Ресейде аюлар мас тұрғынның азық-түлігін қолымен бірге жеп қойды

Ресейде аюлар мас тұрғынның азық-түлігін қолымен бірге жеп қойды

Ресейдің Иркутск қаласында аюлар жергілікті тұрғынның қойылтылған сүтін қолымен бірге жеп қойған, — деп хабарлайды L!FE.  Салдарынан зардап шеккен ер адам ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сөйтсек, ішімдікке тойып алған ер адам аюларды қойылтылған сүтпен тамақтандырғысы келіпті. Осы мақсатта ол қоршаудан өтіп, аюларды тамақтандыра бастаған. Алайда жыртқыш аңдар ер адамның қолын тістеп алып, кафе қызметкері көмекке келгенше жібермей қойған. Осы дерек бойынша тексеріс басталыпты. Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/reseyde-ayular-mas-turgyinnyin-azyik-tulgn-kolyimen-brge-jep-282728/

Толығырақ

Бояусыз әншілердің қайсысы әдемі?

Бояусыз әншілердің қайсысы әдемі?

Ұйымдастырушылар Ақбота Сейтмағамбет, Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденованың бояусыз суреттерін салып, оқырмандардан қай әншінің табиғи сұлулығы басым екенін сұраған. Желі қолданушыларының көп таңдаған үштікті әзірге Ақбота, Ерке мен Мөлдір бастап тұр. Айта кету керек, аты аталған бес әнші де продюсер Баян Мақсатқызының қол астында түлеп ұшқан жұлдыздар. Дереккөз: Reactor

Толығырақ

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

1981 жылдан кейін туған жандар зейнетке шығу туралы ойланбай-ақ қойсын, себебі қазіргі бүкіләлемдік экономикалық жағдай белгілі бір жастан кейін зейнетке шығудан бас тартуға мәжбүр етеді. Бұл туралы британдық The Sunday Times басылымына сілтеме жасап Газета.Ru хабарлады. Лондондағы бизнес мектебінің профессоры Линда Грэттонның пікірінше, қазіргі жастар өзін зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жұмыс істемеуі керек. Оның пікірінше, қазіргі жағдайда адамдардың еңбекке белсенділігі «материалды емес активтерді жинаудың» көзі болып табылады. Материалды емес активтерге медициналық қызмет көрсету, білім алу мен өзін-өзі жетілдіру жатады. Аты аталған дүниелер өмір бойы жұмыс істеуге көмектеседі. BNY Mellon инвестициялық компаниясының…

Толығырақ

​Facebook желісінің сауда алаңы іске қосылды

​Facebook желісінің сауда алаңы іске қосылды

Еуропаның 17 елінде Facebook желісінің Marketplace деп аталатын сауда алаңы іске қосылды. Бұл ресурста жеке тұлғалар жарнама бере алады. Marketplace платформасы атап айтқанда Венгрия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Дания, Ирландия, Испания, Франция, Чехия, Швеция мен Швейцария тұрғындары үшін қолжетімді. 2016 жылы іске қосылған бұл платформа бұған дейін тек АҚШ, Канада, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания мен Чилиде қолданылып келген. Дереккөз: life.ru

Толығырақ

Қазақстанда білім беру жүйесіне тағы да өзгеріс енді

Қазақстанда білім беру жүйесіне тағы да өзгеріс енді

Еліміздегі білім беру жүйесіне тағы да өзгеріс енді. Бұдан былай, 2-сынып, 5-сынып және 7 сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша тәлім алмақ. Ал алдыңғы жылдары шыққан оқулықтар енді жарамсыз. Қазір ұстаздарға тың жүйе таныстырылып жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы. Осы күнге дейін 83 мың педагог жаңартылған бағдарламаны меңгерген екен. Тың жобада теориялық білімнен гөрі, тәжірибеге басымдық берілген. Жаңа оқулықтар білімгерлерге тегін таратылады. Ал ұстаздарға олардың электрондық нұсқасы беріледі. «Жаңа оқулықтар барлық оқушыларға тегін. Былтырғы оқулықтармен оқи алмайды.  Оқушы өзі жұмысқа кірісіп, өзі зерттеп, практикалық жұмыс жасайды. Өсімдіктермен, сызғышпен жұмыс жасап, араластырып, өзі ойлап,…

Толығырақ

Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)

Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)

Асқар Дәурен есімді жігіт Ерке Есмаханның “Қайда?” әнін рэппен толықтырып, желіде жұлдызға айналды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Жас жігіт: «Менің жарым болсаң, Бақытты қыламын, іздеймін, Бірақ сен жоқсың, Әзірге көңілім күздей», – деген шумақтар арқылы Еркені жар етіп алғысы келетінін меңзеген. Бұл ретте желідегілер рэптің әнмен үйлесім тапқанын айтып жатыр.

Толығырақ

Елімізде жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою жеңілдетіледі

Елімізде жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою жеңілдетіледі

Жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою енді оңайырақ болады. Алматыдағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету рәсімі жеңілдетілді. Енді автокөлік иелері қаптаған құжат жинап, ұзын-сонар кезекке тұрмайды. Өйткені, орталық бөлімшелерін қайта құрылымнан өткізген, деп хабарлайды Алматы арнасы. «7 тамыздан бастап бізде екі база жұмыс істейді. Енді мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері айыппұлдарды төлеу және көлік салығы бойынша барлық ақпаратты көре алады. Біздің ұсынысымызбен бұл орталыққа қайтадан құрылым жүргізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері екіге бөлінді. Бірінші қабатта тек көлікті тіркеу, есепке қою бойынша қызмет көрсетіледі. Ал екінші қабатта жүргізуші…

Толығырақ

Грант иегерлерінің жаңа тізімінде 1000-ға жуық талапкердің мамандығы ауысып кеткен

Грант иегерлерінің жаңа тізімінде 1000-ға жуық талапкердің мамандығы ауысып кеткен

ҰБТ-тың дауы түзетілген екінші тізім шықса да бітетін емес. Бұл жолы тізімінде біреулердің мамандығы, енді бірінің тіпті түскен оқу орны ауысып кеткен. Дүрдараз боп, басы қатқан талапкерлер қалайда қалаған мамандығынан айрылғысы жоқ. Ал Ұлттық тест орталығы қателік тағы компьютерден кеткен деп ақталды. Десе де, оны түсетуге жанталасып жатыр екен, деп хабарлайды КТК арнасы. Алматылық Аружан Ағыберген ҰБТ-дан 128 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атағына дақ түсірмеген үздіктердің бірі. Алғашқы шыққан тізімде грантқа түскенін көріп, қуанған. Алайда Білім министрлігінің қайтара шыққан тізімі, алып ұшқан көңілін су сепкендей басып тастапты. «Мен оны…

Толығырақ