Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Маңғыстау облысында Ақтау-Қаражанбас тас жолының бойында жолаушылар автобусы өртке оранды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды. Сағат 11:48 кезінде оқиға орынына құтқарушылар келіп жеткен. “Өрт 12:11 кезінде ауыздықталды. Алайда автобус түгелдей жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлайды ТЖД кезекші бөлімі. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, автобус мұнай кенішінде жұмыс істейтін жұмысшыларды алып бара жатқан.

Толығырақ

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарықтандыру жұмыстары ел үшін қашанда маңызды. Содан да болар,бұл іс аудан әкімі тарапынан кеңінен қолдау тапқан. Осы кезеңдерге дейін қала көкжиегін кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар көптеп қолға алынып,аудан орталығының түнгі ажарын айшықтауға айрықша басымдық беріліп келген болатын. Нақтырақ тоқталсақ,аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асқан Арал ауданының экономикасын дамытудың  2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы негізінде К.Байсейтова, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, М.Мәметова,Т.Бөрқұлақов,Космонавт,Т.Тоқтаров,М.Өтемісұлы,З.Махатов,Ә.Жарымбетов,М. Нұржаубаев,В.Терешкова көшелеріне самаладай жарық шамдар орнатылу үстінде. Осынау ел игілігіне бағытталған  іске аудандық бюжеттен қаржы қаралып,»Энергия-Нұр»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірқатар ауылдардағы жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге электор желілерін де тартыуда. Оның ішінде,Сексеуіл кенті мен…

Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫН  ТЫҢДАДЫ

Таяуда, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев  аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында қоғамдық қабылдау өткізді .Ұдайы көптің көкейінде жүрген мәселелерге мән беріп, тұрғындар тілегіне назар аударып жүрген аудан басшысы ,бұл жолғы қабылдауында оқу орнын бітірген жастардың жұмысқа орналасуы төңірегінде бірқатар  сауалдарды тыңдады. Рас,арнайы мамандық иеленген жас буының жұмыс табуы бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр.Осы жайында өз ойын білдірген аудан әкімі, еліміздің солтүстік облыстарында бос жұмыстарға сұраныс жоғары екенін айтып,мемлекеттік бағдарлама аясында аталмыш аймақтарға баруға барлық мүңкімдік  жасалатынын ортаға салды. Мұнан бөлек, қабылдау барысында тұрғындар кезпен баспана алу және жер теліміне қол…

Толығырақ

БЖЗҚ мәлімдейді

БЖЗҚ мәлімдейді

Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер…  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.  Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма?  2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді. Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін…

Толығырақ

«Несие алу — анаңмен зина жасағандай күнә» деген шулы уағызға мүфтият жауап берді

«Несие алу — анаңмен зина жасағандай күнә» деген шулы уағызға мүфтият жауап берді

Ғаламтор желісінде танымал имам Әбдіғаффар Смановтың несие туралы айтқан уағызы тарап кетті. Молданың «кредиттің әрбір пайызы анаңмен жеті рет зина жасаған күнәмен бірдей» деген сөзі жергілікті мұсылман қауымын дүр сілкіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Осыған орай біз Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына арнайы хат жолдап, жалпақ жұртты жинап уағыз айтқан имамның сөзіннің дұрыс немесе бұрыс екенін білген едік. Діни басқарма пәтуә шығарған жоқ «Жалпы Әбдіғаффар Сманов діни басқармада имамдар құрамында жұмыс істейді. Бұл кісінің «несиенің әр пайызы анаңмен жеті рет зина жасағанмен күнәмен тең» деген уағызы дұрыс емес. Яғни, құранда жазылмаған, ал…

Толығырақ

Алла Елшісі (с.а.у.) қауіптенген 4 кемшілік

Алла Елшісі (с.а.у.) қауіптенген 4 кемшілік

Алла Елшісі (с.а.у.) өз үмметі үшін 4 кемшіліктен қауіптенген. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен өз үмметім үшін 4 нәрседен қауіптенемін: үлкен қарын, ұзақ ұйқы, жалқаулық және иманның әлсіздігі», — деген. Ендеше, аталмыш төрт кемшілікті жақынырақ қарастырып, өзіміздің қаншалықты деңгейде екендігімізді анықтайық! Үлкен қарын Хадисте айтылған «кибаруль-батын» өмірдің негізгі мәніне айналдырған тамақ пен сусынға деген шектен тыс құмарлықты, шамадан тыс ішіп-жеуді білдіреді. Мұның нәтижесі семіздікке әкеліп ұластырады. Қазірде бұл өзекті әрі қауіпті мәселеге айналып үлгерген. Бұл дүниелік өмір тұрғысынан және мәңгілік өмір тұрғысынан да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алаңдаушылығын туғызды. Сондықтан семіздікке ұрындыратын шамадан тыс,…

Толығырақ

Алматыда энергетикалық сусын талапқа сай емес цехта қолдан жасалған

Алматыда энергетикалық сусын талапқа сай емес цехта қолдан жасалған

Алматыда танымал энергетикалық сусын қолдан жасалған. Мұны облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары анықтады. Белгілі болғаны – күдіктілер Шаңырақ ықшам ауданынан астыртын цех ашып, танымал сусынды әзірлеп келген. Олар қарапайым лимонадқа қоспалар қосып, энергетикалық сусынды арзан бағада сатқан екен. Нарықтағы құны 200 теңге болатын шөл қандырғышты олар 160 теңгеден саудалапты. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттардың барлығы тәркіленді.

Толығырақ

Голливудты бағындырды: Қазақстандық биші Софи АҚШ-та клипке түсті (видео)

Голливудты бағындырды: Қазақстандық биші Софи АҚШ-та клипке түсті (видео)

АҚШ-та тұрып жатқан 9 жасар қазақ бишісі Софи америкалық әртістердің клипіне түсті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Софи Манасян V Cosmic тобының “No Drama” атты бейнебаянында шағын эпизодта би қимылдарын көрсеткен. «Менің рөлім соншалықты ұзақ болмады, бірақ мен қандай сүйкімдімін, қараңыздаршы!» – деп жазды Софи өзі түскен эпизодты желідегі парақшасына жүктеп. Айта кетейік, небәрі 9 жасар Софи біраз уақыттан бері АҚШ-та тұрып жатыр. Ол жазғы демалыс уақытында америкалық хореографтардан сабақ алған. Бұған дейін анасы қызының Америкадағы өмірі жайлы айтып берген еді. Ал бейнебаянның толық нұсқасын мына жерден тамашалай аласыздар.

Толығырақ

Динара Сұлтан “Star of Asia” фестивалінде фонограммамен айтқан әріптестерін сынап тастады (видео)

Динара Сұлтан “Star of Asia” фестивалінде фонограммамен айтқан әріптестерін сынап тастады (видео)

Өткен сенбі мен жексенбіде Алматыдағы “Медеу” мұз айдынында “Star of Asia” музыкалық фестивалі өтті. Оған Қазақстанның ең танымал әртістерімен қатар, шетел жұлдыздары да қатысты. Алайда өкініштісі сол, өз сахнасында тұрса да, қазақ әншілерінің басым бөлігі фонограммамен ән айтқан. Есесіне шетелден келген қонақтар жанды дауыста шырқауды жөн көрген. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Бұл ретте әнші Динара Сұлтан жанды дауыста ән айтуға мүмкіндігі бола тұра, фонограммамен ән шырқаған әріптестерін сынап тастады. “Жалпы, біздің елде жанды дауыста ән айту туралы мәселе сөз бола бастағанда, әншілеріміздің көбі оған лайық аппаратуралардың жоқтығын, концерт залдардың акустикасының дұрыс еместігін…

Толығырақ

Қазақ қыздары құрастырып шыққан мобилді қосымша Google-дің бас директорын тәнті етті

Қазақ қыздары құрастырып шыққан мобилді қосымша Google-дің бас директорын тәнті етті

Бір апта бұрын алматылық бес қыз АҚШ-та өткен Technovation әлемдік саммитінде ерекше тапқыр жаңалықтары үшін жеңімпаз атанып, 15 мың долларға ие болды. Төрт оқушы – Аружан Қошқарова, Ажар Сұлтан, Диана Жанақбаева, Дияра Бейсенбекова және екі ментор Әзиза Ибрагим мен Әйгерім Қаратаевалардың жеңісі туралы ақпаратты Алматыдағы АҚШ консулдығы таратты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Қыздар робототехника курсында оқып жүрген кезде танысқан. Әзиза Ибрагим сол курста дәріс берген екен. Ал олардың мобилді қосымша ойлап шығаруына Алматыдағы 11 жасар Өркен Азаматұлының қазасы қатты әсер етіпті. “Бұл 18 жасқа дейінгі қыздарға арналған конкурс. Мақсаты – қыздарды технологияға баулу….

Толығырақ