Астанада сұранысқа ие мамандықтар тізімі жасалды

Астанада сұранысқа ие мамандықтар тізімі жасалды

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы. Астанада әлі дежұмысшы мамандықтарға зәру. Тізімнің басында құрылысшы мамандығы тұр. Биылғы жылдың өзінде түрлі қалалық кәсіпорындардан 3 мыңға жуық сұраныс түскен. Құрылысшы мамандығына деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты болады. Астанада әртүрлі жұмыстарды атқаратын мамандар тізімнің екінші орнында тұр. Бұл кәсіпке жыл басынан 1,7 мың бос орын болды. Үшінші орында – медицина қызметкерлері. 2017 жыл басталғалы Жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушілерден 705 сұраныс түскен. Бұл ретте, мамандардың болжауынша, ақ халаттыларға деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты түрде артып отыратын болады. Одан…

Толығырақ

Сәбиді қырқынан шығарудың құпиясы неде?

Сәбиді қырқынан шығарудың құпиясы неде?

Біздің қазақ, жаңа туған нәрестені 40 күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей, тығып ұстайды. Бұл ғұрпын «қырқынан шығару» деп атайды. Бұл дәстүр не үшін ойлап табылған? Дәл қазір, осы тақырыпты әркім өзінше жорамалдап, әлі келгенше талдаған болып жатыр. Қайбіреулер «қырық» атауынан шамандық із көрсе, енді біреулер символикалық мән, философия іздеп әуре. Алайда бұл пікір-пайымдардың ешқайсысы дұрыс емес. Бұл салт – таза тұрмыстық қажеттіліктен туған. Әрі бұл жоралғыны медицинадан хабары бар адам ойлап шығарған. Жоға, бұл менің сөзім емес. Шымкенттегі №2 балалар емханасының педиаторы Мәнсия Кабулова осылай дейді. Балалар дәрігері…

Толығырақ

Баланы сүндеттеудің медицинадағы пайдасы қандай?

Баланы сүндеттеудің медицинадағы пайдасы қандай?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес амал фитраттан: сүндеттеу, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу», – деген екен. Фитрат – адамның туа біткен жаратылысы. Басқаша айтқанда, Алла Тағала бейім еткен болмысы. Бұл хадис Малик, Ахмед, Бұхари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мәжәнің хадис еңбектерінде бар. Сүндеттеу шафиғи мазхабын көзқарасында – уәжіп амал, ал ханафи мазхабы және басым ғалымдар ұстанымы бойынша – сүннет. Сондықтан, Ислам дінін қабылдаған ер азаматқа сүндет жасауды кешіктірмей шұғыл жасауды міндеттеп талап етпеген жөн. Уақыт беріп, біршама дайындалғаны да абзал. Имам Маликтің еңбегінде: «Сағид…

Толығырақ

FACEBOOK ЖЕЛІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕГМЕНТІНДЕ ЖАҢА ВИРУС ТАРАЛЫП ЖАТЫР

FACEBOOK ЖЕЛІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕГМЕНТІНДЕ ЖАҢА ВИРУС ТАРАЛЫП ЖАТЫР

Қазақстандық Facebook желісін қолданушыларына вирустың жаңа түрі зиян келтіріп отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вирусты қабылдаған қолданушылардың достарына оның атынан сілтеме келеді. Ол сілтеме бойынша сіз өзіңіз туралы видеоны көре алатындығыңыз жайлы хабардар боласыз. Оны ашқан сәтте вирус кілт сөздерді ұрлайды.  Хабарлама шаблонында сізге жолдаушының аты сұрақ белгісімен жазылатынын айта кету керек, бұл сізді сілтемені ашуға итермелейді. Қолданушылардың бірқатары достарын ескертіп үлгерді. Олар өздерінің атынан спам тарап жатқанын және сілтеме арқылы өтпеуін сұрады.

Толығырақ

Сайран көлі жағасындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)

Сайран көлі жағасындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)

Алматыдағы Сайран көлінің жағалауындағы жаппай төбелестің видеосы желіде пайда болды. Онда жігіттер біреудің басынан гитарамен ұрып жатады. Таяқ жеген ер адам орынынан тұрғысы келгенімен, оған жабылған екі бірдей еркек аяусыз ұрып, тепкілеп мүмкіндік бермеген. Содан кейін зардап шеккен адамға көмектеспек болғандарға тиісе бастайды. Еске салсақ, төбелес 2 шілде күні 19:00-де болған.

Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Нұр Отан» партиясының  Арал аудандық филиалында «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.     Шараға ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері  Абзал Ералиев пен Геннадий Шиповских  қатысты.     Жиылғандар Астана төрінде бастау алған ЭКСПО көрмесінің  экономикалық тиімділігі мен маңыздылығын талқылады.     –«EXPO – 2017» көрмесі бізге көп мүмкіндік береді. Көрме арқылы Қазақстан әлемге тағы жаңа қырынан танылды. Бүгінде жыл сайын ел экономикасына 20 млрд. долларға жуық инвестиция тартылуда. Халықралық көрмеден кейін оның ағыны ұлғая түседі…

Толығырақ

Сыған әйелдер жас жігіттің “көзін байлап” қымбат заттарын ұрлады (видео)

Сыған әйелдер жас жігіттің “көзін байлап” қымбат заттарын ұрлады (видео)

Желіде сыған әйелдердің гипноз жасау арқылы, жас жігіттің көлігінен қымбат заттарын ұрлап кеткен видеосы пайда болды. Әйелдер қастандық әрекеттерін көпшіліктің көзінше, тура көліктің жанында тұрып жасаған. “Сығандар жігітті гипноздау арқылы оның машинасынан әмиянын, телефонын алып кетті. Ал мен түсіруге жақындаған кезде мені қуа бастады. Оқиға “Әлем” дүкенінің жанында болып жатыр. Өз-өздеріңізге мұқият болыңыздар”, – деп жазады автор.

Толығырақ

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа – 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға – 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға – 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», –…

Толығырақ

ҚР ІІМ өкілдері «Жол жүрісі туралы» Заңында не өзгеретінін айтып берді

ҚР ІІМ өкілдері «Жол жүрісі туралы» Заңында не өзгеретінін айтып берді

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер елімізде жол жүрісіне қандай өзгертулер енгізілгенін айтып берді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі құқық қорғау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңмен Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, оларды бергені үшін: цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 — 5 700 пайыз (АЕК — автор сөзі); цифрлық…

Толығырақ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?

Елімізде тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті мүгедек болып жатқандар және жол көлік апатынан мүгедек болғандар өте көп. Еліміз мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік — әлеуметтік жәрдемақыны алушыларды үш топқа бөледі. Жалпы аурулар бойынша, әскери қызметте жарақат алғандар және мемлекеттік орган қызметкерлеріне арнайы тағайындайлады. Мәселен туа бітті мүгедектер мен бала кезінде мүгедек болғандарға жәрдемақыны былайша тағайындалады: 1-топ мүгедегіне – 43 538 теңге, 2-топ мүгедегіне – 33999 теңге, 3-топ мүгедегіне – 23970 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 32042 теңге, бала кезінен 1-топ мүгедегіне – 43538 теңге, бала кезінен 2-топ мүгедегіне –…

Толығырақ