Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Тараздық келіншек өзінің “геофагия” атты тәуелділігі туралы айтып берді. Ол 20 жасынан бастап, 2014 жылға дейін күніне бір килограмм топырақ сатып алып жеген екен. Қазір іштегі нәрестесіне зиян болғандықтан, мөлшерін азайтқан. Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды. Африкалықтардың 80%-ы құрамында топырағы бар тағамдар жеп өмір сүріп келеді. Ал Индонезияда кірпіш пен топырақты асқа пайдаланатын ауыл тұрғындары бар. Қазіргі медицина топырақтың адамның ішек құрылысына пайдасы барын айтады. Асқазанға түскен топырақ түрлі паразиттерден қорғайды екен. Өйткені, топырақтың құрамында адам ағзасына пайдалы заттар бар.  Бірақ, бұл кез келген топырақты жей беруге болады деген…

Толығырақ

Мал басы еселенуде

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барлық жағдай жасалып келеді. Соның ішінде мал басын асылдандыру ісі мен ет және сүт өнімін өркендету бағытында мемлекет қаржыны аяған емес. Есесіне, бүгінгі таңда бұл бағытқа жұмсалған қаржылардың нәтижесі, еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының өрісін кеңейтуде. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласы өркен жайды. Осының бір дәлелі, Елбасы айрықша басымдық берген «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары, тірлігін малмен сабақтастырған жұртшылықтың ертеңге деген сенімін маздатты. Қазіргі күні елімізде шаруалар бағдарламалар игілігін көптеп сезінуде. Ежелден төрт түлігін өріске өргізіп, әлеуетін арттырған халықтың малсыз күнін елестете алмасымыз анық. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары…

Толығырақ

Әлем мәдени жетістіктерімізбен де таниды

Әлем мәдени жетістіктерімізбен де таниды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт болу үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруды баса айтқан болатын. Себебі, әлем Қазақстанды саясаттағы ірі бастамаларымен ғана емес, мәдени жетістіктерімен де тануы тиіс. Жобада мәнді мәселелер молынан қамтылған. Атап айтсақ, ең алдымен отандық мәдениет Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілі-ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Сондай-ақ, бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениетіміз болуы тиіс және мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың…

Толығырақ

Төреғали Төреәлі дәрігерлерге денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты (фото)

Төреғали Төреәлі дәрігерлерге денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты (фото)

Отандық әнші Төреғали Төреәлі шымкенттік дәрігерлерге өзі жиі науқастанып қала беретінін айтып, олардан бата сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. Оңтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Төл мерекеде өнер көрсеткен әнші Төреғали Төреәлі жұртшылық алдында бас иіп сәлемдескен соң, ақ халатты абзал жандарға ағынан жарылды. «Қасиетті Рамазан айымен орай келген төл мерекелеріңіз құтты болсын! Біздің де осылай шапқылап-шауып жүргеніміз әуелі Алланың, одан кейін өздеріңіздің арқаларыңызда. Оны жақсы білесіздер. Мен жалпы көп ауырамын. «Жұлдыз» ауырымен емес енді. Бірдеңе болса, ауырып қала беремін», — деп залдағыларды күлкіге…

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірыңғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті.   — Бірыңғай төлем құжатының басты мақсаты – тұтынушылардың көрсетілген қызметтер бойынша төлем жүргізуін жеңілдету, яғни қызмет көрсетуші мекемелерді араламай, барлық кызметтерге бір жерден төлем төлеу, тиімсіз төлемдерді қысқарту болып табылады. Аталған тәжірибе Астана, Алматы қалаларында кеңінен қолданылуда,- деп атап өтті аймақ басшысы кеңесті аша отырып.   Шілде айында қаланың «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек аудандарында бірыңғай төлем құжаты пилоттық жобасы іске асырыла бастайды. Ал, ағымдағы жылдың күзінде қала түгелдей бұл жүйеге қосылатын болады. Бұл…

Толығырақ

Қазақстанда әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады

Қазақстанда әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады

Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар, барлық дәрігерлер үшін бірыңғай ақпарат алмасу қызметі және әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы «Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды дамыту» тақырыбында өткен баспасөз-конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының м.а. Олжас Әбішев және «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясы бизнес-шешімдерді әзірлеу орталығының басшысы Жанар Мұрзаханова хабарлады. «Бірлескен жобалардың бірі ретінде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталы негізінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған бірыңғай электрондық почталық сервисі жобасын…

Толығырақ

Еліміздің дарынды оқушылары Мұстафа Шоқай өмірін зерттеу үшін Қызылордаға келді

Еліміздің дарынды оқушылары Мұстафа Шоқай өмірін зерттеу үшін Қызылордаға келді

Қызылорда облысының тарихы, мәдениеті, экономикалық және әлеуметтік дамуы барысымен танысып, әлем таныған тұлға — Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Сыр өңіріне «Туған елге тағзым» өлкетанулық зерттеу экспедициясымен Алматы мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  бір топ оқушысы келді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.          Экспедиция барысында жас жеткіншектер Алаштың зиялысы Мұстафа Шоқайдың туған өлкесіне барып, оның өмірімен жан-жақты таныса алады.         Сонымен бірге Алаш орда тарихын зерттеушілермен тілдесіп, өз зерттеу жұмыстарына қажетті ақпарат ала алады. Сондай-ақ оқушылар Қазақ хандығының алғашқы астанасы — Сығанақ қалашығына барып,…

Толығырақ

Тәтті ми жұмысына пайдалы ма, зиян ба?

Тәтті ми жұмысына пайдалы ма, зиян ба?

Тәттінің адам ағзасына зиян екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Ал жақында жүргізілген зерттеу тәтті қант диабеті, семіздік, жүрек аурулары, рак ауруларына ғана емес, мидың жұмысына да зиян келтіретінін көрсетті. Зерттеуге кәдімгі егеуқұйрықтар (крысы) қатысқан. Оларды екі топқа бөлген. Бірінші топқа тәттісі аз, күнделікті тамақтарды берген. Екінші топтың тамағында тәтті көбірек болған. 15 апта өткен соң оларды тексергенде қантты аз жеген егеуқұйрықтар тобының дені анағұрлым сау болған. Тәтті ағзаға енгенде ми мен жүрек тым белсенді жұмыс істеп, кортизолдың (күйзеліс гормоны) көбеюінен жүйке жасушалары өле бастайды – ол есте сақтау мен ойлау қабілетінің…

Толығырақ

Баян Мақсатқызы қазақша акцентпен орысша сөйлеп жұртты күлдірді (видео)

Баян Мақсатқызы қазақша акцентпен орысша сөйлеп жұртты күлдірді (видео)

Продюсер Баян Мақсатқызы желі қолданушыларына әдейілеп қазақша акцентпен орысша жауап берді. Видеоны продюсердің өзі желідегі парақшасынжа жариялаған. “Дұрыс сөйлеңдер, сонда мен де дұрыс сөйлейтін болам”, – дейді ол видеода. Бұл продюсердің өзіне ұнамсыз пікір жазатындарға айтқан жауабы. Желі қолданушылары оның сөзіне күліп жатыр. Кейбірі продюсердің  бояусыз түрі ұнамайтындарын айтып қалды. Тіпті, оның бояусыз түріне қарап танымай жатқандар бар. Енді бірі бояусыз әлдеқайда әдемі екенін айтты.

Толығырақ

Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр

Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр

Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр. Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 318,92 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейінгі 15 маусымның күндізгі сессиясында доллар құны 317,65 теңгеге тең еді. Осылайша, ұлттық валюта тағы 1,27 теңгеге әлсіреді. Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны — 318,91 теңге. Сауданың жалпы көлемі миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319-319,3 аралығында. 16 маусымда Астана уақытымен 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,97 доллар болды. Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/naryk/tenge-ushnsh-kun-kataryinan-alsrep-jatyir-281219/

Толығырақ