Жоғары сыныптарға арналған Елбасы туралы кітап жарық көрді

Жоғары сыныптарға арналған Елбасы туралы кітап жарық көрді

Бүгiн елордада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев туралы «О великой жизни» — «Ұлы адам туралы ұлағатты кiтап» атты туындының тұсауы кесiлдi. Аталған кiтап — тәуелсiз Қазақстан тарихындағы Мемлекет басшысы туралы 12 жастан асқан аудиорияға арналған алғашқы туынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. Оқулық жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшiн дайын оқу құралы болып табылады. Кiтап авторы — Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгiлi бiрегей тарихи тұлғалар туралы 60-тан астам кiтап жазған….

Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова, Зауреш Аманжолова іс-сапармен Арал ауданында болды.   Меймандар алдымен Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ –ның тұз өңдеу цехатырының жұмыс барысымен танысты. 1200 кент тұрғыны жұмыспен қамтылған комбинат айына 25 мың тонна ас тұзы, 10 мың тонна техникалық тұз өндіреді, оның 60 пайызы Ресйге экспортталса, 40 пайызы республика аумағына таратылуда.   Одан әрі халық қалаулылары Әбдіжәміл Нұрпейсовтің шығармашылық үйінде болды. Халық жазушысының өмір жолы және шығармаларымен танысты.   Іс-сапар аясында мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалында аудан тұрғындары үшін  жеке қоғамдық…

Толығырақ

Көптің әсері ерекше

Көптің әсері ерекше

Астана төрінде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесі қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінен келуші туристердің көңілін өзіне аударуда. Бүгінде ЭКСПО қалашығының аумағы күнде той. Күн сайын әр елдердің павилондары ашылып, келушілердің күн сайын қызық көріп жатқаны да белгілі. -Мен ЭКСПО көрмесіне өз жанұяммен бірге барғанмын. Бұл ЭКСПО көрмесінен ерекше әсер алдық. Жалпы, аталмыш көрме жайында осы кезге дейін көптеген ақпараттар естіп келдік қой. Алайда, барлығы да көзбен көргендей болмайды екен. Мұнда әр елдің бай мұрасы мен мәдениетінен хабардар болып, жетістіктерін тамашалауға мүмікіндік мол. Тіпті бас-аяғы бірер күннің ішінде осы көрмені тамашалау арқылы…

Толығырақ

ЖАПОНИЯҒА ҚЫТАЙДАН УЫ АДАМ ӨЛТІРЕТІН ҚҰМЫРСҚА ЖЕТТІ

ЖАПОНИЯҒА ҚЫТАЙДАН УЫ АДАМ ӨЛТІРЕТІН ҚҰМЫРСҚА ЖЕТТІ

Жапонияның Нагоя портында Оңтүстік Африкадан келген қызыл түсті құмырсқалар табылды. Олар шаққан адам аман қалмайды, деп хабарлайды NHK телеарнасы. Қауіпті құмырсқалар Қытайдың Гуанчжоу портынан келген контейнерден шыққан көрінеді. Оларды бірден пестицидтің көмегімен өлтіріп, зертханаға апарып көрсе – бұлар сол улы қызыл құмырсқаның өзі болып шығыпты. Осыған байланысты Жапония билігі тұрғындарға ескерту жасады. Бұл қызыл құмырсқа бұған дейін де Қытайдан талай рет келген екен. Соңғы рет Кобе портында Қытайдан келген контейнерден табылған. Қызыл құмырсқа – әлемдегі ең қауіпті насеком, негізінен Оңтүстік Америка елдерінде тіршілік етеді. Ол шаққан адам анафилактикалық шоктан өліп…

Толығырақ

ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВКЕ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВКЕ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.   Төл спортымызды түлету біздің облысымыздан бастау алғаны – біз үшін үлкен абырой. 2011 жылы алғашқы «Қазақстан барысы» титулын иеленген Ұлан Рысқұл болса, Руслан Әбдіразақов күміс және қола жүлделерді иеленді. Олардың жеңісті жолын 22 жастағы батырымыз Еламан Ерғалиев жалғастырып отыр. Осы спортшылардың биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтың және Әділбек Серікбаевтың да еңбегін атап өткім келеді,- деді облыс әкімі.   Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы»…

Толығырақ

НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫҢ 19 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ БАСТАП БЕРДІ

НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫҢ 19 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ БАСТАП БЕРДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елорда күнін тойлауды салтанатты түрде ашты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мемлекет басшысы Астанада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру рәсіміне қатысты. «Құрметті астаналықтар, біз бүгін елордамыздың 19 жылдығына арналған барлық іс-шараны бастап жатырмыз. Ең сүйікті, ең жарқын мерекеміз. Біз ата-бабамыз көрген соғыстарды, репрессия мен аштықты көрмеген бақытты ұрпақпыз. Біз кейде үнемі осылай болған шығар деп ойлаймыз. Бірақ олай емес. Біздің бақытты ұрпақ әкелеріміздің бізге сыйлаған жеңісі арқасында осындай ашық аспан астында өмір сүріп жатыр», — деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан бейбітшілікті сақтап, үнемі жеңіске жетіп…

Толығырақ

Салт-дәстүрге сай қалыңдықты үйге терезесінен кіргізген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Салт-дәстүрге сай қалыңдықты үйге терезесінен кіргізген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші, еліміздің әр өңірінде түрлі дәстүрлер мен ырымдар бар. Республикамыздың батыс өңірінде қалыңдықты үйге терезесінен кіргізу дәстүрі бар. Бір үйдің екі баласы бір күнде келін әкелсе, олардың бірін есіктен, бірін терезесен кіргізеді. Осындай салтты ұстанып қалыңдықты терезеден кіргізіп жатқан той иелерінің видеосы ғаламторда кең тарап кетті. Видеодан қалыңдықтың терезеге баспалдақ арқылы шығып бара жатқанын көруге болады. Оған үлкендері шашу шашып жатыр. Мұны көрге желі қолданушылары басым бөлігі таңғалысын білдірді. Айтуынша, мұндай салт қазақта жоқ. “Атам қазақта ондай дəстүр болмаған. Ойдан шығарган немесе басқа…

Толығырақ

Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

Күйеуімен бірге Францияда демалып жатқан Салтанат Бақаева жат жерде жеген асын көрсетіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Қазіргі уақытта Бақаева Францияның көрікті шахарларының бірі Канны қаласында демалуда. Салтанат сәт сайын демалысының қалай өтіп жатқанын айтып, қызықтарымен бөлісуде. Бірнеше сағат бұрын әнші кешкі асқа жеген тағамын көрсетіп, жұрттың жиіркенішін туғызды. Актриса күйеуімен бірге устрица (ұлудың жеуге болатын түрі), асшаян сынды қазақ халқы аса ұнатпайтын тағам түрлерін жеп отырған сәтінен видео жариялады. Бұл ретте: “Фу”, “Не деген жиіркенішті”, “Бақа-шаян жемей-ақ қойса қайтеді”, “Мұндай нәрселерді мұсылмандар жемеген, жегендеріңді көрсетпей-ақ қойсаңдар болады ғой”, “Сіз үшін…

Толығырақ

Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулер бойынша, полиция көлігін тоқтатқан жүргізушілерге біраз мүмкіндіктер беріліп отыр. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысы мәселесі бойынша заңнама актілеріне түзетулер енгізді. Соған сәйкес жүргізушілердің құқығы артып, полицейлердің міндеті көбейді. Оның ішінде, жол-патрулдік полиция көлікті тоқтатқан кезде, заң бойынша, жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатын күтпей, көліктен шығып кетсе болады. Енді полицейлер көлікті тоқтатқаннан соң, жақындап, өзін таныстырып, куәлігін көрсетіп, неге тоқтатқанын түсіндіріп, пайдаланылатын техникалық құралдардағы деректі көрсетуі тиіс. Бұған дейін бұл міндеттер ішкі істер министрі бұйрығында ғана айтылған болатын, сол себепті үнемі сақтала бермейтін….

Толығырақ

Шоу бизнестегі күйеуіне ұл туып берген «тоқалдар» (фото)

Шоу бизнестегі күйеуіне ұл туып берген «тоқалдар» (фото)

Бүгінде қоғамда ажырасу мәселесі өзекті болып отыр. Соның ішінде бірнеше баласымен бірге әйелін тастап, өзінен біршама жас бойжеткенге үйленгендер аз емес. Ажырасу мен отбасындағы келеңсіздіктер проблемасы жұлдыздарды да айналып өткен жоқ. NUR.KZ порталы күйеуіне ұл туып берген екінші әйелдерді назарға ұсынады. Ақбота Сейітмағамбет Жуырда ғана үш баласы бар әзілкешке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбет оған ат ұстар сыйлап, елдің назарына түсті. Дәурен Айдарқұлов ұлына қазақтың ұлы ақыны Ибрахимнің есімін берді. Мұрат Қожаның екінші жары — Әйгерім Мұрат Қожаның екінші жары Әйгерім де жуырда оған ұл сыйлады. Әлеуметтік желіде әншінің өзі қуанышымен бөліспегенімен,…

Толығырақ