Уфолог “бөгдепланеталықтарды” түсіріп алған видеосын көрсетті

Уфолог “бөгдепланеталықтарды” түсіріп алған видеосын көрсетті

7 шілде күні танымал уфолог Streetcap1 Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген видеосын бөлісті. Бұл туралы Рен ТВ арнасы хабарлайды. Ол Ай көрінген уақыттан 55 минут өткен соң аспаннан жарқыраған “керуенді” байқап қалған. Желі қолданушылары аталған видеоны көргеннен кейін оны тылсым белгілердің біріне балаған. Ал енді бірі мұның бөгдепланеталықтар екеніне сенімді.

Толығырақ

Шымкенттік 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырды (видео)

Шымкенттік 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырды (видео)

YouTube желісіне Шымкент қаласының тұрғынының 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырғаны туралы видеосы пайда болды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы жазады. Басылымның хабарлауынша, бірнеше күннен бері Шымкент қаласының ауа температурасы 50 градусқа жеткен. Ер адам ыдысқа май құйып, оны біраз уақытқа күнге қойып қойған. Кейін сол күнге қызған майда екі жұмыртқа пісірген. Видео авторы мұндай ауа райында газды үнемдеп, күнге тамақ пісіруге болатынын айтып жатыр. Синоптик мамандар 9 шілде күні Шымкентте ауа райы 42 градусқа дейін жетеді деп болжады.

Толығырақ

Шатырда тұрып трюк жасаған жігіт жерге құлап кетті (видео)

Шатырда тұрып трюк жасаған жігіт жерге құлап кетті (видео)

АҚШ-та үй шатырында тұрып акробатикалық трюк жасамақ болған жігіт байқаусызда жерге құлап түсті. Бұл туралы faktru.com басылымы жазды. Алдымен, жас жігіт акробатикалық трюкті сәтті орындап шығады. Артынша тепе-теңдік ұстай алмай, аяғы тайып жерге құлап түседі. Дәл қазір жігіттің қандай халде жатқаны белгісіз. Желідегілер оның мұндайдан аман қалуы мүмкін емес екенін айтып жатыр.

Толығырақ