Ауылға ауыз су жүйесі тартылуда

Ауылға ауыз су жүйесі тартылуда

         Су-тіршілік көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы Арал ауданына келген сапарында қала тұрғындары таза ауыз сумен қамтылып, әрбір шаңыраққа шүмекпен су тартылуына мүмкіндік жасалған еді. Бүгінгі таңда осы бір игі іс «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында аудандағы бірқатар елді мекендерде де өз жалғасын тауып, жергілікті жұртшылық маңызды жобаның игілігін көру үстінде. Иә, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асқан Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» негізінде Шижаға ауылына жаңадан ауыз су жүйесін тарту жұмыстары қолға алынды. Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев маңызды бастаманың алғашқы жұмыстарына куә болып, іс басындағы бас…

Толығырақ

Қызылорда облыстық сотының судьясы Журналистер Одағының мүшесі атанды

Қызылорда облыстық сотының судьясы Журналистер Одағының мүшесі атанды

Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі атанды. Молдабек Ахметов судьялық қызметінде адал еңбегі, кәсібилігімен әріптестері арасында беделі бекем, халық арасында абыройы жоғары жан. Мемлекет жүктеген міндет пен халықтың талап-тілегін үйлестіре отырып жұмыс атқаратын ол заңнаманың серпінді өзгерістеріне ілесіп ғана қоймай, алдыңғы қатарда озық жүреді. Алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында жұмысшы болып бастаған Молдабек Ахметов Меңлібайұлы 25 жылдан астам сот саласында судьялық, төрағалық қызметті абыроймен атқарып келеді. Судья М.Ахметов сот жүйесінде елеулі еңбектері үшін ҚР Әділет Министірлігінің алғыс хаттары, Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің Құрмет…

Толығырақ

Ұлттық рухымызды жаңғыртайық

Ұлттық рухымызды жаңғыртайық

         Қазіргі күрделі де, алмағайып заманда әлем халқы рухани құндылықтарға адамзат өркениетін сақтап қалудың негізгі тұғыры ретінде қарауда. Әлем жұрты кейінгі кезде материалдық қызығушылыққа, тән рахатына басымдық танытқан Батыс әлемінен шегініп, рухани құндылық пен адамның жан дүниесіне аса мән беретін Шығыс мәдениетіне қызығушылық танытып келеді. Атам қазақ «Қолда барда алтынның қәдірі жоқ» дегендей, біз осындай ұлы Шығыс халқы мәдениеті мен өркениетінің бір бөлігі бола тұра, соның қадірін білмей келе жатқан сияқтымыз. Бұлай дейтінім, қоғамда көп жағдайда-тұрмыста, қарым-қатынаста, тіршілікте батысқа соқыр еліктеушілік тенденциясы байқалады. Ал батыста отбасылық құндылықтар, салт-дәстүр, ұрпақ сабақтастығы,…

Толығырақ

Алаяқ түсірілім кезінде ресейлік тележүргізушіні пышақтамақ болды (видео)

Алаяқ түсірілім кезінде ресейлік тележүргізушіні пышақтамақ болды (видео)

«Че» телеарнасының жүргізушісі Влад Чижовқа түсірілім кезінде ер адам пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Dni.Ru-ға сілтеме жасап. Шабуыл жасаған бейне YouTube-ке жүктелді. Бағдарламаның бұл жолғы шығарылымы қолдан iPhone сататын алаяқтарды әшкерелеуге арналыпты. Чежов сатушымен өзі кездесіп, телефон сатып алмақшы болады. Ол саудагерден телефон қосылмай жатқандықтан қуаттап көрсетуін сұрайды. Сатушы болса қатты ашуланып, сес көрсете бастайды. Осы арада төбелес басталып кетеді, бір кезде алаяқ пышақ алып шығады. Чежов та қарап қалмай, алаяқтың шабуылына тойтарыс береді. Осы кезде қашып кетпек болған алаяқты түсірілім тобының қызметкерлері ұстап алады. Осы оқиғадан кейін журналист…

Толығырақ

Ерке Есмахан күйеуге шығатынын мәлімдеді

Ерке Есмахан күйеуге шығатынын мәлімдеді

“Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ” деп бүкіл Қазақстанға іздеу салған Ерке Есмахан сүйіктісін тапқан сыңайлы. Әнші күйеуге кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Бәрін бақылап, бәрін оқып, бәрін ескеріп, бәрін көріп отырмын! Өмір-ай өмір, өтесің де кетесің бір-ақ сәтте! Адам боп туу-анадан, ар жағы кім боп кететінің-өз қолыңда! Жан жағымда боп жатқан көп нәрселер жүйкемді жұқартты! Кетем мен күйеуге! (Ол жақта проблема аздай дешиш”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында. Өз кезегінде желі оқырмандары Еркені құттықтап, бақыт тіледі. Көпшілік тұрмыс құрғаннан кейін де әншіні сахнадан көруден үмітті екендерін айтты. Есте болса, күні кеше…

Толығырақ

Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық

Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық

18 жыл Кеңес Үкіметін басқарып, төрт рет еңбек ері атанып, ел жадында ерекше сүйісуімен есте қалған Брежневті кейінгі буын жақсы білмесе де, орта және алдыңғы буын өкілдері жақсы біледі. Ол қайтыс болғаннан кейін жазылған естеліктерде оның өте қарапайым, Кремльде қызмет істейтін қатардағы қызметкерлерге де ілтипатпен қарайтын басшы болғаны айтылады. Тіпті ол Кремльде еден жуушы қызметкердің туған күнін ескеріп, гүл сыйлап жүреді екен. Жалпы, Брежнев туралы қызықты естеліктер көп жазылған. Сондай естеліктердің бірінде оны талай рет өлімнен құтқарған мысық жайлы айтылады. Естеліктен белгілі болғандай, Брежневтің ерекше қасиетке ие мысығы болған екен….

Толығырақ

Астаналықтар теміржол вокзалына қала ішілік пойызбен қатынайтын болды

Астаналықтар теміржол вокзалына қала ішілік пойызбен қатынайтын болды

Болашақта әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзал арасын жалғайтын жеңіл рельсті пойыз қатынайтын болады. 18 бекетке тоқтайтын көлік қаланың көрікті жерлерімен өтпек. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Әзірге жобасы жасалып жатыр. Бұл туралы жаңа вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов мәлімдеді. Тәулігіне 35 мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы теміржол сапаржайында жолаушыларға бар жағдай жасалған. Вокзал басшылығы соңғы кезде әлеуметтік желілерде таралған сын-ескертпелердің қисынсыз екендігін айтты. Әр қабатта арнайы ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол жолақтары, тіпті брайл қарпімен жазылған ақпараттар да бар. Әрі тамақтану орындары мен дүкен желілері…

Толығырақ

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін жалақы қанша болуы қажет?

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін жалақы қанша болуы қажет?

Ипотека нарығына жан біте бастады! Ал, бұған «Нұрлы жер» себеп дейді мамандар. Өйткені, дәл осы мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алушылар саны күрт көбейген,-деп жазды КТК арнасы. Сәйкесінше, еліміздегі ипотекалық қарыз қоржыны 1 триллион теңгеден асып, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып отыр. «Нұрлы жер» бойынша енді үлес құрылысқа да кепілдік берілетін болса, үй саудасы одан бетер қыза түседі деп күтілуде. 2 жылдай орнынан жылжымай қалған ипотека нарығына өткен жылдың аяғында ғана жан біте бастады. Міне, көп ұзамай бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып отыр. Ranking.kz-тің мәлімдеуінше, маусымда еліміздегі ипотекалық қарыз көлемі 1 триллионнан асқан….

Толығырақ

Алматыда “Дизи” сусынын қолдан жасап сатқан алаяқ ұсталды

Алматыда “Дизи” сусынын қолдан жасап сатқан алаяқ ұсталды

Алматының Шаңырақ ықшам ауданында заңсыз жолмен бизнесін дөңгелетіп келген елу жастағы ер адам ұсталды. Ол көпшілік тұтынатын «Диззи» энергетикалық сусынын өзі қолдан жасап сатып отырған. Сол себепті жасанды Диззиді нарықтағыдан әлдеқайда арзанға бағалаған. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Бұл азамат жасырын цехта суға лимон қышқылы мен түрлі түс беретін қоспаларды араластырып,1 бөтелке лимонадтан 3 бөтелке энергетикалық сусын шығарып отырған. Тіпті, жасанды сусындарын Алматы облысында арнайы дүкендерге өткізген көрінеді. Тексеру барысында, өндіріс орнынан «Dizzy» бос бөтелкелері, «Алтын кілт» сусындарының бос ыдыстары қораптар мен орауға арналған полиэтилен рулондар тәркіленді.

Толығырақ

Елімізде енді 2 жастан асқан сәбилер де жұмысқа тұра алады

Елімізде енді 2 жастан асқан сәбилер де жұмысқа тұра алады

Кішкентай сәбилер де қалаған мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, ақша табуына болады. Алдағы демалыс күні Астанада балалар арасында «Мамандықтар қаласы» жобасы өтеді. Ұйымдастырушылар екі жастан асқан бүлдіршіндердің барлығын шеберлік сыныбынан тегін өтуге шақырып отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Астанадағы «Арай» саябағында сенбі күні өтетін шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Мұнда 19 тамыз күні интерактивті қалашық орнатылып, балалар арасында алғаш рет «Мамандықтар қаласы» жобасы өткізілмек. Яғни, екі жастан асқан сәбилерден бастап, 18 жасқа дейінгі жеткіншектер 100 шақты мамандықпен танысып, шеберлік сыныбынан тегін өтеді. Мәселен, құрылысшы болуды қалағандар кірпіш қалап, аспаз болғысы келетіндер тамақ…

Толығырақ