Базар дәретханасында дайындалған көжеден абай болыңыз

Базар дәретханасында дайындалған көжеден абай болыңыз

Әйгілі «Барахолка» базарында сатылып жүрген салқын  көжені газды сусыннан артық көріп, таңдап ішетіндер көп. Бірақ жұрт оның дайындалуын, тазалығын сатушының  ұятына сеніп тексеріп жатпайды. Ләззат Тоқмолдаева есімді қала тұрғыны базар дәретханасында көргенін желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше жұрттың ақысын төлеп, ауру сатып алып жүргені анық. «Барахолка дəретханасына кіріп, мынандай көзбояушылықтың куәсі болдым.Бір апа қолындағы үлкен қол дорбасымен кірді де, ішінен бір кішігірім дорбасын шығарып, ішіндегі піскен арпаларын бір шелекке салды.Қайтер екен деп қарап қалдым. Əлгі шелекке дəретханадағы қол жуатын шүмектен, қолындағы ожауымен су толтыра бастады. Сонан соң əлгі шикі су…

Толығырақ

Алматы облысында әйел Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерін оңдырмай балағаттады (видео)

Алматы облысында әйел Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерін оңдырмай балағаттады (видео)

“Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметі Алматы облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болған дауға қатысты түсініктеме берді. Оқиға 18 шілде күні Қарасай аудандық ХҚКО бөлімінде болған. “Бейнежазбадағы әйел 2010 жылы туған ұлының дайны болған құжатын алу үшін мемлекеттік мекемеге келген. Маман дайын құжаттарды беру кезінде ережеге сәйкес, оның қол қоюын және жеке басын куәландыратын құжатын сұраған. Алайда клиенттің қолында тек қызына берілген құжатты алу туралы қолхат ғана болғандықтан, маман оған құжатты беруден бас тартады. Осы себепті ол дау шығарып, балағат сөздер айтып, тіпті маманға қарсы физикалық күш қолдану көрсетпек болып, қоғамдық…

Толығырақ

Көрменің де көрмесі бар

Көрменің де көрмесі бар

Көрменің де  көрмесі  бар. EXPO халықаралық  көрмесі  күнделікті  көп  шараның  бірі емес. Оны  өткізуге  ынталы  елдер  көп.  Астана Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында бельгиялық Льеж қаласын басып озған еді.  «ЕХРО-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалып, талайдың таңдайын қақтырды. Себебі, бұған  дейін  Орталық Азия  аумағында, ТМД  кеңістігінде EXPO-ны  өткізу  ешбір  елге бұйырған  жоқ. 166 жылдық тарихы бар  көрменің Астанада өткізіліп жатырғаны  еліміз үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш.   Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның  103 мүше мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз…

Толығырақ

Бала тәрбиесіне мән берген ұжым

Бала тәрбиесіне мән берген ұжым

Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: «Ана- үйдің берекесі, бала-үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын үлкен азамат қылып өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Ал, тәрбиеші-баланың жан дүниесін, сана-сезімін қалыптастыратын және оның жақсы қасиеттерінің…

Толығырақ

Автобуста домбырамен орысша ән айтқан әйел желіде жұлдызға айналды (видео)

Автобуста домбырамен орысша ән айтқан әйел желіде жұлдызға айналды (видео)

Автобуста отырып домбырамен ән салған әйел желіде жұлдызға айналды. Видеоны оның өнерін тамашалаған жолаушылар түсіріп, желіге жариялаған. Бастан аяқ аппақ киім киген қазақ әйелі өзін қолпаштаған сайын шабыттана түседі. “Менің видеоға түсіргенімді көріп орысша ән салды”, – деп жазады автор. Автор өзінің украин ұлтының өкілі екенін атап өтті. Желі қолданушыларының кейбірі әнші әйелді танитындарын, оның Астанадаға жерасты өткелінде шпагатқа отырған күйінде де ән айтқанын жазып жатыр. Кейбірі оны өз көзімен көріп, әнін тыңдағысы келетінін жасырмады.

Толығырақ

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Асхат Тарғын қызымен бірге түскен видеоларын желіге жүктеп жұртты бір күлдіріп алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Соңғы бір жыл ішінде Асхат Тарғын өзін ғана емес, бірінші некесінен дүниеге келген қызын да жарнамалап жүр. Оны түрлі отандық бағдарламаларға қатыстырып, әншілік байқауларда бағын сынатқызған-ды. Енді міне инстаграм парақшасына қызымен бірге түскен видеосын бөлісіп, жұртты күлдірді. “Кейде баламен бала болып ойнаймын. Себебі, қызымның күлгені, қуанғаны, көңілі мен үшін қымбат. Айымның ютубтағы каналына қосылыңыздар. Toma Way – қызық видеолар осында”, – дейді әнші. Мұнымен қатар, әнші мен қызы газ арқылы дауыстарын өзгертіп, желідегілерді тағы да бір…

Толығырақ

Күйеуіне мына сөзді айтқан әйел тозаққа барады

Күйеуіне мына сөзді айтқан әйел тозаққа барады

Кейде біз өзімізге үнемі жақсылық жасап жүрген бір адамның кенет бізге бір зиян тигізгенін көрсек, оның бұған дейін жасаған барлық жақсылықтарын ұмытып кетеміз. Оған деген сүйіспеншілік пен қадір-құрмет сол сәтте-ақ құлдырап сала береді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Мен сенен ешқашан жақсылық көрген жоқпын» дейтін әйелдерге ескерту жасап, бұл мінездің түбі жақсылыққа апармайтынын айтқан. Себебі, бұл сипат әйелдің шүкірсіздігіне, қанағатсыздығына алып келеді. Әйел адам күйеуінің әрбір жақсылығына алғыс айтып тұру керек. Бұл — отбасылық өмірдің ең маңызды аспектісі. Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған…

Толығырақ

АҚШ-та ер адам акуланы жалаң қолымен ұстап судан алып шықты (видео)

АҚШ-та ер адам акуланы жалаң қолымен ұстап судан алып шықты (видео)

Нью-Джерси қаласындағы жағажайлардың біріне келген ер адам толқынмен жағаға шығып қалған акуланы құтқарды. Бұл туралы UPI хабарлайды. Ер адам акуланы жалаң қолымен ұстап алып, оны құтқарушылармен бірге мұхитқа қайтадан салып жіберген. Видеода оның теңіз жануарын қалай ырқына көндіріп, еш қорықпастан жағдайды реттеп жатқаны байқалады. Видео авторы Эндрю Борис, ер адамның осыншалықты әрекетіне таңырқағанын айтыпты.

Толығырақ

Танымал ақын Қуандық Рахымның жаңа әніне таңқалғанын айтты (видео)

Танымал ақын Қуандық Рахымның жаңа әніне таңқалғанын айтты (видео)

Бұл туралы ақын Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Қалқаман Сарин әншінің соңғы шыққан “Өлмейтіндер” әні туралы сөз қозғаған. “Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” деген хакім Абайдың сөзін еріксіз ойға оралтқан Қуандық Рахымның “Өлмейтіндер” əні – өлшеулі ғана өмірде өлшеусіз мұра қалдырған талай ақиық, нарқасқаларды тірілткендей күй кештіретін əн”, – деп жазады ақын. Әнде қазақтың бетке ұстар ақын, әнші-композиторларын, өнер иелерінің есімдерін атай отыра, шын өнердің жүйріктерін дәріптейді. Ақын, осы ретте қазіргі таңда өнерге деген талғамның төмендеп кеткенін де еске салады. “Осы бір олқылықтың орынын толтырып, ән өнеріне олжа салған “үштік…

Толығырақ