Елімізде интернет-төлқұжат заңдастырылады

Елімізде интернет-төлқұжат заңдастырылады

Онлайн-құжат азаматтарды қашықтықтан тіркеу жобасы аясында қолға алынған. Қазіргі таңда Ұлттық банктің арнайы тобы қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл туралы abctv.kz хабарлады. Бұл бастамаға Ақпарат және коммуникация министрлігі, «Зерде» холдингі, Бірінші несие бюросы мен ірі банктер де қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде жобаның тұжырымдамасы жасалған. Оған сәйкес азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Қазпоштада, банк бөлімшелерінде өздерінің мәліметтерін өткізе алады. Яғни, дауыс жазбасы, көз қарашығы, саусақ іздері, электронды қолтаңбасы мен фотосуретін тіркетуі тиіс. Сандық төлқұжат қазақстандықтарға кез келген қаржы және өзге де қызметтерді қашықтықтан алуына мүмкіндік береді. Жүйенің негізін халықаралық Морфобиометриалық компаниясы…

Толығырақ

АРАЛДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОН АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОН АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы өтті. Алдымен аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі М. Оразбаев баяндама жасады. Аудан басшысы ауданда атқарылған ауқымды істер мен алға қойылған міндеттерді баяндады. Күн тәртібіне қойылған кезекті мәселе бойынша аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының есебін қарау және оның қызметін бағалау туралы аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы. Ә.Үмбеталиев хабарлады. Жиын барысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Жеткерұлы «2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының №55…

Толығырақ

Қайраттың әнін гитарамен орындаған бүлдіршін Гүлзира Айдарбекованы тәнті етті (видео)

Қайраттың әнін гитарамен орындаған бүлдіршін Гүлзира Айдарбекованы тәнті етті (видео)

Тыңдарман қауым Қайраттың жұлдызын жаққан “Арман” әнін әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды. Тіпті, сол әннен кейін дүниеге келген балақайлар да “Арманды” орындап жүр. Солардың бірі Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекованы тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz. Қайраттың анасы “Арманды” гитарамен орындаған бүлдіршіннің видеосын өзінің парақшасына жүктеп қойды. Ал желі оқырмандары жасына қарамастан, аспапта ойнап, ән әуелеткен балақайдың өнеріне таңдай қақты.

Толығырақ

Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Биыл ҰБТ тапсырған 88 мыңдай мектеп түлегі ЖОО-ға құжат өткізіп, болашақ мамандығына таңдау жасады. Ал диплом алған түлектер жұмыс іздеуге кірісіп кетті. Соған орай BNews.kz еңбек нарығына шолу жасап, қазір қандай мамандыққа сұраныс көп, болашақта қандай кәсіпті таңдаған тиімді екенін назарға ұсынады. HeadHunter порталы мәліметіне қарағанда сұраныс ең көп сала – сауда-саттық екен. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар, тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы. Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі екен.  Әсіресе, қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Сонымен қатар, бастапқы құжат…

Толығырақ

Әткеншекпен шыр айналған жігіт басымен қабырғаға соғылды (видео)

Әткеншекпен шыр айналған жігіт басымен қабырғаға соғылды (видео)

Желіде әткеншекте шыр айналған жігіттің видеосы тарады. Оқиға Ресейде болған. Әткеншекті бар күшімен екпіндетіп, 2-3 рет айналдырған жігіт жылдамдықпен жерге құлап түсті. Ол алдындағы қабырғаға басымен соғылды. Жігіт жанында тұрған адамдарды ескертуіне қарамастан, әткеншекті айналдырды. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Видео жігіттің құлаған жерінде тоқтатылған.

Толығырақ

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін енді қылмыстық жазаға тартылмайды. Оның орнына ақ халаттылар тәуекел салығын төлемек, деп хабарлайды КТК. Яғни, әр дәрігер қорға ашқа жинап, түскен қаржыға емнен денсаулығына керісінше зиян келген немесе өлім тіркелген жағдайларда өтемақы қарастырылады. Қыруар ақшаны арнайы құрылған тәуелсіз қор басқармақ. Денсаулық сақтау министрлігі осылайша дәрігерді сотқа сүйреуден құтыламыз дейді. Отандық медицинаның кезекті реформасымен Азамат Алдоңғаров таныстырсын. -Менің өмір сүргім келмейді. Бәрінен шаршадым. Людмила Немченконың бұлай баз кешуінің себебі – дәрігердің қателігі. Оның бұл күнін қу тіршілік демеске амал жоқ. Операция кезінде дәрігер қуығын кесіп алған. Зейнеткердің…

Толығырақ

ОҚО-да той кортежіне ілесіп көліктермен қатар тікұшақ ұшты (видео)

ОҚО-да той кортежіне ілесіп көліктермен қатар тікұшақ ұшты (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежіне тікұшақ тың ілесіп ұшқан сәті желіде жарияланып кетті. Бейнежазбаны желіге Руслан Сұлтанбек есімді азамат жүктеген. Видеоға түсірушінің сөзіне қарағанда оқиға «Шымкент-Ташкент» тас жолында, Сарыағаш қаласына кіре беріс жерде болған. Тікұшақтың ұшқыштары кортеджден не озып кетпей, не қалып қалмай қатар ұшып келе жатыр. Видео авторы кортеждегі қымбат көліктер қатарына тікұшақтың қосылғанын сөз етті.

Толығырақ