Шашты балтамен, балғамен қысқартатын шаштараз жұртты таңғалдырды (видео)

Шашты балтамен, балғамен қысқартатын шаштараз жұртты таңғалдырды (видео)

Бразилияның Сеиландия қаласының шаштаразы тарақ пен қайшының, арнайы құралдың орнына балта мен балғаны қолданады. Желіде тараған видеодан шаштараздың клиентінің шашын балтамен, балғамен ұрып қысқартып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары мұны көріп, таңданысын жасырмады.

Толығырақ

Ұлттық банк коммерциялық банктер лицензияларын іріктеп жатыр

Ұлттық банк коммерциялық банктер лицензияларын іріктеп жатыр

Қазақстанның Ұлттық банкі коммерциялық банктердің лицензияларын іріктеп жатыр. Бұл туралы «»Жоғарғы экономика мектебі» институтының сарапшылары хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері ай сайын 2-5 банк нақты ережені бұзған. 2017 жылдың І жартыжылдығында барлығы 23 ереже бұзу орын алды. Соның ішінде 4 банк ережені тек бір рет бұзған. Айына кем дегенде екі рет талаптарды бұзған банкер: Қазком (2 рет), RBK (4 рет), Qazaq (2 рет), Delta (6 рет), Астана Банкі (3 рет), Capital (2 рет). Еске салсақ, Ұлттық банк белгілеген ережелердің жүйелі бұзылуы мен төлемдер бойынша міндеттер атқарылмағандықтан Delta банктің лицензияларының әрекеттілігін тоқтатқан болатын.

Толығырақ

Қазақстанда инновациялық жобаларға 2,8 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда инновациялық жобаларға 2,8 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Омаров хабарлады. Инновациялық гранттарға өтініштер 2017 жылдың 2 тамызынан бастап 2 қазан аралығында қағаз және электронды түрде   қабылданады. «Инновациялық жобаларға берілетін гранттардың үш категориясы бар: біріншісінде — кәсіпорындардың техникалық дамуын қарастырады. Мұнда қаржының 70 пайызы  — шығындарға, 50 пайызы — техникалық жабдықтарға бөлінеді. Бұл гранттың ақшалай сомасы — 400 млн теңгеден аспауы керек. Екінші категория — технологияны дамытуға бағытталған жоба. Лицензиялық шарт бойынша қаржыландыру — 70 пайызды құрайды. 50 — пайызы…

Толығырақ

Қауын шыбынынан қорғанайық

Қауын шыбынынан қорғанайық

Бақша дақылдарының қауіпті зиянкесі Қауын шыбыны. Бұл зиянкес өзінің биологиялық еркшеліктеріне байланысты өте қауіпті зиянкестердің бірі болып табылады.Ауа райы жағдайына байланысты бір ұрпағының даму кезеңі 30-45 күнге созылады және жылына 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Қауын шыбыны негізінен бақша дақылдарына ,оның ішінде көбінесе қарбыз,қияр,асқабақ дақылдарына аз мөлшерде,ал қауынға орасан зор залал келтіреді.Залалданған жемістер шіриді және жеуге жарамсыз болып қалады. Аталған зиянкес біздің ауданымыздың кейбір ауыл округтеріндегі бақшалық жерлерге айтарлықтай зиян келтіргені белгілі. Күрес шаралары: Карантиндік нысан болғандықтан алдымен карантиндік іс-шараларды ұйымдастыру:зиянкес анықталған жердің маңайында 500-1000 метрге дейінгі жерде бақша дақылдарын ектірмеу.карантиндік…

Толығырақ

Астана супермаркетінде жұмысшы әйел қамырды кір қолымен иледі (видео)

Астана супермаркетінде жұмысшы әйел қамырды кір қолымен иледі (видео)

Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұмыстан қуылды. Оқиға 22 шілде күні болған. Астанадағы «5 минут» супермаркетінде жұмысшы әйел кір қолымен қамыр иледі. Оны тұрғындарды бірі жасырын камерға түсіріп алды. Кассада тұрған әйел сатып алушылармен есептесіп болған соң қолын жумастан қамыр илеуге кірісіп кетеді. Супермаркеттің әкімшілігі санитарлық нормаларды сақтамаған қызметкер жұмыстан шығарылғанын айтуда. “Кассада тұрған әйелді жұмысынан босаттық. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Тұрғындар тарапынан шағым түскен емес. Наубайханашыны да ертең жұмысынан босатамыз”, – дейді супермаркет әкімшісі Today.kz тілшісіне.

Толығырақ

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Жол апатына ұшырап, жұртты алаңдатқан Ернар Айдар көпшілікті жаңа бейнебаянымен қуантты. Әнші шынайы оқиғаға негізделген клип таспалап, тыңдармандарын бір жылатып алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ернардың клипіне елдің сүйіспеншілігіне бөленген атыраулық ғашықтар түскен. Естеріңізде болса, 7 жыл бойы төсекке таңылған сүйіктісіне қамқор болып, одан бір адым алыстамаған Марлен есімді жігіт туралы бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз. Жастай ауыр дертке шалдыққан Әнел бірнеше жыл бойы арнайы құрылғының көмегімен тыныс алған. Сүйіктісінің қолдауының арқасында 10 ота жасатқаннан кейін құлан таза айығып кеткен. Бүгінде қол ұстасқан қос ғашықтан асқан бақытты жандар жоқ. Олардың ендігі бар арманы –…

Толығырақ

“Күзетші” кісінің биі әлеуметтік желіні “жарды” (видео)

“Күзетші” кісінің биі әлеуметтік желіні “жарды” (видео)

Желіде “күзет” қызметінің киімін киген ер адамның биі, қолданушылардың сүйіспеншілігін туғызды. Бейнежазба Инстаграмдағы instavideo_kaz парақшасында жарияланған. Онда “күзет” деген жазуы бар киім киген егде кісі сахнадағы әншінің әніне ерекше шабытпен билей жөнеледі. Киіміне қарағанда ол концерт өтіп жатқан нысанға тиесілі аумақты күзетеді. Желі қолданушылары оның би әрекеттеріне таңырқап, тіпті пластикалық тұрғыдан шебер деп жоғары баға берген.

Толығырақ

Неліктен Қазақстанда пәтерлер сұранысқа қарамастан арзандап жатыр?

Неліктен Қазақстанда пәтерлер сұранысқа қарамастан арзандап жатыр?

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша ресми статистика нақты жағдайды көрсетпейді, дейді риэлтолар Sputnik. Катерина Клеменкова. Қазақстанның статистика комитеті баспана нарығындағы бірден жандануды констатациялайды. Алайды сарапшылардың пікірінше, пәтерлерді сатып алу–сату мәмілелері бойынша ресми статистика жылжымайтын мүлік саласындағы нақты ахуалға сәйкес келмейді. Міне сізге статистика! Строительство, жилье Жалдамалы баспана енді халықтың екі санаты үшін ғана салынады Статистика жөнідегі комитеттің деректері бойынша, маусымда баспананы сатып алу – сату мәмілелерінің саны 21 мыңнан асты, ол осы жылғы мамырмен салыстырғанда 7,8%-ға, ал 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 26,3% көп. Бірақ ресми цифрлар өз жылжымайтын мүлкін біраздан…

Толығырақ

Әйел кісінің ер кісіге массаж жасатуына бола ма?

Әйел кісінің ер кісіге массаж жасатуына бола ма?

Әйел адам қандай жағдайда болсын бөтен ер кісіге массаж жасатуына болмайды. Бұл іс-әрекет тікелей харамға, үлкен күнәға жатады. Сондай-ақ, ер кісінің де массаж жасайтын бөгде әйелге массаж жасатуына болмайды. Мұндай іс-әрекетке ғалымдар тікелей, Муслимдегі хадис бойынша қол зинасы, көз зинасы деп қараған. Мұндай күнә жасаған адам садақа беріп, Алладан кешірім тілеуі қажет Толығырақ: http://alashainasy.kz/din_islam/ayel-ksnn-er-ksge-massaj-jasatuyina-bola-ma-99180/

Толығырақ

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Әйгілі жүзгіш Майкл Фелпс акуламен жарысып, жеңіліп қалды. Жүз метрді олимпиаданың бірнеше дүркін чемпионы 38 секундта жүзіп өтсе, акула 36,10 секундта бағындырған. Адам мен акула арасындағы тартысты Discovery телеарнасы трансляциялаған. Фелпc акула терісіне ұқсайтын арнайы гидрокостюм киген. Ал аяғына серіппелі жүзбеқанат байланған. Қарсыластар бір-бірінен бөлек жүзгенімен, эфир кезінде оларды бейнемонтаж арқылы біріктірген. Әдетте ақ акулалар сағатына 25 миль жылдамдықпен жүзеді, ал адам сағатына 6 миль ғана. Фелпс жарыстан кейін судың температурасы тым төмен болғанын айтып шағымданыпты.

Толығырақ