Түйе сүтін қабылдайтын орталық ашылады

Түйе сүтін қабылдайтын орталық ашылады

Арал өңірі қай кезден де ойсылқараның отаны саналған. Негізгі күнкөрісті мал шаруашылығымен байланыстырған ауданда, әсіресе, түйе өсіру бағыты кеңінен белең алған. Осы кезге дейін түйе бағып, мал басын көбейту жағы жолға қойылғанымен,  өнім алып, оны өңдеу мәселесі кенже қалып келген болатын. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде атқарылып жатқан ілкімді істер жемісін беріп, кәсіпкерлік саласының көкжиегіе кеңейтті. Осындай түрлі бағдарламар көмегімен ауданымызда да түйе өнімдерін өңдеу бастамасы қолға алынбақ. Нақтырақ тоқталсақ, «Bakyt business group» жауапкершілігі шектеуіл серіктестігі Арал ауданында түйе сүтін қабылдайтын арнайы орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде…

Толығырақ

Алған әсерім ерекше

Алған әсерім ерекше

Соңғы кездері ЭКСПО көрмесіндегі көптеген қызықтарды жиі естігендіктен, менің де Астана төріне барып, көрменің өз көзіммен көруге асықтым. Алған әсерім ерекше. Тіпті, айтып тауыса алмайтындаймын. Десе де ару қала Астана төрінде өтіп жатқан маңызы зор айтулы көрмеден алған әсерімді сіздермен бөлісуді жөн санадым. Иә, Астанаға жол жүрердегі сәттің өзі мені ерекше қуанышқа бөледі. Тіпті, межелі жерге жеткенше асыққаным да рас. Сағат санап, қазақ даласының қаншама атырабын артта қалдырып, арқадағы әсем қалаға да келіп жеттік. Елордамыз Астанаға келген соң, көрмеге қарай асықтық. Көрмеге кіре салысымен, әлемде теңдесіз сәулеттік жоба саналған, 8…

Толығырақ

Ағылшын тіліндегі пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді

Ағылшын тіліндегі пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді

2019 жылдан бастап ағылшын тiлiндегi пәндердiң мұғалiмдерiне үстемақы төленедi. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарын бастайды. Оның әртүрлісі бар 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша шәкіртақысы төленеді….

Толығырақ

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде жаттығу жасаған видеосын бөлісіп жігіттерді еліктірді (видео)

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде жаттығу жасаған видеосын бөлісіп жігіттерді еліктірді (видео)

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде тұрып жаттығу жасаған видеосын бөлісіп, құрбылар арасындағы эстафетаны жалғады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Айсәуле Бақытбек екіұшты ой салған жазбасын бөлісті. Бастапқыда ол 16 жасында тым аңғал болғанын айтса, артынша өзіне кездескен жігіттердің көңілінде күдік ұялатқанын сөз етеді. Бұдан кейін бақытты екенін, алдағы уақытта жаңа достармен араласпауды жөн көргенін айтады. Мұнымен қатар, бойжеткен көліктің үстінде тұрып жаттығу жасаған еліктірерлік видеосын бөлісті. “Құрбым екеуіміз осы жерге жуырда ғана келген сияқты едік. Бірақ, ол кезде екеуіміздің де өмірге деген көзқарасымыз бен мақсаттарымыз мүлдем басқа болатын. 16 жасыңда жүрегіңді ешкім жараламайтындай, жұмыстан…

Толығырақ

Анасымен қосылып ән шырқаған Қуандық Рахым көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

Анасымен қосылып ән шырқаған Қуандық Рахым көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

Осыдан бір жыл бұрын бұл жігіттің есімін көпшілік білген жоқ. Ал бүгінде Қуандық Рахымды жұрт сырлы да мағыналы әндердің орындаушысы ретінде жақсы таниды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Бүгінде ел Қуандықтың шығармашылығымен жақсы таныс болғанымен, оның отбасы, жеке өмірі туралы көп біле бермейді. Себебі әншінің өзі жеке өмірінен гөрі, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскенді жөн санайды. Сондықтан да ел арасында жас әншінің жақындарына қатысты сауалдар көп. Бұл орайда Қуандық алғаш рет анасын көрсетіп, онымен бірге ән айтқан видеосын желідегі парақшасына жүктеді. Қуандық анасымен бірге халқымыздың даңқты композиторы Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар әнін” домбыраның сүйемелдеуімен орындаған. Ал…

Толығырақ

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Колледжде теігн оқу жайында кәсіби және техникалық білім беру департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова айтып береді. Жаңа кәсіпті тегін қай жерде игеруге болады және ол үшін қажетті құжаттарды қалай реттеу керек? Бұл материал осындай сұрақтар мазалайтын жастарға арналады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің парақшасында жарияланды. 2015 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы жастарға жұмысшы кәсібін игеру керектігін, бұл саладағы білікті мамандарға сұраныстың ешқашан азаймайтынын баса айтқан болатын. Ал бір істі меңгерген кәсіби мамандардың табысы мол, отбасын асырауға қауқары толық жететінін күнделікті өмірде байқап жүрміз. Осыған байланысты 2017 жылдан…

Толығырақ

Саусақтар сыр айтады

Саусақтар сыр айтады

Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі. Үшкір саусақ — Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер,қызуқанды,әсершіл,шешемтал адамға бітеді.Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз,тұрақсыз,құбылмалы,жұрттың айтқанына ергіш,сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді. Төртбұрыш саусақ — Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті,жинақы,табанды,ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға,адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті,ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді,өзі түсініп,ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да,іс-әрекеті де тек нақтылыққа,материалдық…

Толығырақ

Мұз диетасы артық салмақтан арылтады

Мұз диетасы артық салмақтан арылтады

Денедегі артық салмақтан арылу оңай емес. Бірі арықтауға арналған жаттығулар жасаса, енді бірі диета ұстауды жөн көреді. Кезекті материалымызда ұсынатын диета түрін осы күнге дейін естімеген болуыңыз мүмкін. Ол «мұз диетасы» деп аталады. Оны дәл қазір бастауыңызға болады. Аталған диета 6 аптаға дейін созылады. Осы уақыт аралығында 5-20 кг салмақтан арылуға болады. Ұстаған кезде ұйқы тыныш болып, қандағы қант мөлшері ретке келеді. Буындары, тамағы ауыратын, аяғы ауыр әйелдерге ұстауға қатаң түрде тыйым салынады. Мұнымен қатар, алдын ала дәрігермен кеңесіп алған жөн. Мұз диетасын ұлыбританиялық денсаулық сақтау саласының маманы Пета Бин…

Толығырақ

Ақша көбейтудің 30 ережесі

Ақша көбейтудің 30 ережесі

1. Ақшаны ірі күйінде сақтаңыз. Ақша ұсақталған сайын жойылу мүмкіндігі соғұрлым артады. 2. Ақшаны дөңгелектеп алыңыз. Яғни, 1655 теңге болса, 55 теңгесін қолданып, қалған 1600 теңгені кейінге сақтаңыз. 3. Бір айғы кірістің ішінен бір бөлігін кейінге сақтап қойыңыз. Ай сайын үстіне қосып тұрыңыз. 4. Үнемдеуді табыс ретінде қабылдаңыз. 5. Сатып алған кез келген затыңыздың бағасын есептеңіз. 6. Күн сайынғы кіріс пен шығысты тіркейтін журнал дайындаңыз. 7. Ақшаңызды күнде бір уақытта есептеңіз. 8. Ақша сақтайтын арнайы орныңыз болсын. 9. Қарызға ақша бермеңіз. 10. Қарызға ақша алмаңыз. 11. Ұсақ тиындардың өзіңе құрметпен…

Толығырақ

Таразда алты келі алып нәресте дүниеге келді

Таразда алты келі алып нәресте дүниеге келді

Таразда алты келі алып нәресте дүниеге келді. Қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген нәрестенің салмағы 6 келі 300 грамм, ал, бойы 67 сантиметр. «Астана» телеарнасы тілшілерінің мәліметінше, ол кәнігі баладан екі есе үлкен. Оған отбасы Ольга деп ат қойды. Анасы Алена Премушко жаңа босанған қызын отбасындағы үшінші перзенті екенін айтады. Екінші баласымен арасындағы үзіліс 9 жыл болғанына қарамастан, 29 жастағы жас ана еш қиындықсыз әрі отасыз босанған. «Әлдиіміздің салмағын естігенде тегіс қуандық», — дейді. Қазір келіншектің күйеуі іссапармен Қырғызстанда жүргендіктен, қызын әлі көрмеген екен. «Өте қатты толқып тұрмын. Шаттығымызда шек жоқ….

Толығырақ