ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Астана мектебін бітірген талапкер Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке назын айтты. Ол мемлекеттік оқу гранттарының әділетсіз бөлінгеніне шағымданған. Талапкердің министрге жолдауын қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында жариялады. “Менің аты-жөнім Маликова Әйгерім, мен №17 мектеп-гимназиясының түлегімін. Мектепті үздік аттестатпен бітірдім. Оқуға түскендермен салыстырғанда қазір мына жерге жиналған талапкерлердің ұпайлары жоғары. Біз тізімді қарап шықтық, олардың көпшілігі «Алтын белгі» иегерлері. Алайда бұған дейін білім министрі Сағадиев «алтын белгілер» мен республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне ешқандай жеңілдіктің қарастырылмайтынын айтқан еді. Ендеше неге олар өз сөздеріне жауап бермейді», – дейді бойжеткен. Мектеп түлегінің…

Толығырақ

Вагон ішінде Төреғалидің әніне билеген жолсерік елдің көңілін көтерді (видео)

Вагон ішінде Төреғалидің әніне билеген жолсерік елдің көңілін көтерді (видео)

Қазақстандық жолсерік вагон ішінде би билеп, елдің көңілін көтерді. Видео желідегі ZTB_video парақшасында пайда болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Видеодан шамамен орта жастағы жолсеріктің қазақ әніне билеп тұрған сәтін тамашалауға болады. Желідегілердің пікіріне сүйенсек, көңілді жолсерік Көкшетау-Астана бағытында қатынайтын электрлі пойызында жұмыс істейді екен. Оқырмандар жолсеріктің биіне тәнті болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтып жатты. Видеоны небәрі 4 сағатта 100 мыңға жуық жан тамашалап үлгерді.

Толығырақ