Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Осыдан жарты жыл бұрын аспан асты елінде өткен «Мен әншімін» байқауына қатысып, Қазақстанның атын бүкіл елге танытқан Димаш Құдайберген болатын. Ал, елімізде де Димаштан қалыспайтын оқушы, студент, құрылысшы, әскерлерде, көлік жүргізушілері де тағысын тағы ән орындайтын талантты адамдар бар, деп хабарлайды Алматы арнасы. Олар жанды дауыста ән орындап, әлеуметтік желілерде тыңдармандарының көзайымына айналған. Осылардың арасынан біздің редакция сіздерге ән орындаушылардың бесеуін ұсынып отырмыз. Мади Аманбаев – Жезқазғандық 11 жасар бала өмірде Димаш пен Ресейдің әншісі Витастан басқа ешкім орындамаған «Опера 2» әнін айтып бүкіл әлеуметтік желіні жарды. Әп-сәтте еліміздің жұлдыздарының…

Толығырақ

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Түзетулер республикалық бюджетті пайдалану жөніндегі регламентке өзгерістерді қарастырады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Заң Қазақстан Республикасы президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған. Конституциялық заңға енгізілетін аталған түзетулер “Президент туралы”, “Үкімет туралы”, “Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Толығырақ

БИЫЛ 15,5 МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА МЕМЛЕКЕТ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

БИЫЛ 15,5 МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА МЕМЛЕКЕТ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қызылорда облысының 15,5 мың тұрғыны (оның ішінде 99,2% жұмыссыз) биыл жұмыспен қамту орталықтары арқылы мемлекет көмегіне жүгінді (елімізде орташа алғанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылардың арасындағы жұмыссыздар үлесі 84,3%-ды құрайды), деп хабарлайды enbek.gov.kz. Жәрдемге мұқтаждардың қатарынан 11,1 мың азаматқа (71,6%) мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары көрсетілген. Оның ішінде 5,3 мың адам немесе 47,8%-ы тұрақты еңбекпен қамтылған. Бағдарлама қатысушыларын техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы, техникалық және кәсіби білім бағытында…

Толығырақ

Теңізбен түлеген төскей

Теңізбен түлеген төскей

Арал ауданда шаруасын дөңгелентіп отырған іргелі ұжымдар баршылық. «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС – халықаралық стандартқа сай салынған кәсіпорынның бірі. Тұтынушы талғамынан табылуды мұрат тұтқан компанияның жылына 6000 тоннаға дейін балық өңдеуге мүмкіндігі бар. Зауыттың қуатты технологиялық жабдықтары балық филесін дайындауға арналған. Қазіргі таңда мұнда 30 адам еңбек етеді. Өндіріске қажетті балық кіші Арал теңізінен  жеткізілуде.   Осындай тіршілігі алға басқан мекеменің бірі – «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС балық өңдеу зауыты. Білікті кәсіби маман, балықшылар әулетінің перзенті Нұрбек Әйімбетов басшылық жасайтын зауытта сапасы жоғары өнім дйындалады. Бүгінгі таңда өңделетін…

Толығырақ

Арал ауданында жаңа мешіт ашылды.

Арал ауданында жаңа мешіт ашылды.

Қасиетті Рамазан айының соңғы күні (24.06.2017 ж)ҚМДБ — ның Қызылорда облысы Арал ауданындағы филиалы болып табылатын Қосжар ауылдық округынде «Ізімбет ахун» мешітінің ашылу салтанаты болды. Ауылдың зиялы қауым өкілдері, ауылдың барша тұрғындары жиналған салтанатты жиын Арал ауданы «Арал аудандық орталық» мешітінің бас имамы Рахметтегі Съезбек Евилханұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Бас имам барша жиылғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір…

Толығырақ

Астанада туу туралы және адам өлімі туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады

Астанада туу туралы және адам өлімі туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады

3 шілдеден бастап Астана қаласының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы және өлгендігі жөніндегі куәліктерді үш сағаттың ішінде алуға болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов. «1 шілдеден бастап Әділет министрлігі әкімдікпен бірлесіп, «Санкт-Петербург» бизнес орталығындағы ХҚКО-ында сынамалы жобаны іске қосты және бүгіннен бастап туу және өлгендігі жөніндегі куәліктерді алу үшін ХҚҚО-дағы біздің мамандарымыздың көмегіне жүгінулеріңізге болады. Бұл жоба куәліктерді алу уақытын екі күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның өзінде үш сағаттың өзі ең жоғарғы көрсеткіш. Шын мәнісінде құжаттар бірден өңделіп, дайындалады…

Толығырақ

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Алматыда Сайран көлінің жағасында демалушылар арасында төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Демалушылар гитара үшін дауласып, кейіннен төбелесіп кеткен. Желі қолданушылары төбелестің видеосын жариялай бастады. Авторлардың бірі видеода полиция қызметкерінің төбелесіп жатқандарды тәртіпке шақырмай сырттан қарап тұрған полицейді сынға алды. Полиция қызметкерінің төбелеске не себепті араша болмағанына қатысты Алматы ІІД пікір білдірді. «Полиция қызметкерінің араласпау себебіне келсек, ол біріншіден қарусыз болған. Екіншіден, ол арнайы ереже бойынша әрекет етті. Тез арада қосымша күш шақырды. Соның арқасында төбелесті одан әрі ушықтырмай тоқтату мүмкін болды», – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Төбелес шығарғандар ұсталып, полиция бөлімшесіне жіберілді. Олардың бірі ОҚО-да…

Толығырақ

Сириядағы снайпер қыздың әрекеті көпшілікті таңқалдырды (видео)

Сириядағы снайпер қыздың әрекеті көпшілікті таңқалдырды (видео)

Бұл видеоны миллиондаған адамдар көрген. Ажал құшағында күліп отырған қыз – Сириядағы Күрдістанда құрылған әйелдер отрядының снайпері. Видео Сириядағы Эр-Ракка қаласында түсірілген екен. ИГИЛ террористеріне оқ атқаннан кейін снайпердің басына жаудың оғы тие жаздайды. Еш қорықпаған қыз «мә, өліп қалуым мүмкін еді», деп күліп отыр. kaz.365info.kz Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/siriyadagyi-snayper-kyizdyin-areket-kopshlkt-tankaldyirdyi-video-98552/

Толығырақ

Дінімізде қымыз ішуге рұқсат па?

Дінімізде қымыз ішуге рұқсат па?

Еті адал малдың сүті де адал. Бұнда Ислам ғалымдары арасында талас жоқ. Қымыз – еті адал саналатын жылқы сүті болғандықтан харам деуге болмайды. Тек, ханафи ғұламалары арасынан Имам Мұхаммед қатты ашыған жылқы сүтін ішу харамға жақын мәкруһ деп есептеген. (Ғұламаның «қатты ашыған жылқы сүті» дегені, сол біздің қымызымыз болса керек), деп жазады islam.kz. Дегенмен, Ұлық Имам Әбу Ханифа және Имам Әбу Юсуф бойынша ашыған болса да, жылқы сүті адал. Әрине, масайтатын ерекшелігі пайда болып, көп ішкен адамды мас қылып жатса, оның үкімі бөлек. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мас етуші ішімдіктердің бәрі…

Толығырақ

Путин Қазақстанға 300 мың гектар жерді қайтару туралы құжатқа қол қойды

Путин Қазақстанға 300 мың гектар жерді қайтару туралы құжатқа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен Ембі полигонын пайдалану және жалға алу туралы келісімді тоқтататын хаттамаға қол қойды, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл полигон 1960 жылы КСРО Қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы күштерінің әскери техника мен қару-жарақтың жаңа түрлерін сынақтан өткізу және пайдалану, оқу-жаттығу өткізу алаңы ретінде құрылған. Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл жерді Ресей тарапы жалға алып келді. Сондай-ақ, Ресей тарапы ел экономикасы үшін шамамен жылына 718 мың АҚШ долларын үнемдейтіндерін жариялаған. Ембі полигонына қарасты болған Жем қаласындағы жылжымайтын мүліктер 2011 жылы қайтарылған. Ал полигон 2008 жылдан бері бос жатқан….

Толығырақ