Құрылысшылар қашанда құрметке лайық

Мен қазіргі таңда Е. Дәріқожаев басшылық ететін «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кран басқарушы болып жұмыс жасаймын. Иә, жасыратыны жоқ, бұл өте жауапты жұмыс. Қателікке жол беруге мейлінше болмайды. Ондай жағдайда адам өміріне нұқсан келуі де ғажап емес. Сондықтан, өз жұмысымды бар ықыласыммен атқаруға тырысамын. Өмірде жалпы ақша оңай жолмен келмейді екен. Мен жас болсам да осыны ұғындым. Мәселен, қазіргі жасап жатқан жұмысымда уақыт санаспаймыз. Күні-түні құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүруі үшін тынымсыз еңбек етеміз. Бүгінде Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің ғимаратын салу үстіндеміз. Жұмыс енді басталғандықтан, жұмыстың дені мен басқаратын…

Толығырақ

Жазғы тынығу жайы жан-жақты талқыланды

Жақында Шижаға елді мекеніндегі «Ақбұлақ» балабақшасында «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жолдары» атты аудандық семинар болды. Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г. Дихамбаева семинардың ашылу салтанатына қатысып, жақсы деңгейде аудандық семинар өткізу көп еңбекті талап ететіндігіне тоқталды. Жалпы, бала жанының бағбанына айналған балабақшалар үшін қай уақытта да балаға берілер тәрбие басты назарда ғой. Аталмыш семинардың көздейтіні де осы мәселе. Айта кету керек, семинар аясында «Шынығып шымыр боларсың» атты тәрбиеші Ш. Ақылбекованың сауықтыру шарасы өткізілді. Онда баланың өсу деңгейін дамытатын сан алуан жаттығу түрлері таныстырылды. Семинарға қатысушылар «Шеберлер қадамы» атты педагог қызметкерлердің…

Толығырақ

Әбдіжаппар Әлқожа болашақ жарына іздеу салды (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа болашақ жарына іздеу салды (видео)

“Үйленгендер тізіміне енейік, Өлмегендер тізімінде бармыз ғой” …Бұл әнші Әбдіжаппар Әлқожаның “Махаббатсыз өмірді кім сүрмеді” атты жаңа әнінен алынған үзінді. Иә, бұл күндері көптің көңілінен шығып жүрген әнші жаңа бейнебаянның тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.  Клип қысқаметражды анимациялық фильм ретінде түсірілген. Желідегі тыңдарман пікіріне сүйенсек, бейнебаян көптің көңілінен шыққан ұқсайды. Желі оқырмандары әннің “хитке” айналу мүмкіндігі көп екендігін айтып, әншіге сәттілік тілеп жатыр.

Толығырақ

Желіде видеосы тараған пойыздың VIP вагондарына жұрт қызығып қалды (видео)

Желіде видеосы тараған пойыздың VIP вагондарына жұрт қызығып қалды (видео)

Әлеуметтік желіде пойыздың VIP вагондары түсірілген видео тарады,-деп жазды Stan.kz. Бұл видеодан жаңа пойыздың жолаушыларға қандай жайлы екенін көруге болады. Тіпті кей қонақ үйлерден де сәнді әрі таза. Сапарға шыққан адам пойызға отырған сәттен бастап демалысының басталғанын сезіне алады. Видеоны түсірген азамат  вагондар мен дәлізді аралап жүріп барлық затқа тоқталып, таныстырған. Пойыздың дәлізінің өзі салтанатты сарайлардан кем емес. « Мынау біздің жуынатын жеріміз. Бұл- мен. Ал мынау тағы бір жатын бөлмеміз. Қазір ғана Балқаштан өттік. Терезеден әдемі табиғатты тамашалауға болады»,-деп баяндай сөйлейді вагондарды видеоға түсірген азамат. Егерде мына пойыздың ішін…

Толығырақ

Алматы тұрғыны 150 теңге алып, қағаз ұстатқан кондукторды видеоға түсіріп алды (видео)

Алматы тұрғыны 150 теңге алып, қағаз ұстатқан кондукторды видеоға түсіріп алды (видео)

Алматы тұрғыны №38 қалалық  автобусқа отырып, дұрыс билет алала алмағанын айтып ашынды. Қыздың айтуынша ол  шопырдың көмекшісіне 150 теңге жол ақысын берген. Ал кондуктор болса өз кезегінде жолаушыға жай қағаз ұстатып қойған. Қыз дұрыс билет сұраған кезде «10 минуттан кейін болады» деп жауап берген. Бірақ 20 минут уақыт өткеннен кейін  жігіт автопарк берген билеттердің бітіп кетуі себепті, қызға ештеңе бере алмайтынын айтқан. «Мен сияқты билет алмай ақысын төлеп жатқандар қаншама. Жігіт пен шопырдың осындай ақшаларды бөлісіп, қалталарына басатыны анық»,-деп өз ойын жеткізген. Қыз Алматы қаласы әкімдігіне «Жол жүру ақысын екі…

Толығырақ

Жүгіріп бара жатқан азамат жанынан өткен әйелді көлік астына итеріп жіберді (видео)

Жүгіріп бара жатқан азамат жанынан өткен әйелді көлік астына итеріп жіберді (видео)

Лондонда жүгіріп жаттығып жүрген жігі 33 жастағы әйелді көлік астына итеріп жіберді. Соның салдырынан әйелді автобус басып кете жаздады. Оқиға ебйнекамераға түсіп қалған. Зардап шегуші әйел автобус жүргізушісінің көлікті дереу тоқтата алғанының арқасында аман қалды. Полицейлердің айтуынша, ер адам 15 минуттан соң осы жерден тағы да өткен. Зардап шеккен әйел онымен сөйлеспек болғанымен жігіт оны таныймай қойған.

Толығырақ

Despacito әнімен пародия салған жігіт енді Төреғалидің әнін таңдады (видео)

Despacito әнімен пародия салған жігіт енді Төреғалидің әнін таңдады (видео)

Бұл жолы Төреғалидің әнін таңдаған пародист бірнеше әншіге пародия салды. Ол “Орда” тобының әншісі Ерболат Беделхан, Қожа, Грик Харламов, актер Ұлан Нүсіпәлі, Келинка Сабинка, Шмән әже, Шрек кейіпкерінің, Мұқасан Шахзадаев, Ғалымжан Молданазар мен Димашың даусымен ән айтып шықты. Желі қолданушылары оның өнеріне тәнті болып, сәтті әзіл жасағанын айтып жатыр. Бұған дейін пародист Despacito әнін Қайрат Нұртас пен Заттыбектің даусымен айтып шыққан еді.

Толығырақ

Ақтөбелік зейнеткер жұмыртқа қуырып жатып балапан тауып алды

Ақтөбелік зейнеткер жұмыртқа қуырып жатып балапан тауып алды

Ақтөбелік зейнеткер Тамара Власко жақын маңдағы супермаркеттен сатып алған тауық жұмыртқасын қуырып жатқанда ішінен балапан шыққан. Бұл туралы Rikatv.kz хабарлайды. Әйел істеріне салғырт қарағанды жазалауды талап етеді. Осылайша 80 жастағы Тамара әжейдің таңғы асқа деген жоспары бұзылып, тәбеті де қашып кеткен. Ол дүкеннен жұмыртқа сатып алып келгеннен кейін оны қуыруға кірісіп кеткен. Кенет тапаның ішінен балапанның басы көрініпті. Сатып алғанын растайтын чекті сақтап қойған әжей, өзге 9 жұмыртқа тиіспепті. Ол жеңсік асты қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті мамандарының тексеріп қарағанын қалайды. Ад супермаркет өкілдері болса өнімдер сөреге түспес бұрын мерзімі тексеріліп,…

Толығырақ

Еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшкен отбасыларға 710 млн теңге беріледі

Еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшкен отбасыларға 710 млн теңге беріледі

Елімізде тағы жаппай көш басталғалы тұр. Ал Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасыларына 710 миллион теңге қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды КТК арнасы. Бұл тек 2017 жылы көшкен 288 түтіннің субсидиясы. Оның 172-сі белгіленген төрт өңірде қоныс теуіп үлгеріпті. Олар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары. Үкімет ішкі көшке қосылған әрбір жанның жол шығынына 80 мың, сондай-ақ үйлі болғанша жыл бойы баспана жалдауына ақша береді. Сатып алатын үй тапсаң, бұл қаражатты үкімет бір реттік төлем етіп те бермек. Әрі оларға мемлекеттік бағдарламаларда басымдық беретін баспана сертификаттары табысталады. Және әрбір…

Толығырақ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәулік бойы жолаушылар мен жүк по­йыздарының қозғалысы бір сәт те тынбай­тын Сексеуіл кентінде теміржолшылардың кәсіби мерекесі өз деңгейінде аталып өтті. Кенттегі мәдениет үйіне жиылғандар арасында темір жол саласының ардагерлері де болды. Мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков ашты. -Құрметті теміржолшылар қауымы, сала ардагерлері сіздерді кәсіби мереке­леріңізбен құттықтаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ теміржолы­ның даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі-ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы» деп атап өткеніндей, елі­міздің көлік жолының күретамыры-теміржол саласының еліміздің экономикасын дамытудағы маңызы ерекше. Бүгінде Үкімет тарапынан аталмыш саланы дамытуға және тиімді жұмыс іс­теу мәселесіне жіті назар аударылуда. Ауданымыздың…

Толығырақ