хабарға қарағанда, содырлар бомба мен оқ-дәріні қала маңындағы әл-Абамия елді-мекеніне әкеле жатқан кезде жарылған. Куәгерлер таспаға жазып алыпты: олар жарылыстан соң өзге көлікте отырған тәртіп сақшыларымен атысады. Содырлардың кейбіреуі қашып, ізін суытып үлгерген. Оларға іздеу жарияланды. Бұл оқиға жайында Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/sodyirlar-ozder-kazgan-orga-ozder-tusp-mert-boldyi-video-97685/

Толығырақ

Ауызашарға кімдерді шақырған дұрыс

Ауызашарға кімдерді шақырған дұрыс

Ораза уақыты басталғаннан аңқылдаған ақкөңіл қазақ ауызашар беруге асығады. Рамазанның отыз күніне жіпке тізілгендей болып көршілерімен кезекке тұрады. “Біздің үйде Рамазанның мына күні ауызашар болады. Соған келіңіздер!” деп алдын-ала ағайын-туыс, көрші-қолаңды шақырып қояды. Жиған қаражатына азық-түлік алып, малы болмаса базардан мал алып, арнайы ауызашарға деп сол малын сояды. Ауыз бекіткен жандар қалағанынша қалағанын ішіп-жесін деп бар тағамын, жеміс-жидегін, сусынын, қолдан жасаған бәліштерін, тоқаштарын молынан дастарханқа қояды. Ораза ұстаған жан ауызын ашсын деп “құрма” деген жемісті ерекше ыдысқа салып қоятыны тағы бар. Ауызды құрмамен ашу жайында Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:…

Толығырақ

Суға батқан 170 келілік аюды құтқарған биолог көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Суға батқан 170 келілік аюды құтқарған биолог көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Әлем халықтарының ішінде алып жануарларды үйде асыраушылардың қатарына Ресей жұртын жатқыза аламыз. Ал жануарға деген мейірім тек оларға ғана тән деген емес екен. АҚШ тұрғындары да алып жануарларға деген махаббаттарын көрсетеді. Таңғажайып оқиға Флорида штатында орын алды. Жақын маңдағы орманнан қара аю шаруашылықпен айналысатын тұрғындардың жеріне өтіп кеткен. Алып жагуар кезекті тіршілік иесін жемтік еткен кезде, үй иесі полиция шақырған. Полиция қызметкерлері еш ойланбастан аюға оқ ата бастаған. Адамдардың іс-әрекетінен үріккен аю теңізге қарай бет алған. Оқ ішінде ұйқы шақыратын дәрі болған. Дәрі әсер етіп, аюдың алдыңғы аяқтары істен шыққан….

Толығырақ