Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков 2017 жылы іске қосылатын нысандардың құрылысы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Сала басшысының айтуынша, қазіргі таңда аталған басқарма арқылы 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23-і өткен жылдан қалғаны болса, 31-нің құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд…

Толығырақ

АЛТЫ АЙДА АЙМАҚҚА ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

АЛТЫ АЙДА АЙМАҚҚА ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 9981 адамды болды. Осылайша Сыр табиғатымен танысуға сырттан келгендер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға артты, деп хабарлайды кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері. Келушілерді орналастырумен 89 нысан айналысқан. Өткен жылы Қазақстан туристік ассоциациясы Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағытта бекіткен болатын. Қарт Қаратау мен айдынды Аралдың аралығын қамтитын осы бағыттар бойынша толық мағлұмат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ, бұл ақпаратпен қазақстандық туристік операторлар да қамтамасыз етілді. Сырттан келетіндер біздің аймақтағы тарихи орындармен танысып, танымын кеңейте түсуі…

Толығырақ

Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды (видео)

Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды (видео)

Тамаша дауысымен әлеуметтік желіні дүр сілкінтіп, көпшілікті таңғалдырған ақтөбелік 12 жастағы Мұхамбетәли Қалауов болашақта Димаштан да озуды армандайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Витастың «Опера 2» әнін орындаған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында тұратын бала, Димашқа еліктейтінін айтты. 3-сыныбынан бастап музыкалық мектепте дәріс алған бала, нота біледі, күй тартады. Әлі де болса үлкен конкурстарға қатысып көрмеген балақай, интернетте жария болған кездейсоқ видеосының арқасында жылдам танымал болып кетті. “Әкеміз де театр әртісі еді. Мұхамбетәли болса кішкентайынан өнерге құштар. Енді кәсіби әнші болуы үшін арнайы білім алғаны да жөн,” – дейді әпкесі…

Толығырақ

Жүргізушіге қол көтерген полицей видеоға түсіп қалды (видео)

Жүргізушіге қол көтерген полицей видеоға түсіп қалды (видео)

Әлеуметтік желіде көлікті тоқтатқаннан кейін оның жүргізушісіне қол көтерген полицейдің видеосы пайда болды. Зырян қаласында болған оқиға барысында, көлік жүргізушісінің ұялы телефоны зақымданған. Онда жүргізуші өзінің жол ережесін бұзбағанын айтады. Бірақ, жол сақшысына видеоға түсіру ұнамай қалса керек, телефонды тарт деп дүрсе қоя берген. Көлік жүргізушісі телефонымен түсіруді жалғастыра берген соң, полицей ашуланып оны жұдырықпен ұрған.

Толығырақ

КВН ойыншысы қазақ тілі жайында сәтсіз әзіл айтты (видео)

КВН ойыншысы қазақ тілі жайында сәтсіз әзіл айтты (видео)

“Камызяк елі құрамасының” капитаны Азамат Мұсағалиев пен әзілкеш Нұрлан Сабуров қазақ тілі жайынды сәтсіз әзіл айтты. Екі әзілкеш ТНТ арнасындағы роликке түсті. Роликте Сабуров Мусағалиевке қазақ тілінде сөйлейді. -Азамат, өзің қалай, денсаулық қалай?” – деп сұрады Нұрлан Сабуров. -Курлы-мурлы, курлы-мурлы”, – де жауап берді Мұсағалиев. – Ол не деген мағынаны білдіреді? – Ал, сенің сұрағыңның мағынасы бар ма? Мен сені жай әзілдеп тұр екен деп ойладым, – дейді Мұсағалиев. Желі қолданушылары бұлайшы ешкімді күлдіре алмайтынын айтып жатыр. Көпшілік әзілкештердің өз тілін күлкіге айналдырғанын айтып дауласты. Тіпті, жанкүйерінің бірі осы әзілінен…

Толығырақ

Қандай жұп екеніңізді табыңыз

Қандай жұп екеніңізді табыңыз

Тартыс-талас, айғайға толы қарым қатынас 2. Ұзаққа бармайтын қарыс-қатынас 3. Өте жақсы жұп 4. Олар бір-бірі үшін жаралған 5. Жалынды қарым-қатынас, бақытты жұп 6. Бәрі жақсы болуы мүмкін 7. Көңіліңіз қалуы мүмкін 8. Болжап болмайтын қарым-қатынас 9. Достық, қуаныш 10. Екеуі де қырсық, кім жеңетіні белгісіз 11. Ерекше, оқиғаларға толы қарым-қатынас 12. Өмірге деген құштарлықтары толы жұп 13. Толық түсінушілік 14. Мінездері әртүрлі 15. Жақсы жұп, бірін-бірі түсіне біледі 16. Екеуі де назарды, көңіл бөлінгенін сүйеді. Біреу жол беру керек. 17. Қырсықпасаңыздар бәрі жақсы болады. 18. Берік қарым-қатынас, берері мол…

Толығырақ

Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео)

Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео)

Төрт жас шамасындағы қызды  әйел адам видеоға түсіре отырып, оның белаусь екенін түсіндіреді. Бірақ қыз онымен келіспей қазақпын деп жылап жібереді. “сенің әкең беларусь, атаң беларусь, Даша да беларусь ендеше сен де беларусьсің. Айттым болды сен беларусь қызысың”,-дейді келіншек қызға. Осы сөзді естіген бүлдіршін жылап отырып “мен қазақпын” деп жауап береді. Өзін қазақпын деп жылаған қызға әйел “қазақ болсаң қазақ тілінде сөйлеші” дейді. -Помидордың қазақшасы қалай болады? – қызанақ -Огурец ше -қияр -лук ше? -пияз -яблока? -алма -груша? -алмұрт -Жарайды қазақсың, қазақсың жылама Осыдан кейін жылап отырған қыз жымиып күліп,…

Толығырақ

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипед айдауға тыйым салынды

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипед айдауға тыйым салынды

2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 83-VI ЗРК) Заңға (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Аталған заң аясында жаяу жүргіншілер өткелінен велосипед айдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Bnews.kz. Заңмен Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, оларды бергені үшін: цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 5 700 пайыз; цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ),…

Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін комитетінің құрылғанына  25 жыл толуымен құттықтап, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. –Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудың сындарлы жолдарынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысып қана қоймай, егемен еліміздің мүддесін қорғау болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табыла білуі қажет,- деді…

Толығырақ

Елбасы ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Елбасы ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлады Ақорадның баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Ф-В.Штайнмайердің Германия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отырғанын атап өтіп, оған «ЭКСПО-2017» көрмесін аралап көруге қызығушылық танытқаны үшін ризашылық білдірді. – Мен Сізді еліңіздің Президенті лауазымына сайлануыңызбен құттықтаудың осындай мүмкіндігі туындағанына қуаныштымын. Сіз дүние жүзіне белгілі әрі көпшілік құрметтейтін саясаткерсіз. Германия халқы өзіңіздей беделді Президентке ие болды. Біз бір-бірімізді көптен бері білеміз. Сізбен ынтымақтастықта болып, жүздесу әрдайым көңіл қуантады. Сіз сыртқы істер министрі лауазымында болған кезде біз кең көлемді түрлі…

Толығырақ