Алматыда тауар тиеген жүк көлігі өртеніп кетті (видео)

Алматыда тауар тиеген жүк көлігі өртеніп кетті (видео)

Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы сауда үйінің қасында жүк көлігі өртенді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, төтенше жағдай Mart Village сауда орталығына жақын жерде болған. Мерседес маркалы жүк көлігі сауда үйінің аумағына кірген кезде, троллейбус сымдарына ілінісіп қалған. Сол кезде пайда болған жалын жүк көлігіне тиелген киімдерге тиіп, өрт шығады. Жүргізуші басында өрт шыққанын байқамастан, авто тұрақты бетке алады. Көліктің артқы бөлігінің тұтастай жанып кеткеніне қарамастан, ешкім зардап шекпеген.

Толығырақ

22 маусым күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті Х есеп беру сайлау конференциясы ұйымдастырылды. Ауылдық округтарының жастар іс жөніндегі жетекші және мектептердегі жастар іс жөніндегі мамандарының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасын кезекті сайлауына байланысты конференция өткізілді. Сонымен қатар, конференцияға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы А.Сабанбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен «Жас Отан» ЖҚ бастауыш партия ұйымы жанындағы бөлімше төра(йым)ғалары қатысты. Конференцияның күн тәртібіндегі 1 мәселе…

Толығырақ

«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін насихаттау барысында қалалық демалыс саябағында мерекелік іс-шара өтті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Ғайберен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараны қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Мектеп оқушылары ЭКСПО көрмесіне орай қолдан жасаған жұмыстарын ұсынды, ең үздік деп табылған оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, LED экран арқылы Арал ауданынан ЭКСПО көрмесіне барған жерлестеріміздің көрмені аралаған видеосы көпшілікке ұсынылды. Шара соңы ауданның белсенді, өнерпаз жастарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Толығырақ

Жұлдыз жорамал 24.06.2017 жыл (ертеңгі күнге)

Жұлдыз жорамал 24.06.2017 жыл (ертеңгі күнге)

♓Балықтар Бүгін бір жақсы іс жасап, беделіңізді жоғарылатасыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Күннің екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз ♒Суқұйғыш Қиын сәттер көп болады. Бірақ қуаныштысы одан да көп болады. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді. ♑Тауешкі Тауешкілердің бәрін өз күшімен істеймін деп көмектен бас тартуы сәтсіздікке әкеліп соғады. Қаржы жағына өте абай болыңыз. Дұрыс таныспаған адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз. ♐Мерген Мойныңыздағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойыңызды күйзеліс меңдеп…

Толығырақ

Финики құрмасының пайдасы: Сұрпы мен ерекшеліктері

Финики құрмасының пайдасы: Сұрпы мен ерекшеліктері

Күніне 10 финики құрмасын жеген адам ағзасында магний, темір, күкірт, калций элементтері қажетті деңгейде толығады. Күн сайын құрманы жеген адамның қан құрамында холестерин төмендейді. Яғни, жүрек қан тамыр жүйесі жақсарады. Сонымен қатар құрма жеген адамның қартаюы тежеледі. Израиль ғалымдары 100 адамға зерттеу жүргізді. Қатысушылар 1ай бойы “маджхоль” сұрпының құрмасын күніге 100 грамм тұтынып жүрді. Кейіннен “халави” сұрпының құрмасын тұтынды. Олар құрмамен бірге тамақ та ішіп отырған. Финики құрмасының сұрыптары Құрма өндіру бойынша Сауд Арабия елі көш бастап тұр. Финики құрмалары АҚШ, Мексика, Австралия елдерінде де өседі. Арабтар үшін құрма нанның…

Толығырақ

АУДАН ӘКІМІ ҚОСЖАР АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚОСЖАР АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

Арал ауданының әкімі М.Оразбаев Қосжар ауылында болды. Аудан басшысы ең алдымен осындағы Қамыстыбас балық питомнигінде атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты, деп хзабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник мемлекеттік тапсырыс негізінде аймақтағы табиғи су қоймалары мен көлдерді балықтандыру мәселесімен айналысып келе жатқан мекеме. Қазір «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК-да 86 адам жұмыс жасайды. Тастақ бөлімшесінде 29 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапарда аудан басшысы ауыл көшесіне «Нур Ас и К» ЖШС жүргізген жөндеу жұмысымен танысты.

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Мемлекет басшысы да өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбегімен бізге жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Мемлекеттік қызметші ел сенімінен шыға білсе, одан жоғары мәртебе, одан артық бақыт жоқ деп есептеймін, — деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған облыс әкімдігінің қызметкерлері салтанатты…

Толығырақ

Назарбаев: Бірінші шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

Назарбаев: Бірінші шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында бірінші шілде күні Қазақстан халқының саны 18 миллионға жететінін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап NUR.KZ. «20 ғасырда Солтүстік Кавказ елінен 550 адам, Кореядан және Қиыр Шығыстан 100 адам, Ресейден 600 мың неміс, сондай-ақ 1,5 млн еврей мен грек келді.  Қазақстан көпұлтты мемлекетке айналды. Бірақ, олардың да өз Отаны бар. Өз тәуелсіздігін алып, мүмкіндіктері туғанда әрқайсысы туған елдеріне көшіп кетті», — деген мемлекет басшысы сол заманда Қазақстанның халық саны 17 миллионнан 14 миллионға қысқарғанын айтты. «1991 жылы Тәуелсіздігіміз жайлы жариялаған…

Толығырақ

СІМ басшысы Қазақстан әскерлерінің Сирияға жіберілуіне қатысты пікір білдірді

СІМ басшысы Қазақстан әскерлерінің Сирияға жіберілуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан әскери қызметкерлерін Сириядағы деэскалация аймақтарына жіберу бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. “Қазақстанның мүдделі елдерге Астанада кездесуге алаңқай ұсынуы сириялық дағдарысты реттеу процесіне еліміздің қосқан шынайы үлесі. Қазақстан әскери қызметкерлерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт деэскалация аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігінің сақталуы қазіргі уақытта астаналық процестің кепіл елдері құзыретінде, олар осы және басқа да мәселелерді Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесуде талқылайды”, — деді Әбдірахманов тілшілерге дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде. Сонымен бірге, министр атап өткендей, Қазақстан үшін…

Толығырақ

Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео)

Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео)

Димаш Астанадағы SOS балалар ауылында болып, бір күнін бүлдіршіндерге арнады. Өзін үлгі тұтатын балалармен сұхбаттасқан ол Абайдың әнін шырқап берді. Бұл туралы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz. Көптің көңілінен шыққан Димаш бұл күні балалардың көңілін көтеруге тырысты. Оларға жылы қабақ танытып, қол алысты. Димаш өзін көріп қуанған балақайды құшақтап, көтеріп алды. “Қандай әдемі балалар”, – деп тамсанған Димаш бүлдіршіндерді Астанада өтетін концертіне шақырды. Айта кетейік, 27 маусым күні Астанада Димаштың “Бастау” атты ән кеші өтеді.

Толығырақ