Құрбан шаларда не айту керек?

Құрбан шаларда не айту керек?

Құрбандық малды басын құбылаға қаратып, «Бисмилла, Аллаһу әкбар!» деп бауыздайды. Алдымен малдың аяқтарын байлап, сол жағымен құбылаға қаратып жатқызып, мына дұғаны оқиды: «Аллаһумма һәзә минкә уә иләйкә, фатақаббәл минни», қазақша мағынасы «О, Раббым, мұны Өзің бердің, әрі Өзіңе арнап отырмын, менен қабыл ете көр». Дұғаны айтып болған соң, «Бисмилләһи, Аллаһу Акбар» деп тамағынан бауыздайды. Мүмкін болса құрбандық шалатын жан өз құрбандығын өзі шалғаны жақсы. Дегенмен, өкілеттік беру арқылы басқа адамға да бауыздатуға болады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Адам баласы Құрбан айт күнінде қан ағызудан да (құрбан шалу) сүйікті ешбір іспен…

Толығырақ

Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)

Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)

Өткен аптада келін түсірген Айдарбековтер отбасы кеше жас келіннің төркініне құдалыққа барып қайтты. Қайрат Нұртас жаңа құдалаларының шаңырағында әннен шашу шашты, деп хабарлайды Stan.kz. Желідегі пікірлерге сүйенсек, құдалық Қызылорда өңірінің Шиелі ауданында өткен. Видеодан бұл дәстүрдің үй ауласында өткенін байқауға болады. Үлкен дастарханнан кейін үй иелері мен жаңа құдалар үй ішінде бас қосты. Көңілді отырыс кезінде: “Бұрыннан танитындай сіз-біздесіп, жақсы ағайын-туысқандай болып араласып кетейік. Құдалығымыз мың жылдық болсын”, – деп ақ тілегін арнады жаңа құдағилардың бірі. Еске сала кетейік, өткен аптада Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер екінші ұлын үйлендірді. Беташар рәсімі Айдарбековтердің Астанадағы…

Толығырақ

Сиви Махмұди Анталиядағы үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Сиви Махмұди Анталиядағы үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Жаздың аяқталуына небәрі 13 күн қалды! Дәл осы себепті шетелге шығып үлгермеген жұлдыздар билет алып, жанталасып жатыр. Мәселен, Сиви Махмұди отбасымен бірге Түркияға бет алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әнші зәулім үйдің алдында түскен суретін жариялап: “Сүйікті үйім”, – деп жазды. Бұған қарап, жұрт Махмұди әулетінің Анталияда үйі бар деп болжады. Желідегілер: “Шынында сіздің үйіңіз ба? Қандай күшті”, – деп шуласты. Алайда Сиви оқырмандарына тіл қатпады. Дегенмен, әйгілі меценаттың қызы екенін ескерсек, Анталиядағы сәулеті келіскен үйдің Сивиге тиесілі болуы ғажап емес.

Толығырақ

Instagram: Алашұлының бейнебаяны Ninety one-ға қарсы шығарылған (видео)

Instagram: Алашұлының бейнебаяны Ninety one-ға қарсы шығарылған (видео)

2009 жылы құрылған Алашұлы тобының әндері мен бейнебаяндары бүгінде қазақ даласына кеңінен таралған. «Бізде бәрі қазақша» деп ән шырқап жүрген аталмыш топтың ертең, 18 тамызда «Пай-пай-пай» әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауы кесіледі. Бұл туралы Гәкку арнасының инстаграмдағы парақшасында хабарланды. Алғашқы бірнеше секундтары ғана көрсетілген бейнебаянның үзіндісі желі қолданушылары арасында үлкен даудың тууына себеп болды. Бейнебаянның алғашқы секундтарына назар салсақ, қызыл киімдегі ер адам өздерінің мықты, әрі ешқандай тойтарысқа дес бермейтіндерін, алайда қарсыластары пайда болғанын ескертеді. Әрі қарай не болары әзірге жұмбақ күйде қалды. Гәкку арнасының парақшасы жариялаған бейнебаянның үзіндісі 2…

Толығырақ

Көлік ішіндегі әңгіме

Көлік ішіндегі әңгіме

Таңертең тіршіліктің оянып, қозғалыстың қызатын уақыты. Жұмысыма қарай беттедім. Мен тұратын жерден жұмыс орыныма ертерек жетейін деген ниетпен көлік тынбай ағылып жататын орталық жолдардың біріне жеттім. Десе дегендей-ақ таксилердің тынымсыз қозғалысы мен арлы-берлі өтіп жатқан көліктердің дыбысынан құлақ тұнады. Сәл әріректе тұрған жаяу жүргінші егде жастағы әйел адамды байқадым. Сірә, көп уақыт көлік күтіп қалғандай көрінеді. Мен де біраз уақытымды осы жерде өткіздім. Тоқтатқан көліктерімнің бірі басқа бағытқа бара жатқанын айтса, енді бірлері адамы толық, тоқтамай кетіп жатты. Осылай тұрып әлгі апай екеуміз бір таксидің тұтынушысы болып шықтық. Жол үстінде…

Толығырақ

Алматы облысының тұрғындары қалаға 80 теңгелік жаңа пойызбен қатынай алады

Алматы облысының тұрғындары қалаға 80 теңгелік жаңа пойызбен қатынай алады

Алматы-2 вокзалынан Жамбыл ауданы Қазыбек бек теміржол станциясына және Алматы-1 вокзалынан Қапшағай қаласына дейін күніне бірнеше мәрте пойыз жүре бастады. Алматыдан 100 шақырымға жуық қашықта жатқан ауыл тұрғындары пойызды шашу шашып қарсы алды. «Алматы 2» теміржол бекетінен күндізгі сағат 11:18-де қозғалған пойыз жолшыбай «Алматы 1» темір жол бекетіне жеті минут тоқтап, әрі қарай Боралдай, Ақсеңгір, Шамалған, Жыңғылды ауылдарына аялдай отырып, сағат 13:09-да Қазыбек бек (бұрынғы Ұзынағаш) теміржол станциясына жеткен болатын, деп жазады Азаттық. Мың қаралы түтіні бар ауылдың тайлы-тұяғы қалмай бекетке жиналған екен. Пойызды шашу шашып қарсы алған жұрт мәре-сәре болып…

Толығырақ

Ұялы байланыс желісі ұлғая түсті

Ұялы байланыс желісі ұлғая түсті

Қазірде бүкіл әлемдік жаңару құбылысы мен жылдам ақпарат көздерінің дамуы күн санап емес, сағат санап дамып, жетілу үстінде. Кешегі өмірден өткен зиялы қауым өкілдері «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» деп арман етіп кеткен осынау дүниелерді бүгінгі ұрпақ көзбен көріп, қолмен ұстап жүр. Десек те, аудан орталығынан шалғайда жатқан бірқатар ауылдардың өркениеттің шарықтаған шағында аталмыш мүмкіндіктерге өз деңгейінде қолы жетпей жатқаны да жалған емес. Арагідік болса да біз сондай жайттарға кездесіп жататын едік. Ендігі жерде осы олқылықтар оң шешім табатын сәті туғандай. Соның бір дәлелі «Activ» компаниясының Арал ауданының Қарашалаң…

Толығырақ

Қызылорда қаласына жаңа 150 автобус келеді

Қызылорда қаласына жаңа 150 автобус келеді

Қызылорадада жаңа автобус паркі ашылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда қаласында замануи талапқа сай келетін жаңа үлгідегі автобус паркі ашылды. Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, қызылордалықтарды маңызды шарамен құттықтады. Құттықтау сөзінде аймақ басшысы бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта автобус паркі орта сыйымдылықтағы 150 автокөлікпен толысатынын мәлімдеді. Бұл жаңа автокөліктер алынған жағдайда, қалаішілік 8 бағытты қамтумен қатар, қала тұрғындарына жұмыс орындарын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жалпы ауданы 5 гектар жер құрайтын автобус паркі ДЕПОсы құрылысына облыстық бюджеттен 2 млрдтан аса қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Комстроймонтаж» ЖШС-і жүргізді….

Толығырақ

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Желіде жөргекқаптың ішінен құрт шыққан видео жарияланды. Қазақ келіншек жөргекқаптың іші-сырты тола құрт екенін айтып, көпшілікке көрсетіп жатыр. Оқиғаның қайда болғаны нақты аталған жоқ. “Зиян емес дейсіңдер. Міне іші толған құрт”, – дейді ол. Көпшілік мұны көріп жаға ұстады. Кейбірі жөргекқаптың арзан бағаға сатып алынған болуы мүмкін екенін айтты. Енді бірі балаларға қолдануға болмайтынын айтып жатыр. Тағы бір желі қолданушысы жөргекқап дұрыс сақталмағандықтан құрттап кеткен деген нұсқасын айтты. Бұған дейін 35 келі қарбыз ішінен улы құрт табылғанын хабарлаған едік.

Толығырақ