Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Мемлекеттік білім грантына ілікпеген мектеп түлектері студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады. Әлбетте, білім гранттарының саны шектеулі, түлектердің тек отыз пайызы тегін оқиды. Бұл дегеніміз, студенттердің көпшілігі ақылы негізде оқиды деген сөз, деп жазады Sputnik. Сонымен, егер балаңыз мемлекеттік грантқа ілікпесе және оны оқытуға ақшаңыз болмаса, не істеу керек? Студенттер мен түлектерге қолдау көрсету мақсатында білім беру кредиттерін кепілдендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылған болатын. Осы бағдарлама бойынша оқуға түсетін түлек өзінің атына студенттік кредит ресімдей алады. Студенттік кредит жылдық 10% пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейін кепілсіз беріледі. Кредитті кейін төлейді….

Толығырақ

Министрлік аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексереді

Министрлік аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да аз ұпай жинап, «Алтын белгі» иеленген түлектер оқыған мектептерді тексеретін болды. Бұл туралы ОҚК брифингісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша департаментінің директоры Гүлзат Көбенова айтты. «Алдағы аптадан бастап министрлік ҰБТ-да аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексеретін болады. Бітіруші түлектерге бұл тексерістің ешқандай зияны тимейді. Алайда бұрмалаушылық фактісі анықталатын болса, мектеп басшылығы қатаң жазаланатын болады», – деді Гүлзат Көбенова. «Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалмасын деп оларға қосымша оқу гранттары бөлінген еді. Өз кезегінде жоғары оқу орындары Ассоциациясының президенті…

Толығырақ

ЕЛБАСЫ «СЫР ШЕЖІРЕСІ» КӨРМЕСІНЕ КЕЛДІ

ЕЛБАСЫ «СЫР ШЕЖІРЕСІ» КӨРМЕСІНЕ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді. Кешенді аралау сәтінде Елбасы «ЭКСПО-2017» аясында ұйымдастырылған «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің көрмесінде болды. Аймақтың өнері мен мәдениетін айшықтайтын қатарда аялдаған Елбасы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

Толығырақ

2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі

2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі

Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссиялық шешімін қайта қарап, 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді. Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты. Жаңа тізім «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.  Жаңарған тізімді МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. egemen.kz/article/156820-2017-zhylghy-bilim-granty-iegerlerininh-zhanha-tizimi Толығырақ: http://alashainasy.kz/ent/2017-jyilgyi-blm-grantyi-iegerlernn-jana-tzm-99957/

Толығырақ

Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)

Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)

Соңғы кездері беташар дәстүрін үйлену тойы өтетін мейрамханада өткізу дәстүрге айналып барады. Алайда бұған дейін қазақ халқы бұл үрдісті келін түскен күннің ертесіне, үй ауласында өткізетін. Бұл салтты әсіресе, оңтүстік халқы әлі күнге дейін ұстанады. Нағыз оңтүстік шаһарының келіні ретінде Гүлзира Айдарбекова да дәстүрден айныған жоқ. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Екінші ұлын үйлендірген танымал продюсер беташар рәсімін Астанадағы зәулім үйінің ауласында өткізді. Ол желідегі парақшасына беташар сәтінен видеолар жариялап, өзіне ізгі тілегін жолдаған оқырмандарына алғыс айтты. “Ибалы, адал, құтты келін болсын! Сіздерге де жұғысты болсын”, – деп жазды ол. Өз кезегінде желідегілер…

Толығырақ

Бет пен мойын күтімі

Бет пен мойын күтімі

Бет пен мойын – қыз баланың айнасы. Оның күтіміне міндетті түрде мән беру керек. Мына ережелерді 1 апта бойы сақтап жүрсеңіз, өзгерісті байқайсыз. 1. Үш күн сайын жастықтардың тысын ауыстырып тұрыңыз. 2. Бет және мойынды сүртуге арналған жеке орамалмен сүртініңіз. 3. Үшдеңгейлі бет күтімі: гель, мусс, гидрофильді май. Қажет деп тапсаңыз, тоникпен де сүртіңіз. 4. Бетіңізге қолыңызды тигізбеңіз. 5. Ұйықтар алдында макияжды жуып жатыңыз. 6. Күнде немесе күнара бетіңізге маска жағып тұрыңыз. 7. Түнде көзіңіздің астына май жағыңыз. 8. Қыста да, жазда да күн қорғайтын элементі (SPF) бар май жағып…

Толығырақ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жедел вирусты, табиғи ошақты зоонозды ауруы. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен тромбогеморрагиялық қызбалық синдроммен жүреді. Бұл аса қауіпті ауру көбінесе маусымдық мезгілдерге байланысты пайда болады. Инфекция көзі- кененің шаққан жері, яғни тері немесе майда жарақаттар, ауру адаммен қарым-қатынас кезінде қан арқылы беріледі. Инфекциямен зақымдалған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді де ретикоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады. Дене температурасы тез көтеріледі. Бастапқы кезеңдердің өзінде жалпылама интоксикация белгілерін байқауға болады. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 14 күн аралығы. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, емдеу, алдын алу, кенеден сақтану шаралары, аурудың зардаптары…

Толығырақ

ҮЛГІ ТҰТАР ЖАН

ҮЛГІ ТҰТАР ЖАН

«Тірлігі тындырымды» деген тіркесті естіген шығарсыз. Көңілімізде жазылып қалған қазақ халқының бұл түйіні біз үшін құрылысшы Қазбек Бүркітбаевқа да қарата айтылған сияқты. Себебі, ол кісі қай қырынан алып қарасақ та көрші-көлем, ағайын-туыс, жалпы қоғам үшін үлгілі, өнегелі. Бұл сөзімізге, 40 жылдық тәжірибесі бар құрылысшының өнегелі өміріне, қажырлы қызметтеріне куә болған аралдықтардың да қарасы қалың. Ол 1977 жылы Қазақ политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірген соң, алғашқы еңбек жолын қаламыздағы құрылыс жөндеу механикаландырылған калооннасына құрылыс шебері болудан бастады. Одан кейін, 1993- 1996 жылдар аралығында қалалық көпсалалы шаруашылық мекемесінде учаскі бастығы қызметін атқарды….

Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Мен қазіргі таңда Е. Дәріқожаев басшылық ететін «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кран жүргізуші болып жұмыс істеймін. Жасыратыны жоқ, бұл өте жауапты жұмыс. Қателікке жол беруге болмайды. Ондай жағдайда адам өміріне нұқсан келуі де ғажап емес. Сондықтан, өз жұмысымды бар ықыласыммен атқаруға тырысамын. Өмірде жалпы ақша оңай жолмен келмейді екен. Мен жас болсам да осыны ұғындым. Мәселен, қазіргі жасап жатқан жұмысымда уақытпен санаспаймыз. Күні-түні құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүруі үшін тынымсыз еңбек етеміз. Бүгінде Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің ғимаратын салу үстіндеміз. Жұмыс енді басталғандықтан, жұмыстың дені мен басқаратын автокранның көмегімен…

Толығырақ