Алматы облысында түйенің сүтімен, зәрімен сауықтыратын емхана ашылды

Алматы облысында түйенің сүтімен, зәрімен сауықтыратын емхана ашылды

Алматы облысында түйенің сүтімен және зәрімен емдейтін емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Мұнда мамандар қатерлі ісік, сусамыр, асқазан тағы басқа ауруларға шипа іздеуді қолға алған. Қазір ем алуға елімізді айтпағанда, Ресеймен Өзбекстаннан арнайы іздеп келуде. Ем-домның бұл түріне Жапондар мен Қытайлар да қызығушылық танытуда. Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды. Ержан Байгелдинов он жылдан астам еміне дауа іздеген. Жанына жабысқан дерттен денсаулығы сыр беріп, бауыры ісініп кеткен. Ешқандай ем қонбаған соң дәрігер мамандар тіпті бауыр алмастыруға кеңес беріпті. Мысырда түйенің зәрімен емдейді дегенді естіп сол жаққа бармақ болғанда соғыс басталып кеткен. Алыстан іздегені елімізден табылып,…

Толығырақ

ҚЫЗМЕТІ АҚСАҒАН, БОС УӘДЕДЕН ҚАШПАҒАН…

Қаладағы газ шаруашылығы меке- месіне осымен екінші мәрте тұтынушы ретінде қоңырау шалдым. Міне, тағы да сол баяғы бос сөз, құрғақ уәде. Келем деді, көп күттім, қарасы да көрінбеді. Бұл қандай мекеме болғаны сонда?! Сапасыз қызмет пен сергелдеңге салатын сылдыр сөзден бұл халық әбден шаршаған бүгінде. Тұтынушының талабы дер кезінде орындалмаса мұндай қызметтің бізге қажеті қанша?! Осыдан бірер ай бұрын аталған мекемеге бір күнде бірнеше мәрте қо ңыру шалып, ақыры келтіре алмаған болатынмын. Бүгін де тағы қайталанып тұр. Телефонның арғы жағында тілдескен (әйел адам) мекеме қызметкері бір-екі қоңыруымызды кешіктірмей алып, «Мекен-жайды…

Толығырақ

Еңбек — табыстың тетігі

Еңбек — табыстың тетігі

Еңбек ету ұғымы қай заманда да кез келген халықтың санасынан жырақтаған емес. Себебі, бүгінгі күнге жетудің өзі үлкен еңбектің арқасында мүмкін болып отырған жағдай. Жалпыға бірдей еңбек қоғамының қазіргі таңда басым- дық алып тұрғанын бүгінгі таңда байқамау мүмкін емес. Оған дәлелді арнайы жұмыспен қамту орталықтарынан-ақ, іздеуге болады. Бүгінде бұл мекеме жұмыссыз жандардың жоғын жоқтайтындай. Жұмыс сұрап жүргенге жақсы бастамалар ұсынып, орайы келгенде жұмысқа ор наласуға жәрдемдеседі. Осы орайда, еңбек ететіндердің қасында шырылдауық шегірткеше секіріп жүретіндердің қатары азаймай отырғаны көңілдерге қаяу салады. Несін жасырайық, бүгінгі жастардың арасында масылдық көзқараспен өмір сүріп…

Толығырақ

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтып берді. Нұржан есімді сері әншінің алғашқы махаббаты болған екен. Бұл туралы 31 арнаның “Все только начинается” бағдарламасына сілтеме жасаған Stan.kz хабарлайды. “Иә, мектепте ғашық болған кезім болды. Ол баланың есімі Нұржан болатын. Тіпті, тегі әлі күнге дейін есімде – Есмаханов. Оған ғашық болғанымды өзі біледі. Ол менен бір сынып жоғары оқыды. Жалпы ол жігітке мектептің бүкіл қыздары ғашық болатын. Өзі спортшы жігіт еді, чемпион. Ол мектепке жиі келмейтін. Себебі үнемі жарыстарда жүретін. Ал ол мектепке келген кезде қыздар естерін жоғалтатын. Ашықтан ашық хат…

Толығырақ

Құтырған шошқалар көшенің ортасында әйелге шабуылдап, тұяғымен басынан теуіп тастады (видео)

Құтырған шошқалар көшенің ортасында әйелге шабуылдап, тұяғымен басынан теуіп тастады (видео)

Құтырған екі шошқа жұмыстан қайтып келе жатқан 60 жастағы әйелге тап берді. Шошқалар әйелдің үстіне секіріп, тістелей бастады. Бұл сәт телефон камерасына түсірілген. Видеодан шошқалардың әйелді тұяғымен басынан, ішінен теуіп жатқаны көрінеді. Ақырында өтіп бара жатқан екі мотоциклшы жігіт шошқалардан әйелді арашалап қалды. Видеодан Биби Джан есімді әйелге алдымен бір шошқаның шабуылдағанын көруге болады. Болжам бойынша шошқалар әйелден торайларын қорғамақ болған болуы мүмкін.

Толығырақ

Алматы облысында Kaspi bank ғимаратына қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

Алматы облысында Kaspi bank ғимаратына қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

Алматы облысы, Талғар қаласында Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. “Қылмыстық оқиға таңертең болған. Оқиға орынында облыстық ІІД және Талғар аудандық полиция басқармасы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады ІІД. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам ғимараттың шатыры арқылы ішке кіріп, қызметкерді қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен. Бақытқа орай қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеген. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Толығырақ

Медициналық сақтандырудан тыс қандай ауру түрлері тегін емделеді?

Медициналық сақтандырудан тыс қандай ауру түрлері тегін емделеді?

Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес республиканың барлық азаматтары медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық қызмет алуға болады, деп хабарлайды Вnews.kz. Мәселен, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 ауру түрі кіреді. Олар: туберкулез; адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті…

Толығырақ

Айқынның ата-анасынан баз кешкен жастарға арнаған әні тыңдарманын жылатты (видео)

Айқынның ата-анасынан баз кешкен жастарға арнаған әні тыңдарманын жылатты (видео)

Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосы тарап кеткен кезде Айқын Төлепберген кадрлардың жаңа телехикаядан алынғанын айтқан болатын. Айқынның отандық сериалға түскені рас болып шықты. “Қария” атты фильм жақында көрерменге жол тартады. Ал әзірге Айқын оған жаздырған саундтрегін ел назарына ұсынды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Қария” фильмі келіншегінің ығына жығылып, ата-анасынан баз кешкен жас жігіт туралы әңгімелейді. Бұл ретте  жастарды ата-ананың қадірін білуге шақырған Айқын тыңдармандарына: “Әкенің қадірін білдік пе? Ананы аялай алдық па?” – деп сауал тастаған. Тыңдармандар Айқынның әнін тыңдаған кезде көз жастарын тыя алмағандарын жарыса жазып жатыр. “Керемет ән”, “Шын…

Толығырақ

Ерке Есмахан сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

Ерке Есмахан сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

Елден қалмайын деді ме, Ерке Есмахан да сыңсу айтып, қыз ұзата бастады. Әншінің той үстінде қалыңдықты ортаға алып шыққан видеосы желіде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ерке өзінің репертуарындағы “Әйел бақыты” әнін орындаған. Бұл ретте желі оқырмандары әншінің бұл ісін әртүрлі қабылдап жатыр. Кейбіреулер елдің еркесіне айналған әншіге не істесе де жарасатынын айтты. Ал енді біреулер өз шаңырағы шайқалған әншінің қыз ұзатуы дұрыс емес деп сынады. Атап өтетін жайт, видеода қалыңдық ақ көйлекпен шыққан. Еліміздің кей аймақтарында (әсіресе, батыс) қалыңдық ұзату тойында да той көйлегін киеді.

Толығырақ