Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды

Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды

Бұдан былай қажылыққа аттанатындардың жасына шектеу қойылады. Тәжікстанда Үкімет шешімі бойынша енді қасиетті мекенге қажылық жасау тек 40 жастан асқандар үшін ғана қолжетімді болмақ. Бұл туралы muslim.kz хабарлады. Ескерте кетейік, қажылық сапарына байланысты жас шектеуі тәжік елінде осымен үшінші рет енгізіліп отыр. 2010 жылы Тәжікстан билігі кәмелетке толмағандар мен 80-нен асқан қарияларға қажылық жасауға тыйым салған болатын. Ал, бірнеше жыл өткен соң 35 жасқа толмағандарға тыйым салынды. Былтырғы жылы Тәжікстан мемлекетінен қажылық сапарына 6 000 жан аттанған екен. Елдің Дін істері комитеті жыл сайын Сауд Арабиясы билігіне бөлінетін квота санын көбейтуді сұрап келе…

Толығырақ

Айттық деген не?

Айттық деген не?

Айттық — айт күні айттық деп сұраған айттаушы (айтшылаған) адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады. Ел ішінде айттықтың айттық сый деген атауы да кездеседі. Сондай-ақ, айттық — айт күндері қыдырып, айтшылап барған үйдің балаларына беретін түрлі ойыншық, ақша, қант, кәмпит сияқты балалар қызығатын заттар. Айттық беру — мерекенің мерейін асырып, тату-тәттілікті, береке-бірлікті нығайтудың, әсіресе балаларды мәз-мейрам етіп қуандырудың дәнекері. Үйге айтшылап сәлем бере келген туыстардың балаларына айттық беріледі. Толығырақ: http://alashainasy.kz/din_islam/ayttyik-degen-ne-98309/

Толығырақ

Заң білмейді: көлігін автобус аялдамасына қойған астаналық прокурор елді шулатты(видео)

Заң білмейді: көлігін автобус аялдамасына қойған астаналық прокурор елді шулатты(видео)

Астаналық прокурор автокөлігін автобус аялдамасына қойып, елді шулатты. Заң қызметкерінің заңсыз әрекетін “Азаматтық патруль” қозғалысының мүшелері видеоға түсіріп, желіге жүктеген. “Заң бұзушы прокурор әлде оған бәрі бола ма? Автобус аялдамасына қымсынбастан көлігін қойып кеткен жүргізушіні түсіріп алмақ болдым. Ал оның жанына прокурордың киімін киген адам келді”, – делінген қозғалыс парақшасында. Желі қолданушалары заң қызметкерінің әрекетіне ашуланды. Аз уақыттан кейін бұл ақпарат Астана прокуратурасына жетті. Олар жұрттың шағымына жауап берді. Сонымен, жұрттың ашуына тиген прокурор әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. Әзірге заң қызметкеріне кесілетін жаза нақтыланбаған көрінеді.

Толығырақ

Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды

Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды

Астанада бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынды ашып, сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отанына оралғысы келетін қазақтарға жеңілдіктер жасауды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. ҚР сыртқы істер министрлігі мен үкіметке берілген тапсырма бойынша енді елге ораламын деген қандастарға қаптаған құжат жинаттырып, шекарада шырғалаңға салу тоқтатылмақ. «Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Жағдай бар, еліме келемін дегендерге қауымдастық арқылы барлық жағдайды жасауымыз керек. Біз көшіп келуге ниет еткен ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек. Біздің барлық елдерде Елшіліктеріміз бар. Сол Елшіліктер…

Толығырақ

Елбасы: 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді

Елбасы: 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 толуына және полиция күніне орай осы саланың қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, дәл осы күні ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанын атап өтті. «Бұл тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінің айтулы қадамы болды. Ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде…

Толығырақ