Алматылық экстремал келіншек сәбиін кеуде қалташаға салып алып мопед айдады (видео)

Алматылық экстремал келіншек сәбиін кеуде қалташаға салып алып мопед айдады (видео)

Алматыда кішкентай баласын сөмкеге салып алған мопед жүргізушісі бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бейнежазбадан қиылыста барлығы тоқтап тұрған кезде жас келіншектің бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өте шыққаны байқалады. Жолсапар кезінде әйелде де, балада да ешқандай сақтандыру заттары болмаған. “2017 жылы 18 маусым күні Рысқұлов даңғылының бойында баласын кеудеге асатын қалташаға салып алып, мотоцикл айдаған әйел көзге түсті. Олардың ешқайсында шлем болмаған. Әйел баласының өмірін қатерге тігіп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті”, – деп жазады видео авторы.

Толығырақ

Астанада Сирия бойынша келесі кездесудің қашан өтетіні белгілі болды

Астанада Сирия бойынша келесі кездесудің қашан өтетіні белгілі болды

Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды Астанада 10 шілдеде өтеді. Келіссөздерге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді. «Кездесуде тараптар деэскалация аймақтарында орнауы тиіс режимді қамтамасыз етудің нақты параметрлерін келісуді аяқтауға келіскен», — деп мәлімдеді Лавров БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) СІМ басшыларының кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында. «Қамшы» сілтейді http://www.qamshy.kz/Home/show/20597

Толығырақ

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру тұрғысынан «Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференция өтті. Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты. Мейіржан Алпысбай атап өткендей, жаңа экономикалық саясат пен мемлекетті жаңғырту басымдықтары жағдайында Қазақстан үшін елдің сапалы әлеуетін арттыру және тиімді кәсіби ресурсты қалыптастыру ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы озық тәжірибе мен үздік үлгі алу республикада басталған Жаңғыртудың үшінші толқыны тұрғысынан…

Толығырақ

Тірі жан аяқ баспайтын әлемдегі құпияға толы 10 мекен

Тірі жан аяқ баспайтын әлемдегі құпияға толы 10 мекен

Қарапайым туристер мен тұрғындардың кіруіне тыйым салынған әлемнің құпияға толы он мекенін NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады. Жапон императорлары жерленген көне қорған Кофун деп аталатын бұл қорғанның үлкендігі сонша, бүтін бір арал секілді көрінеді. Мұнда тек арнайы рұқсаты бар археологтар кіре алады. Бір белгілісі қорғандағы барлық нысан құлыптың саңылауы пішіндес етіп салынған. Үнді мұхитындағы жабайы арал Бұл аралда 400 абориген тұрады. Олар заманауи өмірден бейхабар және кез келген адам жақындай кетсе, тап беруге әзір. Сол себепті, туристердің қауіпсіздігі үшін бұл аралға кіруге тыйым салынған. «Зона-51», АҚШ АҚШ-тағы…

Толығырақ

Қайрат Нұртастың әкесі осы күнге дейін айтылмаған бір сырдың бетін ашты

Қайрат Нұртастың әкесі осы күнге дейін айтылмаған бір сырдың бетін ашты

Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісіп, ұлы Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін қол көтеретінін айтты Мұнымын қатар, өзі берген қатал тәрбиенің арқасында ұлының жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүргенін меңзеді. Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды деп хабарлады Stan.kz. – Танымал ұлдың әкесі болу қиын ба? – Менің сөзіме көп адам сенбейтін шығар. Ұлың танымал болған соң, халықтың екі көзі сенде болады. «Осының әкесі қандай адам екен? Осының отбасы қандай екен? Анасы мен өзі ше?» деген секілді пікірлер айтылады. Менталитетімізге сай көп нәрсе көңілімізден шыға бермейді. Шынымды айтсам, әке ретінде…

Толығырақ