ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ЖОЛ ТҮСТІ

ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ЖОЛ ТҮСТІ

—Біздің көшеге де көңіл бөлінді -ау, енді жарықтандырылса — деді тыста немерелерін ойнатып отырған Зейнеп апа. -Айтатыны жоқ ,бұл бір көптен күткен іс болды ғой ,- деді жанында тұрған ағамыз да,күнің ыстығын  елемей  жол салып жүрген жұмысшылардың жұмысын алыстан бақылап. *** Иә,техникасы сай «НұрАС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жуырда  өздеріне  міндеттелген  істі сапалы  әрі  дер кезінде аяқтады. Нақтысы , ойдым-ойдым болып көшенің сыйқын кетірген автокөлік  жолын ел игілігіне жаратты. Тақтайдай тегіс жолды пайдаланған жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Үлкен -кіші аудан әкімінің 2017-2019 жылдарға арналған «Арал ауданының жол картасы » аясында қолға…

Толығырақ

91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

Дәрігерлер қайтыс болғандығын жария еткен Польшаның қарт тұрғыны белгісіз жағдайда өмірге қайта оралды. Люблин воеводасындағы Остров Любельски қалашығында тұратын 91 жастағы Янина Колькевич көз жұмды деп хабарланып, оның өлгендігі тіркелген. Туған-туыстары болса, марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып, мүрдені мәйітханаға апарған. Тоңазытқышта бірнеше сағат жатқан Янина Колькевич салынған қапшық кенеттен қимылдай бастаған. Мұндайды көрмеген мәйітхана қызметкерлерінің таңданбасқа шарасы да жоқ еді. Кейуананың туыстарының айтуынша, шамамен түн ортасынан ауған шақта біреулер есік қаққан. Табалдырықта мәйітхана қызметкері тұр. Ол болған жайтты жеткізді. Үйге келген соң Янина Колькевич қатты тоңғандығына шағымданып, бір кесе…

Толығырақ

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айтта неше күн демалады?

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айтта неше күн демалады?

Тамыз айының соңында қазақстандықтарды бірінен соң бірі келе жатқан мейрам күндері күтіп тұр. Конституция күні мен Құрбан айтта ел тұрғындары неше күн демалады? 30 тамыз — Конституция күні екенін белгілі. Бұл күн сәрсенбіге, ал Құрбан айт биыл 1 қыркүйекке дөп түсіп отыр. Осыған орай оқу жылының басы 2 қыркүйекке ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар жаз айының соңында екі рет демалады. 30 тамыз, сәрсенбі күні және жұма күнге тұспа-тұс келетін 1 қыркүйек күндері демалыс болып жарияланды. Ал бейсенбі күнге дөп келетін 31 тамыз күні жұмыс күні болып белгіленді. Айта кету керек, 1995 жылдың…

Толығырақ

ЕЛ  ЫҚЫЛАСЫ  ЕРЕКШЕ

Аудан әкімінің алты айдың қорытындысы бойынша жасаған баяндамасы өкілетті орган саналған депутаттар тарапынан ғана емес, барша аудан халқының да  ерекше ықыласына ие  болды. Бұл жөнінде аудандық «Толқын» газетінен оқып, жыл басынан бергі бастау алған жоспарлы жұмыстың жүйелі жалғасқанына көз жеткіздік. Жыл көлемідегі табысты істер көптің көз алдында. Әсіресе, жүз жылдан астам тарихы бар аудан  орталығына айрықша көңіл бөлінгені қуантады. Рас, ойық-шұқыры көп қалаішілік  көлік жолдары  жүргізушіні де, жолаушыны да титықтататын. Міне, аз уақыттың ішінде көшелердегі сүреңсіз көріністер  жойылды. Сондай -ақ, аудан орталығының ажарын айшықтау мақсатында да көп көкейіндегі шаруалар бастандырылып,тарихи…

Толығырақ

Астанада бейтаныс жігіттер терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Астанада бейтаныс жігіттер терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Астанада жас жігіттер жоғары қабатта терезе алдына шығып алып отырған бүлдіршінді жерге түсірді. Бұл оқиғаны көрші пәтердегі куәгер түсірген. Желіге жүктеген қолданушы Лаура Хамытқожаеваның айтуынша, бұл кезде бүлдіршіннің ата-анасы үйінде болмаған. Жас бала терезе алдына өзі шығып алғанға ұқсайды. Жігіттер көлік үстіне шығып, бірі екіншісінен ұстанып, бүлдіршінді көтеріп жерге түсірді. Желі қолданушылары жігіттердің әрекетіне сүйсінді. Олардың сауапты іс жасағанын айтып, алғысын білдіріп жатыр.

Толығырақ

Назарбаев құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өткізді

Назарбаев құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өткізді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты. «Біз бүгін қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені қарастырып отырмыз. Солардың қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын…

Толығырақ

Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз.  Алайда серверге көп қолданушы кіргендіктен ақау шығуы мүмкін. Толық тізім 14 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде шығады. Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша — 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша — 300 грант), 2850 орын — жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді. Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық…

Толығырақ

Тоқтар Серіков Бейбіт екеуінің әнін Қуандық пен Мөлдірге сыйлады (видео)

Тоқтар Серіков Бейбіт екеуінің әнін Қуандық пен Мөлдірге сыйлады (видео)

Қазақ эстрадасында жаңа жұлдызды дуэт пайда болды. Мөлдір Әуелбекова жас әнші Қуандық Рахыммен бірге Тоқтар Серіковтің “Ғашықтар сыры” атты әнін халыққа ұсынды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Аталған туындының әнін де, сөзін де Тоқтар Серіковтің өзі жазған. Оның алғашқы орындаушылары – Тоқтар мен Бейбіт. Анша-мұншаны жақтыра бермейтін Тоқтар Серіков ізінен еріп келе жатқан іні-қарындасына қолдау көрсеткісі келген ұқсайды. Себебі продюсер Жанна Әбуованың айтуынша, Тоқтар Серіков әнді жастарға сыйға тартқан.

Толығырақ

Мектеп құрылысы қарқынды түрде қолға алынуда

Мектеп құрылысы қарқынды түрде қолға алынуда

Қалада құрылысы қарқынды қолға алынып жатқан маңызды нысандардың бірі-№14 мектеп-лицейі. Үлкен аумақты алатын осынау құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен таныспақ болып, арнайы бардық. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді қолға алған «Өмірзақ» ЖШС-нің прорабы А.Рамбердиевпен тілдесудің сәті түсті. Қызу құрылыстың алаңына айналған жерде бірде-бір жан қол қусырып қарап отырған жоқ. Жоспарлы жұмыс болғандықтан ба, бәрі де өзіне берілген міндетті істі уақытысында аяқтауға асық. Айта кету керек, қай құрылыстың да қарқынды жүруіне бірден-бір себепші техника екені анық. Осы техникалардың көмегімен қыруар іс өз уақытысында тындырылып жатыр. Бүгінде аталмыш құрылыс алаңында 7 техника тынымсыз еңбек…

Толығырақ

Алматыда жолаушы әжелер бұзылып қалған троллейбусты итерді (видео)

Алматыда жолаушы әжелер бұзылып қалған троллейбусты итерді (видео)

Алматыда жолаушылар бұзылып қалған автобусты итерді. Көлікті итеріп жүрген жолаушылардың егде жастағы әйелдер. Арасында қыз-келіншектер де бар. Олардың арасында полицей де бар. Көріністі видеоға түсіріп тұрған қыз таңданысын жасыра алмады. Видео Инстаграм желісінің ZTB тобында жарияланды. Видео анықтамасында 9 әженің көлікті итеріп бара жатқаны жазылған. Олардың қоғамдық көлікті не себепті итергені белгісіз.

Толығырақ