Таразда автокөлік ғимаратқа соғылып, дүкен өртенді (видео)

Таразда автокөлік ғимаратқа соғылып, дүкен өртенді (видео)

Таразда «Toyota» автокөлігі сауда үйінің баспалдағына шығып кетіп, ғимарат қабырғасына соғылған. Жол-көлік оқиғасының фото және бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланған. Кадрда автокөліктің сауда үйіне соғылғаннан кейін, жанып жатқаны көрінеді. Өрт бірінші қабатта орналасқан дүкенді де шарпыған. Оқиғаны Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті де растады.

Толығырақ

Жаңа вирус қазақстандықтардың банкоматтарынан ақша ұрлай бастады

Жаңа вирус қазақстандықтардың банкоматтарынан ақша ұрлай бастады

«Касперский зертханасы» Neutrino вирусын тапты. Вирус POS терминалы мен банк картасына шабуылдауда. Neutrino вирусы Алжир, Қазақстан, Украина, Египет елі үшін де қауіпті болып тұр. Вируспен зақымдау әрекеттерінің 10 пайызға жуығы шағын бизнес кәсіпорындарына тиесілі. Зерттеушілер бұл вирусты бағдарламаны көптен бері зерттеу үстінде. Бағдарлама жаңа әдістерге көшіп, жүрісін өзгертіп отырады. Енді терминал арқылы ақша алатын банк карталарын зақымдай бастады. Вирусты бағдарлама терминалға түскен соң бірден зиянын тигізбей біраз уақыт тұрақтайды. «Вирусты бағдарламаның жаңа түрі күрделі болып барады. Сандық технология дамыған сайын зиянды бағдарламалар күрделену үстінде», – дейді «Касперский зертханасының» вирусқа қарсы…

Толығырақ

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовқа келіншегімен бірге дуэт орындауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Желі қолданушылары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің домбырамен ән салғанына қарап, талантына тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр. Көпшілік дәстүрлі әншінің жұбайының өнерге жақын екенін білмеген-ді. Отандық бағдарламалардың біріне арнап әнші мен келіншегі “Жалғыз аққу” әнін домбырамен орындаған болатын. Сөз арасында Фарида Айниязова жолдасымен мүлдем ренжіспейтінін, оны “сұлтаным” деп атайтынын айтқан-ды. Тыңдармандардың арасында видеоны жалғасын сұрағандар да болды. “Даусы қандай тамаша еді”, “Өмірқұл аға, сіз керемет әншісіз. Неге жұбайыңызбен бірге дуэт айтпай жүрсіз?”, “Екеуіңіз бір-бірлеріңізге сондай жарасып тұрсыздар”, “Ағам-ау, қанша жерден мықты…

Толығырақ

Ұятсыз би билеген бүлдіршін қыз бен бала жұртты шошытты (видео)

Ұятсыз би билеген бүлдіршін қыз бен бала жұртты шошытты (видео)

Ғаламторда ұятсыз би қимылдарын қайталаған кішкентай қыз бен бала жұртты шошытты. Шетелдік әуенге жақындаса билеген қыз бен бала еркін билеу үстінде. Оларды өзге біреу видеоға түсіріп жүр. Екеуінің әрекеті қазіргі стриптиз билерін еске салады. Желі қолданушылары қыз бен баланың әрекетін қазіргі ашық жариялайтын ғаламтор желісінің қолжетімділігінің салдары деп болжады. Олар келешек ұрпақты дұрыс тәрбиелеу үшін ұятсыз сайттарды бұғаттауы керек екенін айтуда.

Толығырақ

Қайрат Нұртас: Нюша менен бірге ән айтқаны үшін ақша алмады

Қайрат Нұртас: Нюша менен бірге ән айтқаны үшін ақша алмады

Отандық бағдарламалардың бірінде Қайрат Нұртас соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші “Қалыңдық” атты туындысының көрермендерге қашан жол тартатынын айтты. Мұнымен қатар, бір кездері Нюшамен қалай келісімге келгенін сөз етті. Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды. “Жақында “Қалыңдық” деп аталатын мелодрама түсірдік. Көп жылдан бері жасырып келген құпиямның ашылуына өздеріңіз куә боласыздар. Құдай қаласа, не жасырып келгенімді көресіздер. Ағымдағы жылдың күз айында көрермендерге жол тартатын болады. Муз ТВ жобасына барып, өзімді еркін ұстап, жұлдыздармен сырласып қайттым. Алла қаласа, келесі жолы сол жерде өзім өнер көрсететін боламын. Арғы жылдары солардың бір жүлдесін алып, биіктен…

Толығырақ

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Оқырмандардан күн сайын жүздеген хат келіп түседі. Солардың бірін Түркістан қаласының тұрғыны жолдаған. Бұл туралы Инстаграм желіснің islam_nasikhat парақшасында жарияланды. Азамат (жеке басының қауіпсіздігі үшін аты өзгертілді) есімді хат жолдаушының сөзінше қатерлі ісікке шалдыққан туысқан ағасы емші бала Ербосынға барғаннан кейін үш айдан соң көз жұмған. «Дәрігерлер ағама «ішегінде қатерлі ісік бар» деген диагноз қойды. Бірақ олар бүгін-ертең өледі деп айтпаған болатын. Осы уақытқа дейін ауруханадан тұрақты түрде емін алып, өз аяғымен жүрген болатын. Кімнен естігені белгісіз «Ербосын деген балаға барамын. Небір ауруды жазып жібереді екен» деп, былтыр аптаған ыстықта…

Толығырақ

Қостанай облысында 1500 қой мен қойшысы қаза тапқан жерден түсірілген видео жарияланды

Қостанай облысында 1500 қой мен қойшысы қаза тапқан жерден түсірілген видео жарияланды

Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы қойшы қаза тауып мен 1 500 қойдың қырылған жерден түсірілген видео жарияланды. Бұрын хабарланғандай, өрттің себебі найзағай түсуінен болған. Қойшы қойларды құтқаруға тырысып жанталасамын деп, өзі де ажал құшқан. Оның артында 8 баласы қалды. Еске салсақ, оқиға Қостанай облысы, Жангелді ауданында болған. Оқыс оқиға нәтижесінде 1500 бас қой мен қойшы өртеніп қайтыс болды. Видеоны Olga Kolokolova есімді youtube қолданушысы жариялады.

Толығырақ

Ұшақ дәретханасына бірге кіріп кеткен ер мен әйел адам видеоға түсіп қалды (видео)

Ұшақ дәретханасына бірге кіріп кеткен ер мен әйел адам видеоға түсіп қалды (видео)

Британиялық Virgin Atlantic әуе компаниясының жолаушысы лайнердің дәретханасына бірге кіріп кеткен ер мен әйел адамды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба 9 миллионнан астам қаралым мен 60 мыңнан астам пікір жинаған. Ролик авторының айтуынша, оқиға 4 шілде күні Лондоннан Майамиге ұшқан рейс кезінде болған. Кадрда дәретханадан қыздың ашулы күйде шыққаны байқалады. Ал оның серігі іште риза күйде қала берген. Біраз уақыттан соң ол да шығып кетеді.

Толығырақ