Құмалақшы әже автомат ойынын ойнап өз қасиетін сынап көрді (видео)

Құмалақшы әже автомат ойынын ойнап өз қасиетін сынап көрді (видео)

Құмалақ ашумен айналысатын әже автомат ойнап өзін сынап көрді. Ғаламторда әжейдің автомат ойнап жатқан видеосы жарияланды. Желі қолданушыларының айтуынша, әжей Қарағанды қаласының тұрғыны. Өзі құмалақ ашумен айналысады екен. “Жастарға несіне ренжиміз, ақыл айтар үлкендеріміздің түрі мынандай болса”, “Бұл харам ойын”, “Ақша жетпегеннен ойнап көргісі келген шығар” деп жазады желі қолданушылары.

Толығырақ

2024 және 2028 жылғы жазғы олимпиада ойындарының қайда өтетіні анықталды

2024 және 2028 жылғы жазғы олимпиада ойындарының қайда өтетіні анықталды

Бастапқыда 2024 және 2028 жылғы олимпиада ойындарын өткізуге бірден бес қала өтініш берген. Нәтижесінде Париж бен Лос-Анджелес таңдап алынды. Әзірге бұл қалалардың нақты қай жылы жазғы ойындарды қабылдайтыны белгісіз. Бұл мәселе бойынша шешім Халықаралық олимпиада комитетінің 131-ші сессиясында қабылданбақ. Алғашқыда жазғы ойындарды қабылдауға Гамбург, Будапешт, Рим қалалары да үміттенген. Алайда турнирді ұйымдастыруға кететін аса көп шығынға байланысты олардың барлығы бас тартты. Еске салсақ, 2020 жылғы олимпиада ойындарын Токио қабылдайды. Ал Париж бен Лос-Анджелес жазғы олимпиада ойындарын үшінші рет өткізбек.

Толығырақ

КЕҢІСТІГІМІЗДІҢ ЖАҢА БАСТАУЫ

КЕҢІСТІГІМІЗДІҢ  ЖАҢА БАСТАУЫ

Елбасымыздың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халық­ тан қызу қолдау тапқан бағдарламалық мақала­сы ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақ­станның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңіс­ тігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани коды» дейтін академиялық ұғым кешелі- бүгін ғана емес, Мемлекет басшысының ой-санасында әлденеше рет елекке түскен, таразыға тартылған, сан жылдардан бері сарапталып, пісіп-жетіліп, өзінің сын саға­тын күтіп келген дүние екені даусыз. Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жү­зеге асырылған ірі-ірі жобалар мен стра­тегиялық бағдарламалардың дені саяси-әлеуметтік, экономикалық ендіктерге құ­рылған болатын. Бәрі де рет-ретімен жүзе­ге асырылып келді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»–ұлттық…

Толығырақ

ӘЛЕМ НАЗАРЫН АУДАРҒАН КӨРМЕ

ӘЛЕМ НАЗАРЫН АУДАРҒАН КӨРМЕ

ЭКСПО халықаралық көрмесі алғаш рет 1851 жылы Лондон қаласынан бастау алға­ лы бері оған қатысушы мемлекеттер ара­ сындағы білім мен тәжірибе алмасу, әлемдік мәселелердің алдын алу мен ынтымақтас­ тықты дамытудың таптырмас құралына ай­ налып келе жатыр. ЭКСПО-ның тарихына үңілетін болсақ, осы кезге дейін өткізілген көрме барысында телефон және рентген ап­ параты, шолу шеңбері, сырғытпа, нейлон, балмұздақтың вафель стаканы, ұялы телефон мен сенсорлық экран тәрізді технологияның жаңа жетістіктері көрсетіліп, кейін ол әлемдік қолданысқа ене бастаған. Сондай-ақ, дүниежүзілік көрмені өткізуге ие болған мемлекеттер көлік тасымалы мен қызмет көрсету жүйелері, жаңа технологиялар, жаб­…

Толығырақ

БАСТЫ МІНДЕТТЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мен аппарат мәжілісі өтті. Онда басты мәселелерге басымдық беріліп, міндетті жұмыстардың ор­ ындалу барысы талқыланды. Осынау кеңейтілген басқосу ба­ рысында аудан басшысы бірқатар ауыс-түйістерге тоқталып, жаңа қызметке тағайындалған азаматтар­ дың абырой биігінен көрінетініне сенім білдірді. Мұнан соң, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­ шысы Сәбитжан Нұрғалиев «Сы­ баға», «Алтын асық», «Құлан» бағ­ дарламаларының жүзеге асуы тура­ лы хабарлама жасап, үстіміздегі жылы 8 шаруашылық асылдандыру бағытында жұмыс жасағанына тоқ­ талып, кейбір ауылдық округтер­ дің аталмыш мемлекеттік бағдарла­ малардан қалыс қалғанын қынжыла жеткізді. Сондай-ақ, аудан…

Толығырақ

Баланың құлағынан құрттарды алып жатқан видео қазақстандықтарды шошытты

Баланың құлағынан құрттарды алып жатқан видео қазақстандықтарды шошытты

Сарапшы маман желіде тараған видеоға қатысты пікірін айтты. Видеода баланың құлағынан құрттарды алып жатқан сәт түсірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ғылыми зерттеу институтының мамандарының айтуынша, баланың құлағынан алып жатқан құрттар етке түсетін шыбынның дернәсілдері. Қазақ ғылыми-зертеу мал дәрігерлік институтының мал дәрігері, профессор Аида Абдыбекованы айтуынша, етке түсетін шыбындар жаз айларында қаптап шығады. Мұндай шыбындардың аналығы ұсақ құрттарды таратады. «Қоқыстың бетін жауып ұстау керек. Асүйді жиі жуып тұрыңыздар. Мұндай шыбындар өлтіруге арналған арнайы қағаздар, химиялық қоспалар бар», – дейді мал дәрігері. Ескерту! Видеода жағымсыз әрекеттер түсірілген! Источник: Stan.kz

Толығырақ