Қайтыс болған адамның жаназасы шығарылмай тұрып, Құран оқи беруге бола ма?

Қайтыс болған адамның жаназасы шығарылмай тұрып, Құран оқи беруге бола ма?

Ассаляму алейкум! Адам қайтыс болғанда жаназаға дейін құран оқылмайды дегенді естіп едім. Сол қаншалықты рас? Қандай дұғада болу керек? Айтып жібересіз бе? Алла разы болсын! Ерболат. Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Жан тәсілім еткеннен кейін мархұмның денесі жуылып кебінделісімен Құран оқи беруге болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Ал, денесі жуылмай тұрып Құран оқимын деуші кісі басқа жерде оқуына рұқсат, мәйіттің басы-қасында Құран оқу – ол жағдайда мәкруһ болмақ[1]. Әйтсе де, әдетке сай мархұмды жер қойнауына тапсырғанға дейін немесе өзіңіз айтпақшы, жаназасы шығарылғанға шейін Құран оқуды кешеуілдетудің де теріс тұсы жоқ. …

Толығырақ

Биыл медициналық мамандықтарға 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Биыл медициналық мамандықтарға 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді

2017-2018 оқу жылына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 3150 грантты, оның ішінде «Жалпы медицина»  мамандығы бойынша мемлекеттік  тапсырыс 2700 орынды құрайды. Бұл туралы Вnews.kz хабарлайды. Университеттің ерекше статусын (ұлттық университет) ескере отырып, 2017 жылғы 27 шілдедегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 560 бұйрығымен тек Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетке мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілген (Жалпы медицина – 385 орын, оның ішінде 270 қазақ тілінде оқытуға; Педиатрия – 150, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқытуға; Стоматология – 20, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқытуға; Мейіргер ісі –…

Толығырақ

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Иә, расында да алма ағашынан ұзаққа түспейді! Димаштың әлем таныған әншіге айналуы бірінші Жаратқанның берген сыйы болса, екінші өнер десе ішкен асын жерге қоятын ата-анасының арқасы. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Димаштың інісі мен қарындасы да өнерден кенде емес. Қарындасы Раушан жас болса да, үш тілді еркін меңгерген нағыз зияткер. Ол Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Ал кішкентай Мансұр ағасы сияқты домбыра шерткенді ұнатады. Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Димаштың туған інісі Мансұрмен бірге күй шерткен видеосы пайда болды. Желідегілер ағайынды Құдайбергеновтердің өнеріне тәнті болды. Көпшілік “Мансұрға Димаштың жолын берсін” деп ақ тілектерін білдірді.

Толығырақ

Ғалымдар ыдыс жууға арналған сорғыштың адам өліміне апаратындай зиянды екенін айтты

Ғалымдар ыдыс жууға арналған сорғыштың адам өліміне апаратындай зиянды екенін айтты

Неміс ғалымдары ыдыс жууға арналған сорғыштарда көптеген бактериялар болады деп тұжырым жасады. Мақала Scientific Reports журналында жарияланды. Сорғыштағы бактериялар менингит пен сепсис ауруларын таратады. Бактериялар емделмейтін жұқпалы ауру таратады. Биологтар 40 ас үй сорғышын тексеріп, микроскоппен қарады. Нәтижесінде, ондағы бактериялар мен олардың құрылысын анықтады. Микроб сорғышты беткі қабатында, ішінде болады. Ғалымдар сорғыштан адамға жұқпалы аура тарататын Chryseobacterium hominis және Moraxella osloensis бактерияларын тапты. Бұл микробтар дәріден жойылмайды. Одан өзге де бактериялар табылған. Зерттеуге сәйкес, сорғыштар дезинфекциядан өткенімен барлық микробтар жойылмаған. Олардың тек құрылысын өзгерткен.

Толығырақ

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін құжаттарды 8 тамызға дейін өткізуге болады

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін құжаттарды 8 тамызға дейін өткізуге болады

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру үшін құжат қабылданып жатыр. Негізгі емтиханның нәтижесіне көңілі толмағандар тесті 19-24 тамыз аралығында қайта тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді. Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл ҰБТ-ның жаңа формат бойынша жүргізілгенін және екі рәсімге: мектептердегі бітіру емтихандары секілді қорытынды аттестаттау және ЖОО-на қабылдау емтиханына бөлінгенін атап өтті. Бұл формат Жапонияның, Израильдің және АҚШ-тың халықаларық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленген….

Толығырақ