Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

Қазақстан Президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 2017-2018 жылдары зейнетақы 3 кезеңмен көбейетін болады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі.  Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру…

Толығырақ

Қызылорда өңірінде биыл үшінші рет балықшылар слеті өтеді

Қызылорда өңірінде биыл үшінші рет балықшылар слеті өтеді

Шілде айында Сыр өңірінде балықшылар слеті өтеді. Балық шаруашылығы мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сонымен қатар, биылғы жылы су арналарын тазалауға да үлкен мән беріліп отыр. Қазалы ауданындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаштағы «Алпамыс», Шиелідегі «Байсары» каналдарына осындай тазалық жұмыстары жүргізіледі. Аймақта жылына 8 мың тоннадан аса балық ауланады. Оның айтарлықтай көп бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Бұл саланың қарқынды дамып, өнімдердің экспорт…

Толығырақ

«ҚАМБАШ» ЖАҒАЛАУЫ ШАҚЫРАДЫ

«ҚАМБАШ» ЖАҒАЛАУЫ ШАҚЫРАДЫ

Арал ауданына жасалған БАҚ өкілдері пресс-туры Қамыстыбас демалыс аймағында мәресіне жетті. Ел ішінде «Қамбаш» аталып кеткен көлге келушілердің қатары жыл сайын артып келеді.  Тынығушыларға арналған шағын баспаналар да бой көтеріпті. Соның бірі – жеке кәсіпкер А.Әбенованың соңғы үлгіде салынған үйлері. Ол бір гектар жер теліміне 75 миллион теңге қаржы салып, кәсібін дөңгелентуде  Аталған демалыс аумағында заманауи үлгідегі волейбол, футбол, және теннис корды алаңдары бар. Шағын және орта бизнесті қолдау – бүгінгі күннің басты талабы. Арал ауданында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарды ұтымды пайдаланып, кәсібін дөңгелентіп отырған іскер жандар аз емес….

Толығырақ

Жаңашылдықты санада жаңғыртамыз

Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуына айқын бағыт берді. Соның ішінде, мемлекеттік қыз метшілердің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға барлық жағдай жасап, халық үшін қызмет етудің маңыздылығын ең бірінші кезекке қойды. Иә, жауапкершілік жүгін ұғынған әрбір мемлекеттік қызметші Ұлт Көшбасшысының жүйелі реформаларындағы негізгі қағидаттарды өзінің басты ұстанымы етіп келеді. Жалпы, мемлекеттік қызметші беделі-мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын адам болуымен дараланады. Үстіміздегі жылы Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана, табысқа жетуге мүмкіндік алады»,-деген болатын. Ендеше, Ұлт…

Толығырақ

САЛМАҚТЫ МӘСЕЛЕ САРАЛАНДЫ

САЛМАҚТЫ МӘСЕЛЕ САРАЛАНДЫ

Жақында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтың төрағалығымен дін мәселелері жөнінде ауқымы кең семинар өтті. Оған қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ауылдағы мешіт имамдары мен дербес бөлім басшылары және түрлі сала мамандары қатысты. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған дін жөніндегі семинардың маңыздылығына тоқталған облыс әкімінің орынбасары аталған семинарға арнайы келіп отырған қонақтардың арасында теолог мамандар бар екенін айтып, жиналғандарды өздерінің көкей тесті сауалдарын қойып, өзара пікір алмасуға шақырды. Семинарда алғаш болып облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев хабарлама жасап, біз өмір сүріп жатқан зайырлы қоғамда дәстүрлі дініміздің алар орны мен маңыздылығына…

Толығырақ

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларды біріктіріп, көпбейінді емдеу мекемелеріне айналдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақпарат. Министр Елжан Біртанов осылайша мемлекет қаражатын үнемдеуге болатынын айтты. “Қазақстанда емxаналармен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттерден 40 процентке артық. Өйткені бізде көппрофильді ұйымдар көп. Ауруxаналарда 130-ға жуық жатын орын бар. Бұл Дүниежүзі банк ұсынған жоспардан төрт есе жоғары. Ал әлемдік тәжірибе бойынша жетекші стационарлар көпбейінді болып келеді. Бұл дегеніміз ол жақта медициналық қызметтердің саны көп. Сондықтан науқасты жүйелі түрде емдеуге мүмкіндік мол”, – деді Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Осыған байланысты елімізде аудандық және қалалық ауруханалардың құрылымын өзгерту…

Толығырақ

Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)

Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)

Ақша, қымбат көлік, байлық… Қазіргі көп қыздардың қалауы осы. Қоғамда жігіттің жігіттігіне емес, қалтасына, жағдайына қарайтын қыздар көбейді. Бұл жайт әлеуметтік жағдайы төмен немесе орташа отбасынан шыққан, алайда намысты жігіттердің шамына тиеді. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Асан Пердешовтің жаңа бейнебаяны осы тақырыпқа арналды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әнші жаңа клипті “Сені ұмытамын” әніне таспалаған. Асан жаңа туындысын байлыққа мастанған қыздарға арнады. Бейнебаян желісі бойынша Асан сүйіктісімен бірге жолға шығады. Көлігі бұзылып, жарты жолда тоқтап қалады. Сол сәтте қалталы азамат келіп, Асанға қол ұшын созбақ болады. Асан көлігін жөндеп жатқанда,…

Толығырақ

Үйде жынның бар екенін қалай білеміз? (ВИДЕО)

Үйде жынның бар екенін қалай білеміз? (ВИДЕО)

Белгілі уағызшы, имам-ұстаздың жындар туралы айтқан әңгімесін Қамшы ақпараттық агенттігі Ihsan.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады. Үйдің ішінде жынның бар екенін қалай білуге болады? Және де қандай жерлерде және қандай заттарда жын болады? Бұл сұрақтарға жауапты төмендегі видеодан ала аласыз. «Қамшы» сілтейді http://www.qamshy.kz/Home/show/20625

Толығырақ

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Салтанат Бақаева желіде қызықты видеосымен бөлісті. Онда күйеуі Салтанатты арқасына салып арқалап барады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Желідегілер Бақаеваға қызыға қарады. Көпшілік Салтанаттың күйеуі Нұржанның әрекетіне сүйсінді. Ал кейбіреулер мұндай нәрселерді елге көрсеткен ұят деп сынады. “Алтын жұп, бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңіздер”, “Тіл-көзден сақтасын, осылай қартайғанда да еркелетсін”, “Қандай әдемі әрі шынайы, бақытты болыңдаршы”, “Ауыздағы сағызды алып тастау керек еді немесе қатты шайнамау керек еді”, “Еркелесе өз күйеуі ғой”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Толығырақ

Жас қыздармен көңіл көтеретін миллионер Қазақстанға не үшін келе жатыр?(видео)

Жас қыздармен көңіл көтеретін миллионер Қазақстанға не үшін келе жатыр?(видео)

Астанаға әйгілі биші, миллионер Джанлука Вакки келе жатыр. Бұл туралы ақпарат Еуразиялық медиа форум сайтында пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ. Айтулы шара 22-24 маусымда Астанада өтеді. Джанлука Вакки форум спикерлерінің тізімінде тұр. Еуразиялық медиа форумда ол италиялық SEA Società Europea Autocarav (дөңгелегі бар үй жасайды) компаниясының президенті ретінде сөз алмақ. Жағажайда бидің түбін түсіріп, видеоны желіге жүктегелі жаһанға танымал болған қария елге сапары барысында ішкі сенімі мен рухани құндылықтары жайлы сөз қозғайтын болады деп хабарлайды НТК арнасы. Джанлуканың Instagram желісінде 5,9 млн оқырманы бар. Адамдар оның биін, байлығын көруге құштар. Ол…

Толығырақ