Шетелдік министр «Нұр Әлем» жайлы: Мұндай павильонды өмірімде көрген емеспін

Шетелдік министр «Нұр Әлем» жайлы: Мұндай павильонды өмірімде көрген емеспін

Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Катардың ұлттық күні аталып өтті. Осы орайда Катардың Сыртқы істер министрі Солтан Бин Әл-Мурайхи Қазақстан павильонын аралап, жоғары бағасын берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Мен Қазақстанға, әсіресе, Астанаға келгеніме өте қуаныштымын. Қазақ елінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізіп жатқанын мақтан тұтамын. Жаңа ғана Қазақстан павильонында болдым. Павильон өте сапалы салынған. Бұған дейін талай халықаралық көрмелерге қатыстым, бірақ мұндай павильонды өмірімде көрген емеспін», — деп ағынан жарылды министр.   Дәурен ЕРБОЛАТ https://baq.kz/kk/news/ekspo_2017/sheteldik_ministr_nur_alem_zhaili_mundai_pavilondi_omirimde_korgen_emespin20170627_170600

Толығырақ

Астана ТМД-дағы әйгілі қалалардың рейтингін бастап тұр

Астана ТМД-дағы әйгілі қалалардың рейтингін бастап тұр

Астана туристік тұрғыдан алғанда 2017 жылы ТМД-дағы әйгілі қалалардың көшін бастады, деп жазады elorda.info. Мұндай мәліметті туристік ұйымдар жариялап отыр. Агенттіктердің деректеріне сенсек, саяхатшылар Астанаға орта есеппен 3-5 күнге келеді және қонақ үйдің өзіне 80 АҚШ долларын жұмсайды. Алғашқы ондыққа ілінген қалалар ішінде бұл ең қымбат баға. Ең арзан қала – Ашхабад. Бұл шаһарға барғандар қонақ үйге небары 30 доллар төлейді. Қонақ үйден бөлек, жалпы алғанда, ең қымбат қалалар Астана мен Баку, ең арзан қалалар – Ашхабад пен Бішкек. Туристік тұрғыдан ТМД-дағы әйгілі қалалар рейтингі 1. Астана (Қазақстан) 2. Баку…

Толығырақ

«СЫР МЕДИА» ҚАЛА ӘКІМІ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

«СЫР МЕДИА» ҚАЛА ӘКІМІ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай Қызылорда қаласы әкімінің кубогы мен жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өткізілді. Турнирдің салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары Ш. Байманов қатысып, әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, сайысқа сәттілік тіледі. Сала қызметкерлерінен құралған 7 команда ойын көрігін қыздырып, қала әкімінің жүлдесіне арналған шара тартысты өтті. №278 мектеп залында өткен турнирде әріптестеріне қарағанда әбжіл қимылдаған «Сыр медиа» жігіттері 1 орынға шықты. Екінші орын жүлдесі «Сыр бойы» командасына бұйырса,  «Меншікті тілшілер» командасы үшінші тұғырдан табылды. Үздік деп танылған журналист-футболшылар арнайы номинациялар және жүлделермен марапатталды.

Толығырақ

Аудандық турнир мәреге жетті

Аудандық турнир мәреге жетті

Бүгін орталық стадионда Мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығына орай волейболдан аудандық турнир өз мәресіне жетті. НӘТИЖЕСІНДЕ: І-орын №3 Арал аудандық өрт сөндіру бөлімі командасы ІІ-орын Аудан әкімі аппаратының командасы ІІІ-орын №10216 — Ж әскери бөлімі командасы ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің кубок медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Толығырақ

ИМАМДАР ҮЙ САЛЫП БЕРУДЕ

ИМАМДАР ҮЙ САЛЫП БЕРУДЕ

 Өткен күзде Әл-Фараби мөлтек ауданында бір отбасының үйі отқа оранған еді. Дүние мүлкінен айырылған жалғызбасты ана 2 баласымен бірге далада қалды. Құзырлы орындарға арызданғанымен еш нәтиже болмапты. Рамазан айында мешіт қызметкерлері көмек қолып созып, әлгі отбасыға баспана соғуда, деп хабарлайды kogamtv.

Толығырақ

Қызылордада араққа тойып алған әйел лай суға баспен сүңгіді (видео)

Қызылордада араққа тойып алған әйел лай суға баспен сүңгіді (видео)

Желіде араққа сылқия тойған мас әйелдің лай суға шомылып жүрген видеосы жария болды. Онда әйел лай суға түсіп, жүзіп жүреді. Тіпті басымен де сүңгіп шығады. Сол маңда жүрген әйелдердің бірі оны жағаға алып шығуға әрекеттенген. Фейсбук желісіндегі “Жұрт не демейді” тобында жарияланған видеоға желі қолданушылары жаппай пікір білдірген. “Видеоға түсіріп мәз болғанша, ана әйелді судан шығармай ма”, “Еркектер құнсыздануы осындайдан көрініп тұр. Осындай еркектерге түкіргенім бар. Қазақтың қыздарын ақылға келтіру орнына мазақтап” деп жазады желі қолданушылары. Олардың көпшілігі еркектердің намыссыздығына, әйелге қол ұшын созбағанына реніш білдіріпті.

Толығырақ

Әлеуметтік желілердің балаларға тигізер тағы бір зияны анықталды

Әлеуметтік желілердің балаларға тигізер тағы бір зияны анықталды

Қазір бет-әлпетті сәндей түсетін түрлі косметикалық бағдарламаларға ересектерді қойып, балалардың өзі қызығып жатыр. Мәселен, жастар қауымы интернет арқылы ботокс пен дермофиллер көмегіне жиі жүгінеді екен. Бұл бағдарламаларды жеңілдетіп, түсінікті көрсету үшін желіде түрлі жарқ-жұрқ еткен журналдар, шетелдік жұлдыздар мен моделдердің суреттері де қаптап тұр. Әлеуметтік желідегі бағдарлама арқылы балалар макияж, пластикалық операцияның қыр-сырымен жете таныса алады. Осылайша олар жас күнінен жасанды сұлулыққа терең бойлап өседі. Сөйтіп, жастар өз дене бітіміндегі кемшілік үшін қатты өкініп, ойланбастан жасанды әдемі ететін операцияларға жүгіреді. Маркетологтардың айтуынша, әлеуметтік желі кесірінен балалар өздеріне деген сенімділікті жоғалтып…

Толығырақ

Тоғайдың ағаштары мен тастары, ауасы да адамды емдейді (фото)

Тоғайдың ағаштары мен тастары, ауасы да адамды емдейді (фото)

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Топ ағаш тоғайына жұрт емделу үшін барады, деп жазады Қазақпарат. Тоғайдың шырақшысы Ғалымжан Ұзақбаев кіре беріс жерге белгі ретінде үш саңылаудан тұратын арка жасап қойған. Өзінің айтуынша, бұл үш жүздің бірлігін көрсетеді. «Мұнда құстар жоқ. Жердің құрылымы әр түрлі, ерекше ағаштар өседі. Ағаштардың жапырақтары да әр түрлі болып келеді. Әрбір қатары үш жүзді бейнелейді», – дейді ол. Ұлы, Орта  және Кіші жүз бір жерге орнасластырылған. Ондай ағаштар өзге жерде өспейді. Ағаштарды басқа жерге апарып ексе, өспейді. Әр ағаштың емдік қасиеті бар. Ұлы жүздің ағашы…

Толығырақ

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Төреғали әкесі Төреәлі Төлеповті 45 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Әнші әкесіне деген ақжарма тілегін өлең жолдары арқылы жеткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Өлең жолдарында Төреғали өзінің әке атанғанын айтып қойды. “Кеудеме бүгін толғандай болды аздап мұң, Жүректен шыққан жырымның шоғын маздаттым. Кешірші әке, талайды жырға қоссам да Сен жайлы әлі бір шумақ өлең жазбаппын. Өсірдің мені қалдырмай көштен аш қылмай, Жалғанда мынау еңсемді тіктеп пәс қылмай. Қатал тәртіппен қасиетіңді дарыттың Өз бөлтірігін тістеп сүйетін қасқырдай. Баласы болсам бай-бағланның егер мен, Алтынмен аптап күміспен қаптап берер ме ем?! Қолымнан әке…

Толығырақ

Желі қолданушысы әлеуметтік желідегі қандай жазбалары үшін жауапқа тартылады?

Желі қолданушысы әлеуметтік желідегі қандай жазбалары үшін жауапқа тартылады?

Желі қолданушылары әлеуметтік желідегі әрбір жазбалары үшін жауап береді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналған ғаламтор желісі бұқаралық ақпарат құралдарына жүктеледі. Яғни ғаламтор желісіне жарияланған ақпараттар БАҚ-ның еншісіне тиесілі. Олай болса, ғаламтор желісіне жүктелген ақпарат көздерінің сенімділігі тексеріліп, белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары қорғалуға міндетті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, қатер тудырушыларға, жеке бас құқығын таптаушыларға бес мың айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе дәл…

Толығырақ