7 жасар бала кір жуғыш машинаға кіріп, қайта шыға алмай қалған (видео)

7 жасар бала кір жуғыш машинаға кіріп, қайта шыға алмай қалған (видео)

Украинаның Харьков қаласында құтқарушылар кір жуғыш машинаға кіріп алып, шыға алмай қалған баланы құтқарды. Құтқару операциясы 20 минутқа созылды, деп жазды бүгін korrespondent.net. «Володя өзінің әпкесімен жасырынбақ ойнап жүріп, кір жуғыш машинаның барабанына жасырынып қалмақ болған. Бұл оның қолынан келді, бірақ оған қайта шығу айтарлықтай қиындық тудырды»,-деп жазды сайт. «Құтқарушылар келе сала бала мен оның анасын сабырға шақырып, бірден істі бастап кетті. Олар бала мен кір жуғыш машинаның шығатын жеріндегі ернеуін өсімдік майымен майлап тастады. Осы кезде 7 жасар Володя машинадан сырғып шықты»,-делінген Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметінің хабарламасында….

Толығырақ

Аш аюды тамақпен ызаландырған турист жыртқышқа өзі жем болды (видео)

Аш аюды тамақпен ызаландырған турист жыртқышқа өзі жем болды (видео)

Тайландтың 36 жастағы Найфум Проматрее атты тұрғыны Пхетчабун аймағындағы ғибадатханаға достарымен барған. Ол жерде ер адам қамауда тұрған аюды тамақ көрсетіп ызаландырған, — деп жазады Life.ru. Аш аю ер адамды өз қоршауына құлатып алғып, оны талай бастайды. Өзге адамдар аюды темірмен түрпектеп, араша түспек болады. Осыдан кейін аю ер адамды есінен тандырып темір апанына сүйреп әкетеді. Дегенмен оқиғаға куә адамдар ер адамды аюдан арашалап қала алған. Қазір Найфум Проматрее есіне келіп, сөйлей бастаған. Бұл оқиғаға дейін бір күн бұрын ғибадатхананың дін қызметкерлері халыққа садақа беру туралы өтініш айтқан. Олар ғибадатхана…

Толығырақ

Алла тағала мына әйелге үйленген адамға лағынет айтқан

Алла тағала мына әйелге үйленген адамға лағынет айтқан

Шариғат заңы бойынша екі жастың уақытша неке қиюларына тыйым салынады. Некені ешқашан уақытпен шектеуге болмайды. Уақытша некелесу дегеніміз «накаху мутға» қазақша мағынасы – уақытша рақаттану үшін қиылатын неке дегенді білдіреді. «Накаху мутғаға» исламның алғашқы жылдарында рұқсат етілген. Бірақ «накаху мутға» Хайбар соғысы болған жылы харам етілді де Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өткенде рұқсат етілді. «Хажжатул уидағ» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңғы қажылығында осы «накаху мутға» біржола харам етілді. Осы жайында имам Шафиғи: «Осы «накаху мутға» сияқты харам етіліп, сосын рұқсат етіліп, сосын біржола харам етілген басқа нәрсені білмеймін»,–деген. («Муғни мухтаж» кітабында 3…

Толығырақ

Әйелді жеңудің төрт тәсілі

Әйелді жеңудің төрт тәсілі

Өкінішке орай, бүгінгі таңда еліміздің кейбір отбасыларында жылылықтың, өзара сүйіспеншіліктің, құрметтің азайғанын байқаймыз. Әйел отбасының берекесі деп жатамыз. Әйелмен кеңесу – сыйластық, әйелді құрметтеу – ақылдылық, ал әйелді өзіне бағындыру – ең үлкен даналық. Оларды қалай оңай әрі тез бағындыра аласыз? Келесі кеңестерге назар салыңыз. Жылы сөйлеу. Көрші халықтарда: «Жылы сөз – салқын судан да жақсы сергітеді» деген сөз бар. Ал біздің қазақ «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады» демей ме? Әйел де сіздің ізгі, ықыласты сөздеріңізді естісе, шыққан күндей шырайыңызды сезінсе, нөсерлеткен жаңбырдай жақсылығын жасай бастайды. Жылы сөздің құдыретіне…

Толығырақ

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)

Бұл әншінің өзі де, әні де ерек. Ән қоржыны ешкімдікіне ұқсамайды. Сахнаға шыққан күнінен бастап ел Серік Ибрагимовті “бала әнші” ретінде қабылдап жүрді. Ал шаңырақ көтеріп, отағасы атанғаннан кейін көпшіліктің әншіге деген көзқарасы өзгергендей… Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әсіресе жұбайы Айнамкөзге арналған “Махаббатым” әнінен кейін Серіктің тыңдармандар саны күрт өсті. Бүгінгі таңда Ибрагимов талмай-тынбай еңбектеніп келеді. Жуырда әнші қоғамның өзекті мәселесіне айналған тақырыпта жазған әнінің тұсауын кесті. Телефон мен ғаламторға тәуелді болып қалған қазақ қыздарына арнаған әнін Серік “Ғаламтордағы қыз” деп атапты. Желідегі пікірлерге қарасақ, Серіктің әні көпшілікті риза еткен. Айта кететін…

Толығырақ

Ет турау — ер жігітті сынаудың бір өлшемі

Ет турау — ер жігітті сынаудың бір өлшемі

Мал сойып, ет асу, соғымнан сыбаға сақтау халқымыздың маңызды қонақасы дәстүрі болып саналады. Осы дәстүр бойынша туыс-туған, дос-жарандарымыздың үйіне қонаққа барамыз. Дастарқан жайылып, қазан асылады. Тамақ пісіп, алдыға ас келгенде ет турау керек болады. Сонда сіз етті қалай турадыңыз? Ет турау әдісіңіз ұлтымыздың ет турау дағдысы бойынша болды ма, әлде сіз оны ұмытып кеттіңіз бе? Ендеше білгіңіз келсе мынаған құлақ салыңыз. Етті жақсылап турауды халқымыз ер жігітті сынаудың бір өлшемі деп білген. Бірақ қазір оны маңызды деп санайтындар аз. Әйтеуір табақтағы ет ұсақталса боды, оның қалай туралып жатқанына сәп салмайды….

Толығырақ

Штаб отырысы өтті

Үстіміздегі жылы олыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен облыс орталығында өткен «Дағдарысқа қарсы штаб отырысы» хаттамасының бірінше тармағына сәйкес бағдарлама әкімшілеріне шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және де салық базасын кеңейту мақсатында барлық аудандарда ақпараттық түсіндірме мәжілістерін өткізу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өтті. Оған ақпараттық топ мүшелері мен ауыл әкімдері және сала мамандары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Алдымен кәсіпкерлікті тіркеу, салық көздерін молайту жайында аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары А. Қонысбаев хабарлама жасады. Сосын, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы Ж….

Толығырақ

Жаңа мектептің іргетасы қаланды

Жаңа мектептің іргетасы қаланды

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері атқарылған жұмыстар мен жақсылыққа толы жаңалықтардың куәгері болып келеміз. Әр жылы жақсылықтарға толы болып келген Арал ауданында биылдың өзінде көптеген нысандар қолға алынып, көңіліміздің көкжиегін қуаныштың нұрына бөледі. Қай салада болмасын қарқынды дамуы бар ауданымызда үстіміздегі жылы білім ұялары жаңартылып, ауыл тұрғындары атқарушы биліккке өз ризашылығын білдіруде. Иә, 2016-2017 оқу жылының аяғында Арал ауданында 3 бірдей мектеп пайдалануға берілген болатын. Осынау ақжолтай жаңалық өз жалғасын табуда. Нақтырақ тоқталсақ Беларан ауылдық округіндегі ескі мектептің жағдайы мектеп оқушыларының санасына білім нәрін құю жолында жанын салған мұғалімдерге және…

Толығырақ

Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақылы қызметке кірісті

Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақылы қызметке кірісті

Халыққа қызмет көрсету орталығында уақыт жоғалтқысы келмейтін азаматтар үшін ақылы менеджер қызметі пайда болды,-деп жазды  КТК арнасы. Яғни орталықтың маманы керекті анықтамалар жинайды, сіздің атыңыздан өтініш береді, керек болса көлігіңіздің құжаттарын да тас-түйін етіп дайындап, көрсетілген мекен-жайыңызға жібереді. Сондай-ақ ақылы қызметпен сатып алу келісім-шарттарын сенімхатсыз-ақ жасау мүмкін болып отыр. Бұл тізім алда кеңейе бермек. Азаматтар жеке менеджермен телефон немесе мессенджерлер арқылы үйден шықпай-ақ байланыспақ. Бұндай қызмет Астана мен Алматы қалалары және өңірлердің 37 офисында іске қосылды. Менеджердің қызмет ақысы істеген жұмысының күрделілігіне байланысты тағайындалады. “Егер қаласаңыз, менеджермен телефон арқылы хабарласып,…

Толығырақ

Оңтүстік Кореяда зымыранды сынақтан өткізген шақта өртенген адам видеоға түсіп қалған

Оңтүстік Кореяда зымыранды сынақтан өткізген шақта өртенген адам видеоға түсіп қалған

Оңтүстік Кореяда зымыранды сынақтан өткізген уақытта бір адам жалын арасында қалды. Елде «Солтүстік аспанның сақтаушысы» деп аталатын зымыран ұшырылған. Жоғары дәлдікті баллистикалық зымыран бункерді жарып жібергенде жалын арасынан адамның бейнесі байқалды. Көпшілік өртке оранған адам полигонның күзетшісі болуы мүмкін деген жорамал жасады. Кейбірі оған сенімсіздік танытып, оның баллистикалық зымыранның  қуатын көрсету үшін қойылған қуыршақ болуы мүмкін деген нұсқаларын айтты.

Толығырақ