Парламент бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді мақұлдады

Парламент бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді мақұлдады

Парламент әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. 2017-2018 жылдары зейнетақы 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі. Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676…

Толығырақ

Адамды мерт қылуға қауқары бар ең қауіпті 25 жәндік (фото)

Адамды мерт қылуға қауқары бар ең қауіпті 25 жәндік (фото)

Жер бетінде миллиондаған жәндік бар. Олардың ішінде бірталайы адамға зиянсыз, алайда улы жәндіктер де кездеседі. Кейбірінің уы адамды ажал құштыруға дейін қауқарлы. Термиттер Термиттердің адамға тікелей зияны жоқ. Олар қоршаған ортада маңызды рөл атқарады. Термиттерді азық өнімдеріне қосатындар бар. Бит Биттер – қанатсыз паразиттер. Олар адамның терісімен, қанымен, адам ағзасындағы өзге де сұйықтықтармен қоректенеді. Биттерді көбіне адамдардың өздері жұқтырады. Табиғатта биттердің 15 түрі кездеседі. Биттер адамға айтарлықтай зиян келтірмейді, алайда ауру таратуы мүмкін. Таскене Жыл сайын кенелер Лайма дертін қоздырып жатыр. Бұл дерт кененің шағуынан басталады. Адамның жүрегі айнып, басы…

Толығырақ

ЖАС МАТЕМАТИКТЕРІМІЗ МӘСКЕУДЕН ОРАЛДЫ

ЖАС МАТЕМАТИКТЕРІМІЗ МӘСКЕУДЕН ОРАЛДЫ

Мәскеуде ментальді арифметикадан өткен II халықаралық олимпиадада Сырдың жас математиктері жақсы өнер көрсетті. Жақын және алыс шетелдерден 300-ден асқан оқушы қатысқан олимпиада үш номинация бойынша өтті. Онда Қызылордадағы интелектуалдық даму орталығының 7 мен 12 жас аралығындағы 5 тәрбиеленушісі үздік шықты, деп жазады kzvesti.kz. Шакира Қанатбек, Жанель Рүстембек, Данилла Қанатбек және Мәдина Мэлсовалар 3 номинация бойынша барлығы 7 алтын медальға қол жеткізді — Біздің орталық оқушылары озық шығып, барлығын таңғалдырды. Бір айдан кейін Түркияда өтетін тағы бір халықаралық олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмыз,– дейді орталдық директоры Гүлнұр Салхаддинова.

Толығырақ

Гималайда жүрген қар барысы тіп-тік құз басынан құлап кетті (видео)

Гималайда жүрген қар барысы тіп-тік құз басынан құлап кетті (видео)

Британиялық фотограф Майк Биркхед Гималайдың бөктерінде қыдырып жүрген сирек кездесетін қар барысын видеоға түсіріп алған. Алайда жыртқыш аң үлкен биіктіктен төмен қарай құлап кеткен. “Қар барысы ойламаған жерден құлап кетті. Мұндай нәрсені ешкім ешқашан көрмеген шығар. Біз оған 20 минуттай қарадық, ал сосын ол үңгірге барып жасырынды”, – дейді Биркхед. Видеода барыстың тіп-тік құз басында жүргені, кенет аяғын шалыс басып төмен қарай құлдилай құлағаны көрінеді. Камера жыртқыштың жерге қалай түскенін де түсірген. Бірақ, ол еш шойнаңдамастан кәдімгідей жүріп кете барыпты. Кейін ол өзін түсіріп тұрған адамдарды да көріп ұзақ қарап…

Толығырақ

Қайрат Нұртасқа “хит” әндер жазып берген Ғазизхан “Мен еркекпін” атты бейнебаян түсірді (видео)

Қайрат Нұртасқа “хит” әндер жазып берген Ғазизхан “Мен еркекпін” атты бейнебаян түсірді (видео)

Соңғы кездері Ғазизхан Шекербеков композиторлығын бір шетке ысырып, жеке шығармашылығына жіті көңіл бөліп жүр. Себебі ол Қайрат Нұртас сияқты танымал әнші болуды армандайды, тек сазгер емес, әнші ретінде танылуды көздейді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Жеке әндер жаздыруға білек сыбана кіріскен Ғазизхан осыдан екі ай бұрын ғана тыңдармандарына “Көріктім” атты бейнебаянын ұсынған еді. Енді, міне, “феномен” әнші Қайрат Нұртасқа “хит” әндер жазып берген ол “Мен еркекпін” атты әнге бейнебаян таспалап, тыңдармандарын қуантты.

Толығырақ

Мал басы еселенуде

Мал басы еселенуде

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барлық жағдай жасалып келеді. Соның ішінде мал басын асылдандыру ісі мен ет және сүт өнімін өркендету бағытында мемлекет қаржыны аяған емес. Есесіне, бүгінгі таңда бұл бағытқа жұмсалған қаржылардың нәтижесі, еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының өрісін кеңейтуде. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласы өркен жайды. Осының бір дәлелі, Елбасы айрықша басымдық берген «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары, тірлігін малмен сабақтастырған жұртшылықтың ертеңге деген сенімін маздатты. Қазіргі күні елімізде шаруалар бағдарламалар игілігін көптеп сезінуде. Ежелден төрт түлігін өріске өргізіп, әлеуетін арттырған халықтың малсыз күнін елестете алмасымыз анық. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары…

Толығырақ

Апталық жұлдызнама (9 — 16 маусым)

Апталық жұлдызнама (9 — 16 маусым)

ТОҚТЫ Осы аптада сізге өмірдің қатал сабағын меңгеруге тура келеді. Айналаңыздағылармен сыпайы сөйлесе біліңіз. Осы аптада сіздің барлық жұмыстарыңыз жалынды ұранмен жүзеге аспақ. Сол үшін жұлдыздар көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуын қалайды. ТОРПАҚ Бұл апта сіз үшін жаңа жоспарлар мен іс-қағаздарға толы болмақ. Сондықтан асықпаңыз, қарбалас жұмыстың бәрін бір күнде аяқтау мүмкін емес. Уақытыңыз бен жұмысыңызды дер кезінде үлгеріп отырсаңыз, жеке өміріңізде де өзгерістер болмақ. Онымен қоса, жұмысыңыздың жемісін көресіз. ЕГІЗДЕР Бұл апта сізді туысқандарыңызбен, әріптестеріңізбен және сүйгеніңізбен үлкен қуанышқа бөлемек. Жұмысыңыздағы барлық ойластырылған іс-шаралар жүзеге асады және сіз үшін барлық жағдайда…

Толығырақ

Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)

Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)

Отандық эстрадада музыкалық білімі болмаса да, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген әншілер жетерлік. Олардың көпшілігі негізгі мамандықтарын ата-ананың қалауымен немесе мәжбүрліктен таңдаған. Бірақ іштегі талант сыртқа шықпай қойсын ба? “Бұйырған кетпейді” демекші, музыкалық білімі болмаса да, бұл әншілер көптің қошеметіне ие болып жүр. Stan.kz назарларыңызға музыкалық білімі жоқ әншілер тізімін ұсынады. Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Ернар Айдардың негізгі мамандығы – заңгер. Ол қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және бизнес» факультетін бітірген. Ернар әншілікті мамандық деп санамайды. Оның айтуынша, әншілік – ол Құдайдан берілетін сый. Бүгінде отандық кинофильмдер мен телехикаялардан түспейтін актер Тәуекел…

Толығырақ

EXPO-2017 көрмесі ертең ашылады(видео)

EXPO-2017 көрмесі ертең ашылады(видео)

Көптен күткен «ЕXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі ертең, 2017 жылы 9 маусымда өтеді. Салтанатты шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінен кейін басталады. Ашылу рәсіміне 17 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері, министрлер қатысады деп жоспарланып отыр. Baq.kz тілшісінің хабарлауынша, шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. «Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы – «Нұр Әлемдегі» Қазақстан павильонына келуінен басталады. Президенттер көрмені аралап, Қазақстан экспозицияларын тамашалайды. Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысады. ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасын табады. Іс-шара…

Толығырақ