Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК аптап ыстыққа байланысты еліміздің үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz. «1-5 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 1-6 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады деп болжануда», — делінген хабарламада. https://baq.kz/kk/news/kogam/ush_oblista_dabildi_eskertu_zhariyalandi20170630_104900?utm_campaign=3057015&utm_source=SendPulse&utm_medium=push

Толығырақ

Біреу ауыр сөз айтса не істеу керек?

Біреу ауыр сөз айтса не істеу керек?

Бір кісі көшеде келе жатып бір жігіттің егде жастағы кісіге ауыр сөздер айтып, кемсітіп жатқанын көріп қалады. Жақындап барып «қой, мұның дұрыс емес» деп айтқаны сол-ақ екен, жігіт мұны да балағаттап, кері бұрылып кете барады. Кісі жігіттің бұл ісі үшін сазайын бермек болып артынан ұмтылып еді, қария: «Балам, қажеті жоқ» деп күлімсіреп тұр. Кісі ашуланып: «Ата, ол сізге де, маған да ауыр сөздер айтты, қалайша түк болмағандай күліп тұрсыз?» дейді. Сонда қария жымиып: «Менімен жүр» дейді. Екеуі жақын маңдағы қарияның үйіне келеді. Қарт сандықтың түбінен ескі, жыртық, киюге жарамсыз бір…

Толығырақ

Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?

Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?

Жақындарыңыздың, әйеліңіздің (немесе күйеуіңіздің) өзіне өзі сөйлеп жүргенін көрген боларсыз? Немесе өзіңіз солай істейтін шығарсыз? Өз-өзіне сөйлеу нені білдіреді? Кейбіреулер өздігінен сөйлеп жүрген адамды көрсе «мынаған не болған» деп ойлайды. Сол дұрыс па? Негізінен, әлемнің барлық данышпандары осындай әдетке ие. Поэзия мен әдебиет – біреудің ішкі монологы. Өз-өзіне, көбінесе әйелдер сөйлеп жүреді. Мысалы, бірнәрсе істеп жатқанда шаруалары тым көбейіп кетсе өздеріне: «мына тірлікті істеймін, содан соң анау, содан соң кір жуамын» деп істеуі керек нәрселерін ретке келтіріп алады. Ол әйелдердің ойын жинақтап, жұмыстарын тез аяқтауына көмектеседі. Өз-өзіне бұйрық бере отырып…

Толығырақ

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

“Бастау” концертінде Димаштың сахналық образдарын жасау Сәкен Жақсыбаевқа тапсырылған. Көбінесе нәзік жандыларға киім даярлайтын дизайнердің Димашқа киім тігуі көпшіліктің талқысына түсті. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлады. I am a Simger жобасы Димаш Құдайбергеновтің атағын ғана асқақтатқан жоқ, өзіндік стилін қалыптастырды. “Славян базарындағы” Димаш Құдайбергенов пен бүгінгі Димаштың бойындағы өзгеріс көзге ұрып-ақ тұр. “Жылтыр костюм киген біздің эстрадамыздағы есепсіз той әншілері сынды образына қайта оралғанын қаламадым. Қытайлық стилистер қалыптастырып үлгерген эстетиканы жалғағым келді”, – дейді Сәкен Жақсыбаев. Сәкен Жақсыбаевтың айтуынша, Димаштың имиджін қалыптастыру жолында кәсіби команда жұмыс істейді. “Бастау”…

Толығырақ

Ағзамызды тазартамыз: ең оңай 7 әдіс

Ағзамызды тазартамыз: ең оңай 7 әдіс

Жаз – ағзамызды токсиндер мен зиянды бактериялардан тазартып, артық салмақтан арылтып, жұмысын жақсартуға ең қолайлы мезгіл. Әрі қазір ағзаны тазартауға көмектесетін кез келген көкөніс пен жемісті оңай табуға болады. Солардың ішінде мына 7 нәрсе ағзаны өте жақсы тазартады. Себебі бұл көкөністер мен жемістердің құрамында зиянды бактерияларды өлтіріп, бауырды, ішектерді тазалап, жұмысын жақсартатын, вирустарды жоятын, денсаулыққа пайдалы тағамдық талшықтар, органикалық қышқылдар, сирек кездесетін бетаин, фитонцид, пектин, глютатион секілді минералдар мен дәрумендер мол. Сонымен, ағзаны тазартудың 7 әдісі: 1. Қырыққабат 2. Қызылша 3. Сарымсақ 4. Жуа (пияз) 5. Алма 6. Авокадо 7….

Толығырақ

Қырғызстанда қатерлік ісікке шалдыққан баланы түйенің зәрімен емдеген

Қырғызстанда қатерлік ісікке шалдыққан баланы түйенің зәрімен емдеген

Қырғызстанда ата-анасы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларын ауруханадан алып кетіп, оны балгерге әкеліп емдеткен. Бұл туралы Zanoza.kg хабарлайды. Бақсы баланы түйенің сүті және түйенің зәрімен емдеген. Ұлттық онкологиялық орталықтың балалар бөлімінің дәрігер-онкологы Сұлтан Стамбековтың айтуынша, бір жыл бұрын бес айлық балаға қатерлі ісік деген диагноз қойылған екен. Оның сөзінше, орталық қыз баланы бір жыл бойы емдеп жатқан. Алайда әкесі күтпеген жерде бүлдіршінді алып кетіпті. Бір айдан соң қызымен ауруханаға қайта келгенде ол рактың төртінші кезеңінде болған. “Ата-анасы бүгін баланы ұзақ уақыт кешіктіріп алып келді. Сөйтсек, олар баланы балгерге алып барған екен….

Толығырақ

Қазақстандық менталитеттің ерекшеліктерін көрсететін мультфильм жарыққа шықты (видео)

Қазақстандық менталитеттің ерекшеліктерін көрсететін мультфильм жарыққа шықты (видео)

Қазақстанның тұңғыш президентінің қоры “Сәлем саған, туған жер!” деп аталатын мультипликациялық сериалды жарыққа шығарды. Мультфильмнің бірінші сериясы әлеуметтік желіде жарияланған. Бір жарым минуттық роликте мультфильм авторлары Қазақстандағы әр өңірдің ерекшеліктері туралы айтып, мерейлі қазақстандықтар мен халықтар достығын көрсеткен. Бірінші серия Digital Detox-ты ауылға шақырумен аяқталады. Digital Detox – адамның смартфон, компьютер, планшет, басқа да құрылғыларды пайдаланудан саналы түрде бас тартып, шаршауын басып, шынайы қарым-қатынас құруға, шығармашылық жұмыспен айналысуға бөлетін уақыты.

Толығырақ