Ақыретте өкінетін үш адам

Ақыретте өкінетін үш адам

Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып “аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер” деп әмір береді. Әскерлі бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі “Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап босқа қиналамыз ба, еш нәрсе жинамаймыз” деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды. Екінші бөлігі “Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашанда мойынсұну керек” деп аз ғана жинайды. Үшінші топ болса “Қолбасшымыз ешнәрсені босқа әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз” деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады….

Толығырақ

Елімізде “Қазақ хандығы” деп аталатын жаңа үстел ойыны пайда болды (фото, видео)

Елімізде “Қазақ хандығы” деп аталатын жаңа үстел ойыны пайда болды (фото, видео)

Қазақстанда ақыл-ой қабілеттілігін сынауға бағытталған, үстел үстінде ойналатын жаңа “Қазақ хандығы” деп аталатын ойын шықты. Бұл туралы Фейсбуктегі Настольная игра Қазақ Хандығы үстел ойыны парақшасында жариялады. Ойын шарты бойынша, төрт қарсылас сұлтан рөлінде болып, хан атануға талас жүргізеді. Өз туының астына ең көп ру жинай алған ойыншы, хан болып сайланады. Ойын жинағының ішінде екі тілде жазылған түсініктеме, ойын алаңы, қатысушылардың туы, 30 іс-әрекет картасы, 20 қаһарман картасы, 80 киіз үй жетоны, 80 билік жетоны бар. Олардың жалпы бағасы – 19 990 теңге.

Толығырақ

Қазақстандық сүрбойдақтар жартылай жалаңаш билеп қыздарды еліктіріп қойды (видео)

Қазақстандық сүрбойдақтар жартылай жалаңаш билеп қыздарды еліктіріп қойды (видео)

Шетелдегі аралдардың бірінде демалып жатқан сүрбойдақтар жартылай жалаңаш билерімен қыздарды шулатты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Дәл қазір Мальдив аралдарында демалып жатқан қазақстандық сүрбойдақтар желіге түрлі билерінің видеосын жүктеді. Аталған видеоны көрген желі қолданушылары көңілдерінің бір көтеріліп қалғандарын айтып жатыр. Көпшілік Тәуекел Мүслім мен кішкене актер Азаматтың биін жоғары бағалады. “Азамат, Тәуекел екеуің туысқансыңдар ма?”, “Бәрінен де Азамат жақсы билейді. Пластикасы да керемет”, “Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдада талдаңда деген осы”, “Олжас барынша тырысып жатыр”, “Өте жақсы шыққан. Жарайсыңдар!” деп жазады олар.

Толығырақ

Діни сауаты жоқ емші бала Ербосын халыққа құран үйретіп жүр

Діни сауаты жоқ емші бала Ербосын халыққа құран үйретіп жүр

Емші бала Ербосын Серікбаев өзіне Қызылорда облысынан мешіт салып алған. Қаршадайынан емшілікпен аты шыққан Ербосын мешітті өз қаржысына салғанын айтты. Діни сауаты таяз емші ауыл балаларына Құран оқудан  сабақ берген деп хабарлайды NUR.KZ порталы. «Мен кеше ғана Қызылорда облысы Арал қаласының Қосжар ауылына барып өз мешітімді ашып келдім. Қосжарда 40 оқушым бар. Ол жақта мен араб тілінен сабақ беремін. Оларға құран оқуды, намаз оқуды үйретемін», — дейді Ербосын Серікбаев. Емші өзін қаралағандарға «үріп отырғандар» деп күлетінін жасырған жоқ. «Бес саусақ бірдей емес. Халық болған соң қаралайтындар табылады. XXI ғасырда өмір…

Толығырақ

Қиындықтан құтқаратын алты амал

Қиындықтан құтқаратын алты амал

Құраннан қуат алып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен разылығы болсын) хадисін өміріне нәр еткен біздің ата-бабаларымыз ұрпағына: «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деп өшпестей даналық сөз қалдырған еді. Сабыр сақтаған мұсылманда кез-келген қиындықты дұрыс пайдалану арқылы игілікке жету мүмкіндігі бар! ☺ «Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның ісінің барлығы ол үшін жақсылық. Сондай-ақ, ол мүміннен басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір қуаныш келсе, ол Аллаға шүкірлік етеді, ол оған жақсылық болады. Ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған сабыр етеді, ол оған жақсылық болады». (Муслим) Сөзсіз, ауру-сырқат – адамға…

Толығырақ

Төреғали Еркеден ән арқылы “кешірім сұрады”

Төреғали Еркеден ән арқылы “кешірім сұрады”

Төреғали Төреәлінің соңғы туындысын естіген жұрт “Әнші Ерке Есмаханнан ән арқылы кешірім сұрады” деп шулап жатыр. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қоштап, жылы лебіздерін білдірді. Десе де, бұл әннің нақты кімге арналғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Төреғали Төреәлі инстаграм желісіндегі парақшасында “Ерке қыз кешір” атты жаңа әнін бөлісті. Аталған туындының атына қарап көпшілік оны Ерке Есмаханға арналды деген пікірді ұстануда. Еркенің өзі де аталған әнді бөлісіп, тұсына “Кешірдім…” деп жазып қойыпты. Желі қолданушыларының аталған әнге қатысты пікірлерге екіге бөлінді. Бірі мұны пиарға баласа, екіншілері, расымен де, Ерке Есмаханға арналғанына сенімді. Арасында…

Толығырақ

“Ninety one” туралы фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгілі болды (видео)

“Ninety one” туралы фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгілі болды (видео)

Жуырда “Ninety one” тобының екі жыл ішінде бастан кешірген оқиғалары туралы фильмдері көрерменге жол тартпақ. Аталған туындыны режиссер Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова бірігіп түсірген. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Ninety one” тобының көрермен көзінен таса болуының себебі анықталды. Олар өздері туралы фильмге түскен екен. Яғни жігіттер енді актерлік қырларынан танылмақ. Туындыны тамыз айының 24-інен бастап қазақстандық кинотеатрлардан көруге болады. Желі қолданушылары бұл жаңалықты түрліше қабылдап жатыр. Көпшілік асыға күтетіндерін жазып жазуда. “Барлық қалады көрсете ме? Өскемендіктер көре ала ма?”, “Сіздерді сондай қатты жақсы көремін”, “Қанша бөлімнен тұрады?”, “Эизиді ұрған адамның актерлік қабілеті…

Толығырақ

ТЕМЕКІНІ ТАСТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ШАЙ

ТЕМЕКІНІ ТАСТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ШАЙ

Зиянды әдеттермен күресуге табиғи шөптерден жасалған дәмді әрі пайдалы шайлар көмектеседі. Әсіресе, шілтер жапырақ шайқурай мен қазанақ немесе саз қазанақ деген түрлері темекіні қоюға көмектеседі. Аталмыш дәрілік шөптерден бір-бір ас қасықтан алып, 800 грамм қайнаған суға салып, ішуіңіз керек. Шайды мынадай жолмен дайындайды: Шөп қоспасының үстіне қайнаған су құйып, 20 минут баяу жанып тұрған отқа қойып қайнатыңыз. Содан кейін қайнатпаны 3 сағатқа қалдырыңыз. Дайын болған соң дәміне байланысты қайнаған су араластырып іше беруіңізге болады. Ең бастысы шайыңыздың тым тәтті және ащы болмағаны дұрыс. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, мұндай шай тек…

Толығырақ

Аудан ардагерлері көрмеге аттанды

Аудан ардагерлері көрмеге аттанды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалаушылардың қатары күн санап артып келеді. Көпшіліктің көзайымына айналған, бүкіл әлем халықтарының таңданысын тудырған бұл көрме жайлы тіпті сөзбен айтып жеткізуге тіл жетпейтінін айта жүргендер де қаншама?! Бір мезетте бірнеше елге саяхаттау мүмкін емес десекте, ЭКСПО аумағына бір кіріп кіріп шыққан адамдар толықтай дерлік барлық әлем халқының мәдениетімен таныс бола алады. Кеше осынау көркі көз тартқан көрмені тамашалауға ауданымыздың бірқатар елағалары аттанды. «Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр» дегенді мақсат тұтқан бұл жандар қазақ халқының кешегісі мен бүгініне куәгер болып, халықтың басынан өткен қиындықтар мен ақжолтай…

Толығырақ

Жамбыл облысында той кортежі жол апатына түсіп, үш адам қаза тапты (видео)

Жамбыл облысында той кортежі жол апатына түсіп, үш адам қаза тапты (видео)

«14 шілде күні сағат 16:12-де Меркі ауданының жедел жәрдем қызметіне Сыпатай батыр ауылы маңындағы автожолда бірнеше автокөліктің соқтығысқандығы жөнінде ақпарат түсті», — деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз қызметінен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, «Mercedes-Benz» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші бірінен соң бірі үш көлікті соққан, олардың бірі жол-патрульдік полициясы батальонының қызметтік машинасы болып табылады. Жол апаты салдарынан 1962 жылы туған әйел мен 2015 жылы дүниеге келген қыз бала оқиға орнында мерт болды. Үш жолаушы мен «Mercedes-Benz»-тің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша…

Толығырақ