​32 адам тұрған көпір өзенге құлап кетті (видео)

​32 адам тұрған көпір өзенге құлап кетті (видео)

Эквадордағы Манаби провинциясында көпір құлап кетіп, төтенше жағдай орын алды. Оқиға нәтижесінде 32 адам өзенге құлап, оның 10-ы зардап шеккен. Оқыс оқиға жалпы халықтық мереке кезінде болыпты. Зардап шегушілер көпір үстінде тұрып, өзенде өтіп жатқан жарысты тамашалапты. Қазіргі кезде 20-дан астам ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.

Толығырақ

Шайтандар мекендеген жердің қаупі

Шайтандар мекендеген жердің қаупі

«Талай тылсымның кілтін таптық» дейміз-ау. Біз білмейтін әлі де талай құпия бар. Оның сырын біле алмай келеміз. Әлі түйсігіміз жетпейді. Жұмбақ жаратылыс. Бұл құпияның сырын аша аламыз ба? Қайдам-ау. Оны білу үшін әлі қаншама дәуір қажет шығар. Сол кезде барып білерміз. Әзірге жұмбақ күйінде қала береді. Сондай сырдың бірі – адам үшін қауіпті жерлер. Қалғанын қоя тұралық. Соның біріне ғана үңіліп қарап көрелікші. Жол апаты жиі болатын жерлер бар. Мұндай жерлер Қазақстанның кез-келген жерінде кездесуі әбден мүмкін. Ол аумақта неге жол апаты жиі болады? Одан қалай құтылуға болады? Оның жауабын…

Толығырақ

92 жастағы педофил 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түспекші болды (видео)

92 жастағы педофил 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түспекші болды (видео)

Британияда тұрғындар 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлаған 92 жастағы ер адамды ұстап алды. Ол әскери әуе күштерінің ардагері екен. 92 жастағы Ивор Гиффорд есімді кісі жалған аккаунт арқылы 12 жастағы Джоди және 11 жастағы Джесси есімді қыздарға ашық мазмұндағы хат жібереді. Тергеушілердің сөзінше, Ивор заманауи стилді, интернет-технологияны жақсы меңгерген екен. Ол осы қабілетін қыздарды азғындауға жұмсаған. Ардагер “Джессиге” сексуалды түрде киініп келуді айтыпты. Ал шын мәнінде қыздың аккаунтын әлеуметтік желіде педофилдерді бақылайтын топ ашқан болатын. Сот оны 18 айға түрмеге отырғызуға шешім қабылдады. Педофил бірнеше жыл бойы әлеуметтік…

Толығырақ

Қызылордада жолақы қымбаттауы мүмкін

Қызылордада жолақы қымбаттауы мүмкін

Қызылордада жолақы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры Әнуарбек Нақып, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Құлмағанбет және облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Марат Мамырбаев қатысып, күн тәртібіне ұсынылған мәселенің мән-жайын баяндады. Бүгінгі таңда қалаішілік 25 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде, оның 160ы-ы — үлкен сыйымдылықтағы, 310-ы — орта сыйымдылықтағы  қоғамдық көлік. Қала әкімінің орынбасары А.Шәменовтің…

Толығырақ

Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды

Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты бұлтартпау шарасы туралы қаулы қабылдады деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Кәсіпкерге келтірілген күдік бойынша, ол 2005 жылы белгісіз тұлғалармен сыбайласып, бас пайдасы үшін, «Семрюжком» және «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС-терінің тең басшысына қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалап, кәсіпкерліктердің жарғылық қорының бір бөлігін иемденіп алған. Тоқмәди өз іс-әрекетімен 185 миллион 137 мың 246 теңге көлемінде ірі материалдық шығын келтірді. Бизнесмен 12 маусым күні сағат 7.50-де Қылмыстық кодекстің 194 бабы 3-бөлігі 2-пунктінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Сот қаулысымен…

Толығырақ

Тағы да кинодағы махаббат: Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың кездесіп жүргені рас па?

Тағы да кинодағы махаббат: Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың кездесіп жүргені рас па?

Кино әлемі талай ғашық жандардың басын қосқан. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Қыз Жібек пен Төлегеннің рөлім сомдаған атақты актерлер Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков, бертініректе режиссер Ернар Нұрғалиев пен актриса Әсел Қалиева, ел аузынан түспей жүрген Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет және т.б. Енді бұл тізімге бірнеше фильмді бірге түсірген режиссер Асқар Ұзабаев пен актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова қосылуы мүмкін. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасы қос өнер иесінен ел аузында жүрген әңгіменің нүктесін қоюды сұрады, деп жазады Stan.kz. Сонымен, Ұзабаев пен Сәдуақасованы не байланыстырады? Бұған режиссер: “Мен білмеймін. Бұл…

Толығырақ

Астанада «Орыс өнерінің жауһарлары» атты көрме өтті

Астанада «Орыс өнерінің жауһарлары» атты көрме өтті

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «АҚШ-тың жеке топтамаларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» атты сирек өткізілетін көрме өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Оның құрамында 35 туынды, соның ішінде – дүниежүзіне танымал суретші-марионист И. К. Айвазовскийдің, XIX ғасырдың біртуар кескіншілері К. Е. Маковскийдің, А. А. Харламовтың, В. Шухаевтің, авангардшы-суретшілер Д. Бурлюктың, М. Ларионовтың, Н. Гончарова және А. Экстердің, орыс имрессионизмінің жарқын өкілі К. Коровиннің туындылары ұсынылады, сондай-ақ, Ф. Малявиннің, К. Вещаловтың, О. Сахаровтың, В. Переплетчиковтың, С. Колесниковтың белгісіз болған суреттері қойылған. XIX-ХХ ғасырлардың өнер тарихында үлкен рөл ойнаған танымал орыс кескіндемешілерінің көрмесі…

Толығырақ

Қытайлар жемістер мен көкөністерді қалай ұзақ уақыт сақтайтыны белгілі болды

Қытайлар жемістер мен көкөністерді қалай ұзақ уақыт сақтайтыны белгілі болды

Қытай халқының табиғи өнімдерді, яғни көеністер мен жемістерді қалай сақтап, сататындығын әшкерелейтін жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Видеода көрініп тұрғандай, олар кез келген жемісті немесе көкеністі арнайы сұйықтыққа, химиялық бояуларға салып жатыр. Базарға барған кезде жылтырап тұрған қытай алмалары көз тартатыны белгілі. Алайда, олардың да өзіндік жасалу әдістері бар. Дәл сол алмаларды қытай елінде арнайы бір сұйықтықпен сүртіп, тіпті, кейбіреулеріне шошқаның майын да жағып сатады екен. Сол себепті де Қытайдан жеткізілетін өнімдердің көпшілігі ұзақ уақыт бойы шірімей тұрады. http://www.qamshy.kz/Home/show/20413

Толығырақ

Жезқазған маңына құлаған ракета бөлшегі қазақстандықтарды шошытты

Жезқазған маңына құлаған ракета бөлшегі қазақстандықтарды шошытты

Кеше WhatsApp желісі арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына ракета құлағаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш хабарламаға қатысты Қазақстанның ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ. Иманқұловтың сөздерінше, ракета бөлшегінің құлағаны туралы факт расталған. Бірақ, аталған ракета бөлігі зиянды гептил отынына жатпайтын көрінеді. «Ракета құлаған аймақта өрт болғандығы туралы хабар берілді. Жалынды ауыздықтау шаралары түнімен жүргізілген», — дейді Иманқұлов. Дереккөз: NUR.KZ

Толығырақ

Лондонда 24-қабатты тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті

Лондонда 24-қабатты тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті

Лондонда 24-қабатты тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті. Зардап шеккендер саны 50-ге жетті, деп хабарлайды Baq.kz. Соңғы деректерге сәйкес, көп қабатты үйдегі өрттен 50-ге жуық адам зардап шеккен. Олардың барлығы Лондондағы бес ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендермен қатар өрттің салдарынан қайтыс болғандар да бар екен. Бірақ өрт сөндіру қызметінің жетекшісі Дэни Коттон қаза тапқандардың неше адам екені туралы нақты ақпарат бермеген. Өрттің қайдан шыққаны әлі белгісіз. Жергілікті БАҚ көпқабатты үйдің төртінші қабатында тоңазытқыш жарылған болуы мүмкін деген болжам айтуда. Айта кетейік, отқа оранған Grenfell Tower ғимараты 1974 жылы салынған. 24 қабатты…

Толығырақ