Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Нур Люкман есімді мұсылман ер адам ерлік жасап, христиандарды өз үйіне жасырды. Марави қаласына шабуыл кезінде христиан жұмысшылар үйде жөндеу жұмыстарын жасап жатады. «Шабуыл басталғанда христиандардың жартысы қашып үлгермеді. Сондықтан мен оларды үйіме жасырдым», – дейді мұсылман жігіті. ДАИШ жауынгерлері келгенде ол ешкімнің жоқ екенін айтып сендірген. Егер олар христиандардың жасырынғанын білгенде бәрін өлтірер еді. Билік өіклдерінің айтуынша, шабуыл салдарынан халық ішінен 30 адам, 38 әскери адам құрбан болды. 120 жауынгер мен 1200 азамат құтқарылды.

Толығырақ

Қадір түні қашан келеді және оны қалай өткізу керек

Қадір түні қашан келеді және оны қалай өткізу керек

Қадір түні – Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түн болып есептеледі. Оның нақты уақытын айту қиын. Десе де Рамазан айының соңғы он күнінің бірі Қадір түні болады. Бұл жылы ол 21-інен 22-іне қараған түнге сәйкес келмек. Араб тілінде бұл түнді Ләйләтул Қадр деп атайды. Мұсылман сенімі бойынша дәл осы қадір түнінде аспаннан Жебірейіл періште түсіп Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құран кітапты берген. Бұл түні Алланың мейірімі әдеттегіден артып, адамдар қасиетті түнді мейлінше дұға етіп өткізуге тырысады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір…

Толығырақ

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы өседі

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы өседі

ҚР Парламенті Сенатында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz. Қазақстан Республикасы Парламенті Cенатының пленарлық отырысында, депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын қабылдады. Аталған заң жобасында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру қарастырылған. 2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері біртіндеп көтерілетін болады. Ынтымақты зейнетақы жыл басынан…

Толығырақ

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Шымкентте жол  полициясы қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырып,  көлігін тас жолдың жиегіне қойып кеткен  жүргізушілерді жауапқа тартпақшы болды. Жоспарлары жүзеге аспай қалды ма әлде келісімге келді ме тәртіп сақшылары заңды бұзған жүргізушіні көргенде, оның көлігіне тиіскендеріне өкініп қалды,-деп жазды Stan.kz. Жол ережесіне бағынбаған жүргізуші  қаладағы дөкей немесе тәртіп сақшыларының әріптесі  немесе бастығы болып шыққан сияқты.Себебі, эвакуаторға артылған көліктің иесі келіп, тәртіп сақшыларымен аз уақыт сөйлесіп еді, барлығы өзгере кетті. Жол патрульдік полициясының қызметкерлері жолдың шетінде тұрған көлікке тиіскендеріне өкініп қалған сыңайлы. Олқылықтың орнын жабу үшін көлікті орнына дереу қоюға барлығы жабыла…

Толығырақ

Матч кезінде сыра ішкен футболшы соңғы минутта гол салды (видео)

Матч кезінде сыра ішкен футболшы соңғы минутта гол салды (видео)

Болгариялық “Верея” клубының қорғаушысы Иван Бандаловский матч кезінде сыра ішті. Оның командасы ел чемпионаты аясында “Левскиге” қарсы ойнаған. 29-минутта жанкүйерлердің бірі алаңға сыра банкасын лақтырған. Ал Иван болса оны бірден көтеріп алып, бір ұрттап қайта лақтырады. Бұл кезде матчтағы есеп 0:1 есебімен “Левскидің” пайдасына шешіліп жатқан болатын. Ойынның 93-минутында Иван есепті теңестіріп кетті. Ал пенальти сериясында “Верея” 9:8 есебімен жеңіске жетті. Матч кезінде сыра ішкен футболшы соңғы минутта гол салды (видео)

Толығырақ

Ғалымдар жұмыртқаның тағы бір пайдасын тапты

Ғалымдар жұмыртқаның тағы бір пайдасын тапты

Америка ғалымдары жұмыртқаның тағы бір пайдасын тапты. Мамандардың айтуынша, жұмыртқа нәрестенің бойын өсіруге көмектесіп, олардың даму кідірісін азайтады. Жұмыртқаны жегенде орта есеппен ағза 1,47 есеге жақсарады. Ғалымдар зерттеу жасай отырып осындай тұжырымға келді. Зерттеуге жасы 6 айдан 9 айға дейінгі эквадорлық балалар қатысты. Балалар алты ай бойы күніне 1 жұмыртқадан жеген. Балаларға осы уақытаралығында тәтті тағамдар аз берілді. Мамандар олардың тәттіні көп жеп, жұмыртқаны аз жейтін балалармен салыстырып көрді. Ғалымдар жұмыртқаны қолжетімді бағадағы әрі баланың ағзасын дамытуға әсер ететін ең пайдалы тағам екенін айтады.

Толығырақ

Құлаққап киген қыз пойыздың астына түссе де аман қалды (видео)

Құлаққап киген қыз пойыздың астына түссе де аман қалды (видео)

19 жастағы Натекар Пратикша есімді қыз ұялы телефоны арқылы құрбысымен хат жазысып және музыка тыңдаған күйі теміржолды кесіп өтпекші болған.   Ол жақын жерде пойыз келе жатқанын мүлде аңғармаған. Ал перондағы жолаушылар қыз үшін алаңдап қорқып кетеді. Десе де қыз соңғы сәтте барып пойызды көріп қалған. Оқиға Үндістандағы Мумбай қаласының Курла теміржол бекетінде болыпты. Бақытқа орай, машинист дер уақытында тежегішті басып, қыз тек жеңіл жарақат алған. Өміріне қауіп төніп тұрмағандықтан дәрігерлер оны қазір үйге шығарған. Құлаққап киген қыз пойыздың астына түссе де аман қалды (видео)

Толығырақ

Қайрат Келімбетов күтпеген жерден жаңа қызметке тағайындалды

Қайрат Келімбетов күтпеген жерден жаңа қызметке тағайындалды

БЖЗҚ директорлар кеңесінде күтпеген жерден өзгеріс орын алды. Оның құрамына Қайрат Келімбетов енді деп хабарлайды  abctv.kz арнасына сілтеме жасап NUR.KZ. БЗЖҚ сайтында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің жаңа құрылымы пайда болды, бұл өзгеріс жайлы алдын ала ешқандай мәлімет болмаған. Директорлар кеңесіндегі жаңашылдыққе не түрткі болғаны да белгісіз.  БЖЗҚ директорлар кеңесіне мүшелікке «Астана» халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетовтің енгенін қор сайтында жария болған жаңа тізімнен байқауға болады. Бұдан бұрын да Қайрат Келімбетов Ұлттық банк басшылығында болғанда БЖЗҚ активтерін басқару кеңесіне кірген.  Источник: Nur.kz

Толығырақ

Бел ауруын болдырмау үшін…

Бел ауруын болдырмау үшін…

Бел ауруы еңбек етуге жарамды адамдардың барлығынан дерлік жиі ұшырасатын шағым. Ауру ағзамыздағы өзге де процестердің әсерінен туындауы мүмкін. Сондықтан емнің алдын алу үшін дерттің неден бастау алғанын анықтап алғаныңыз жөн.   Бел ауруының себептері: Бүйрек ауруы Бүйрек несеп жолымен байланысты болғандықтан кіші дәреті қызғылт, лайлы немесе қанды болуы әбден мүмкін. Бүйрекке су жиналу, бүйрек туберкулезі, бүйрек шумағының созылмалы қабынуы сияқты бүйрек ауруы бар науқастардың белі жиі ауырады.   Бел бұлшық етінің зақымдалуы Адам көп уақытын еңкейіп немесе бүкірейіп өткізеді екен. Және ұзақ уақыт үстелде отырып жұмыс істегеннің әсернен белдің…

Толығырақ

Ұзақ өмір сүрудің жапонша 11 тәсілі

Ұзақ өмір сүрудің жапонша 11 тәсілі

Ұзақ өмір сүру неге байланысты? Салауатты өмір салтына қатысты деп айтуыңыз бек мүмкін. Иә, оның да қатысы бар. Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының мамандары төрткүл дүниедегі ең ұзақ жасайтындар жапондар екенін ғылыми тұрғыда нақты дәлелдеп отыр. Неге? Шындығында күншығыс елінің тұрғындары қазіргі таңда ұзақ жасаушы мемлекет тұрғындары тізімінің көшбасында тұр, деп жазады Айқын газеті. Мұның себебі неде? Бұл өзі тұқымқуалаушылық па?  Ұзақ жасау жапондықтар үшін қалыпты өмір сүру нормасына айналып барады. Қазіргі таңда жапондықтардың орташа өмір сүру көрсеткіші  84 жасты құрап отыр. Басқа елдермен салыстырып көрейік: АҚШ-та орташа жас -79,3,…

Толығырақ