Оқушылар арасында ұлттық олимпиада басталды

Оқушылар арасында ұлттық олимпиада басталды

«Қазақстан — 2050» жалпыұлттық қозғалысы мектеп оқушылары арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасын өткізеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытқан Ұлттық олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, үміткерлерді 6-8 және 9-11 сыныптар арасында екі топқа бөліп қатыстыру көзделген. Қатысушылар «Жасыл энергетика», «ІТ», «Модельдеу және робототехника», «Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар» атты тақырыптық бағыттар бойынша бақтарын сынауына мүмкіндік бар», — деді «Қазақстан — 2050″ жалпыұлттық қозғалысы» Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев. Кеңес төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстарды…

Толығырақ

Латын әліпбиі биыл қабылданады — Сағадиев

Латын әліпбиі биыл қабылданады — Сағадиев

Биыл бірыңғай латын әліпбиіне көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР үкіметі ғимаратында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Латын әліпбиіне көшу жөнінде айтатын болсақ. Бұл маңызды жоба. Абай болу керек, қателеспеу керек. Биыл ең бастысы барлығына қолайлы болатын әлібиге көшуіміз қажет. Бірнеше нұсқасын дайындап, оларды талқылап, бір әліпбиге өту керек. Ал кейінірек латын әліпбиіне көшу туралы жоспар құру қажет. Арнайы комиссия құрылды, олар жұмыс істеп жатыр», — деді министр. Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латын әліпбиіне өту процесін…

Толығырақ

Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты (видео)

Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты (видео)

Алматы облысында құлаған ұшақта екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдай Алматы облысы Жаркент қаласынан 10 километр қашықтықта болды. «2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облысы Жаркент қаласынан 10 шақырым қашықтықта, Панфилов ауданының Шолақай ауылы аумағында «Қазавиа» әуекомпаниясына тиесілі ЯК12 (ауызекі тілде кукурузник деп аталады) ұшағы құлады. Салдарынан екі адам қаза тапты. Әуе химиялық жұмыстары жүргізіліп жатқан. Тергеу жұмыстары басталды», — деп хабарлады ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті. Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Әскерие-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов егін алқабына гербицид шашып жүрген азаматтық авиация ұшағы радардан жоғалып кеткенін…

Толығырақ

90 жастағы Сейфуллин Жолбарыстың анасының биі желіні шулатты (видео)

90 жастағы Сейфуллин Жолбарыстың анасының биі желіні шулатты (видео)

Иә, адамның нағыз жасы құжатқа қарамайды. 20-да болып та қартаюға, 90-ға келіп те жастардан қалыспай билеуге болады екен! 90-ның шыңына шыққан Сейфуллин Жолбарыстың анасы бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше Аманкүл әженің мерейтойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойланды. Тойға жиналған қауым әжейдің әніне құлақ құрышын қандырып, биіне таңдана қарады. Аманкүл әже сүйікті келіні Екатеринаның маңдайынан сүйіп, онымен жарыса би биледі. Видеоны желіге қоғам белсендісі Серік Абас-Шах жүктеді. Ал желідегілер Аманкүл әженің 90-ға келгеніне күмәнмен қарағандай болды. «Әжеміз қыздай ғой, жасын берсін», «Жасы жүзге келсін», «90 жастың биін…

Толығырақ

«Алла» дегенде денеде болатын өзгерістер

«Алла» дегенде денеде болатын өзгерістер

Жаратушыны есіңізге алып: «Уа, Тәңірім! Уа, Алла тағала!»,- деген сәтте бойыңызда қандай өзгерістер болатынын білесізбе? Голландияның Амстердам университетінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі ғалымдарды таң қалдырды. Алла Тағаланы көп еске алу барысындағы: «Уа, Тәңірім!»,- деген сөз уайымды басып, қан қысымын қалпына келтіреді екен. Ғалымдар мұндай қорытындыға жеті жыл бойы мұсылман және мұсылман емес ауруларға жүргізген зерттеулердің нәтижесінде көз жеткізген. Әсіресе «Уа, Тәңірім!» деген сөз депрессия мен уайымға ұшырағандарға жақсы көмектескен. Негізі ғалымдар зерттеу барысында науқастарға «Тәңір» деген сөзді араб тілінде айту шартын қоймаған. Науқастың барлығы бұл сөзді өз тілінде айтқан. Дегенмен, сол…

Толығырақ

Қазақы нақыштағы той серуенін көрген жұрт, жаңа бастамаға қызығып қалды (видо)

Қазақы нақыштағы той серуенін көрген жұрт, жаңа бастамаға қызығып қалды (видо)

Киіз үйдің жартысын  көліктің арбасына жасап алып,  екі жас достарымен  той серуеніне шыққан. Олардың видеосына қарап, тойдың нағыз қазақша болғанын байқауға болады. Онда қалыңдық қызыл түсті қазақша көйлек киген. Ал шаңырақ пен керегесі бар киіз үй нақышында безендірілген арбада ұлттық белгілер жетерлік. Түлкінің терісінен бастап, батырлар ұстаған қалқан, домбыра сынды дүниелер көп. Ал  екі жас отырған орынға шымылдық та тартылған. Видео  Фейзбук желісіндегі “Сіз білмейтін қызықтар” парақшасында жарияланды.

Толығырақ

Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде домбырамен ән айтып, елді сүйсіндірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Мейрамбек Түркияның әсем қалаларының бірі Анталияда достарымен бірге демалуда. Күні кеше әнші отырыс кезінде даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың “Арыс жағасында” әнін орындаған видеосымен бөлісті. Ал сүйікті әншілерін сағынып қалған тыңдармандар Мейрамбекке “бәрекелді” деумен болды. “Қайталанбас қара дауыс иесі”, “Аман бол, қазағымның Мейрамбегі”, “Қолыңызға домбыра ұстап туылған шығарсыз, Мейрамбек аға”, “Мейрамбектің даусы ерекше, классикалық әндер өміршең бола берсін”, “Миллион дауыстың ішінен танимын”, “Дауысыңнан айналдым, қазақтың Мейрамбегі”, – деп тамсанды тыңдармандар.

Толығырақ

Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісікті анықтайтын мобильдік қосымша ойлап тапты

Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісікті анықтайтын мобильдік қосымша ойлап тапты

Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісік ауруымен күресетін мобильдік қосымша ойлап тапты.  Арнайы сауалдар арқылы ұялы телефондағы бағдарлама адамның бойындағы ақауларды анықтайды. Тіпті онкологиялық диспансердің мамандарымен онлайн режимде тілдесуге де мүмкіндік бар екен. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды. Дәрігердің алаңдауы тегін емес. Биылдың өзінде аймақтағы 860 адамнан қатерлі дерт анықталған. 5 жылдық өмірі қалғандар 50 пайызды құрайды. Аурудың алдын алатын қосымшаның артықшылығын Абзал Құрманкин білді. Дмитрий Тё кардиоорталықтың рентген кабинетінде қызмет етеді. Науқастардың ауруларын 3 жыл бойы зерттеген дәрігер адамдардың денсаулыққа селқос қарайтындығын байқаған. Артынша дәрігерге жүгінбей-ақ, ақауды әу баста анықтайтын мобильдік қосымшаны ойлап…

Толығырақ