Фонограммамен ұсталып қалған Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)

Фонограммамен ұсталып қалған Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)

Ерке Есмахан өңірлік концерттердің бірінде фонограммамен ән айтып тұрғанын білдіртіп қойды. Әнге ілесе алмай қалған әншінің ел алдында масқарасы шықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әншінің әріптесі Төреғалимен бірге “Алло” әнін орындаған сәті желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Видеоны тамашалаған жұрт әншіден көңілдері қалғанын айтып, сынап жатыр. “Масқара”, “Тойға шақырсақ, фонограммамен айтып, ақшасын алып кетеді, ұят-ай”, “Таңғалатын ештеңе жоқ”, “Ештеңе демеймін. Барлық əншілердің басында болатын жағдай”, “Халықты алдап, жанды дауыспен айтпайсың ба Ерке”, “Ұят болган екен дəл осылай ұсталса”, – деп жазды желідегілер.

Толығырақ

Жұлдызнама 16.08.2017 жыл(ертеңгі күнге)

Жұлдызнама 16.08.2017 жыл(ертеңгі күнге)

♓ Балықтар Күніңіз сәттілікке толы. Бүгінгі күн сізге несібесімен келді.Барлық істе жолыңыз болады. Ал кешкісін сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз. Ол сізді қуантады. Сезімге толы әсерлі кеш болады. ♒ Суқұйғыш Күніңіз бірқалыпта тұрмайды құтты бір американдық сырғанақтар тәрізді. Бірде ұшсаңыз, бірден төмен түсесіз. Ал, сіз бірқалыпты өмірді, ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келеді. Осыған орай алға қойған мақсаттарыңыз орындалады. ♑Тауешкі Жұмысқа/оқуға деген қызығушылығыңыз бәсендеген. Басқа нəрсеге көңіл аударғыңыз келеді, бірақ ол қалтаңызды қағуы мүмкін. Экстремальды спорт түрімен шұғылданып, сапарға шықпағаныңыз дұрыс болады. Күннің екінші жартысында күтпеген жерден жақсы ақпарат аласыз. ♐Мерген Бастаған істеріңізді алға…

Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫ АЙРЫҚША

АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫ АЙРЫҚША

Арманға айналған «ЭКСПО-2017» көрмесін көру бізге де бұйырды. Арал ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов бастаған 25 ардагерді темір жол вокзалынан аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев шығарып салды. Қызылорда қаласынан осында іссапарда жүрген аудан әкімі М.Оразбаев күтіп алды. Оң ниеті үшін ризашылығымызды білдірдік. «Қызылорда-Көкшетау» пойызына Қазалы ауданының ардагерлерімен бірге жайлы купелерге орналастық. Облыстық ардагерлер кеңесінің қызметкері Сандуғаш Тынымбаева қарындасымыз жалпы жетекшілік жасады. Сондай- ақ, дәрігер А.Қабылбаева, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Ә.Нұрлыбаева, оператор А.Әшірбеков, жыршы- термеші, Аралдың тумасы А.Үсеновтер жанымызда болып, дәрігерлік көмекті де көрсетіп, көңілімізді де ән-…

Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында құрылысшылар күні мерекесіне орай, құрылыс­ шыларды марапаттауға арналған жиын бол­ ды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төра­ ғалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орын­ басары М. Мейірбеков және құрылысшылар мен аталмыш саланың ардагерлері қатысты. АуданәкіміМұхтарОразбаев ауданымыздағы бүгінгі таңда атқарылып жатқан және алға қойылған осы сала төңірегіндегі бірқатар жүйелі істерге тоқталып өтті. Сосын, зейнеткерқұрылысшы Егізбай Көлдеев пен жеке кәсіпкер Сәлмен Жасекеновті ауданның Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, бір­ қатар құрылысшылар мен зейнеткерлерге, жеке кәсіп иелеріне Арал ауданы әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Жиын соңында зейнеткер-техникалық қада­ ғалаушы Қуантқан Аташбаев барша…

Толығырақ

БОЛАШАҒЫМЫЗ БАЯНДЫ

БОЛАШАҒЫМЫЗ БАЯНДЫ

Көптеген елдің экономикалық өсіміне кері әсерін тигізіп, тұрақты дамуына кедергі болып келе жатқан әлемдік дағдарысты еңсеру қай елге де оңай тиіп тұрмағаны анық. Дөңгеленген дүниенің қай түкпірі де дағдарыс дейтін дауылдың өтіне төтеп берудің тұстарын қарастырумен әлек. Құбылмалы күйге түскен нарықтың осы бір құйтырқы кезеңін біздің еліміз де бастан өткеріп жатыр. Көк қағаз құнын шарықтатқан сайын оған тәуелді елдердің көбінде бағаның құбылуы қылаң беруде. Азулы елдердің өзін титықтатқан өтпелі дағдарыс біздің еліміз бір қалыпты еңсеруде. Бастысы- бағытымыз айқын. Олай деп айтуымыздың себебі, Елбасымыз осы экономикалық дағдарысқа қарсы тұрып, ішкі сын-қатерлерге…

Толығырақ

Шымкент мешітінде жастар шу шығарды (видео)

Шымкент мешітінде жастар шу шығарды (видео)

Шымкент қаласындағы орталық мешітте жұма намазынан кейін жастар шу шығарды. «Нұрсұлтан-Қазақстан» деп ұрандатқан бұл топ азаматтардың бейнежазбасы ғаламторға тарап кетті. Имамның ашуын тудырған бұл жайтты ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек еріктілердің ермегі деді. Айтуынша мұндай жайт бұрын-соңды бірінші рет орын алып отыр екен. — Әрине дұрыс емес. Ондайға рұқсат жоқ. Ол жігіт жұма намаздан соң хадис айтамын деп алдаған. Кейін орынбасарым оларды тоқтатқан. Түсіндіргеннен кейін, «ойбай, кешіріңіз, мен білмедім», депті. Не себепті олай істегенін біз де түсінбедік, дейді ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек. Бұл жайтқа қатысты…

Толығырақ

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Жақында Қайрат Нұртастың анасы әнші болып кетсе таңғалмаңыз! Себебі Гүлзира Айдарбекова концерттерде күйеуімен бірге дуэт орындап жүр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Гүлзира Үсенқызы “Махаббат әлемі” атты концертте жары Нұртас Айдарбековпен бірге оның репертуарындағы “Жылдар өтсе де” әнін орындаған. Айдарбекованың айтуынша, оның әнші болатын ойы жоқ. Тек аталған концерт махаббат тақырыбында болғандықтан, “бірігіп ән айтуларыңыз керек” деген Жанатбек Байтековтің өтінішін жерде қалдыра алмапты. “Әнші емес жай Қайраттың продюсері ретінде және Нүрекеңнің жары ретінде қабылдап қараңыздар. Ұнамаса көңіл-күйімді түсірмей, қарамай, өтіп кетсеңіздер болады”, – деп оқырмандарына өтінішін білдірді Гүлзира Үсенқызы. Ал желідегілер продюсердің әнді…

Толығырақ

Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды

Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды

Жастардың жаңашылдыққа ұмтылысын жақсы бағалайтын, бірақ шаштарын бағдаршамдай түрлі-түске бояйтындарды ұға алмайтын Сәкен Майғазиев жан айқайын әзілмен жеткізді. Әнші шашын бояп, сырға тағатындарға арнап анекдот шығарыпты. Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасы хабарлады. «Жақында өзім әзіл ойлап таптым. Іштей өз-өзіңмен сөйлесетін кездер болады ғой. Панк дейміз, құлақтарына, мұрындарына сырға тағып, көздерін қызша бояп, шаштарын жасылға, сарыға, қызылға бояп жатқан жастарымызды көрген кезде бір ата сұрапты: – Мына оңбағандарға айтатын біреу, ата-анасы жоқ па ұрсатын? – десе, екіншісі: – Ата оны әке-шешелері танымайды ғой, – депті. Түрлерін танитындай жағдайда емес шын мәнінде”, – дейді Сәкен….

Толығырақ

Динара Сәтжанның шулы видеосы желіні шарлап кетті (видео)

Динара Сәтжанның шулы видеосы желіні шарлап кетті (видео)

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның Астанада ашылған тон сататын қымбат дүкен ұйымдастырған конкурста жүргізуші болып, ұтыс ойнатып тұрған шулы видеосы желіні шарлап кетті. Видеода ұтыс нөмірін банкі ішінен алған Динара оны жанында тұрған танымал сиқыршы Игорь Овсейчикке береді. Ол болса ұтыс нөмірін  жеңімпазға сол қолымен алып, оң қолымен береді.  Желі қолданушылары бірнеше секундтар ішінде Игорьдің ұтыс нөмірін ауыстырып жібергенін жарыса жазуда. Өз кезегінде Динара «бұл конкурсқа қатысым жоқ, тек кеш жүргізушісімін», — деп жазған желідегі парақшасында.

Толығырақ

Еркенің әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Еркенің әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Ерке Есмаханның “Қайда?” әнін бүгінде жаттап алмаған жан жоқ шығар?! Көшеге шықсаңыз да, дәмхана-мейрамханаға бас сұқсаңыз да еститініңіз – “Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ”… Елдің бәрі Еркемен қосылып сүйіктісін іздеп кетті. Тіпті, әжелер де… Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Жастарды былай қойып, енді самайына ақ түскен ақ орамалды әжелер де Еркенің әнін айта бастады. “Хит” әнді қосыла шырқап отырған әжелер видеосын Ерке желідегі парақшасына жүктеп қойды. “Осындай әдемі, жүректі елжірететін видео екен! Сіздердің де үйлеріңізде кішкентайларға қосылып үлкендер де осы әнді айтады ма? Жүз жасаңыздар, әжелерім!” – деп пікір білдірді әнші. Бұл ретте желідегілердің бір бөлігі…

Толығырақ