Естен кетпес естеліктерге толы болды

Естен кетпес естеліктерге толы болды

Тербенбес тауының баурайындағы №87 орта мектептің жас мұғалімдері Астана қала- сында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін та машалап қайттық. Бұл сапарымыз естен кетпес естеліктерге толы болды. Сондықтан зерделі оқырмандарға өз ойымызды, алған әсерімізді жеткізуге тырыстық. «Арал- Қызылорда» ба ғы тындағы «Икарус» көлігімен Қызылорда қа ласына жеттік. «Қызылорда- Жезқазған» бағытында ғы жол өте ауыр болды. Күні бойы жолда шаң-шаң болып, Астанаға әзер дегенде түс ауа жеттік. Ол жақта ауа-райы ыс тық екен. Әріптестерімізбен Астананы ара лап, неше түрлі ғимараттардың көркіне там сандық. Елордада шет елдік, отандық қо- нақ тармен жүздестік, олардың пікірлерін білуге…

Толығырақ

Смартфонға үңілген мопед жүргізушісі шұңқырға құлап кетті (видео)

Смартфонға үңілген мопед жүргізушісі шұңқырға құлап кетті (видео)

Әлеуметтік желіде телефонға үңілемін деп апатқа ұшыраған жүргізушінің видеосы пайда болды. Бұл туралы New York Post хабарлайды. Ақпаратқа қарағанда оқиға Қытайда болған. Онда мопед жүргізушісі смартфонына үңілемін деп, тура алдындағы шұңқырды байқамай қалған. Ер адам Бэйхай қаласындағы көшелердің бірінде мопедпен келе жатады. Біраз уақыт бұрын ғана асфальттың бір бөлігі опырылып түседі. Оны байқамаған мопед жүргізушісі телефонына үңілген күйі шұңқырға түсіп кеткен. Бақытқа орай, ер адам зардап шекпеген.

Толығырақ

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Елімізде латын әліпбиі 2022 жылы мектептерде оқытыла бастайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарна журналистеріне берген сұхбатында осылай деді. Президент латын қарпін қазақтар бағзыда меңгерген, оның үстіне қазір де өскелең ұрпақ ағылшын тілін жетік біледі. Оқушылардың шет тілде таңбалап жүрген әріптері – латын екенін баса айтты. Одан бөлек, алдағы уақытта әлемге әйгілі ғалымдардың, қаламгерлер мен озық ойлы азаматтардың туындылары қазақ тіліне тәржімаланбақ, деп хабарлайды Алматы арнасы. Ауқымды жобаны жүзеге асыру осы күні басталып та кеткен. Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне оралуды – орыс тілінен алшақтау деп, түсінбеу қажеттігін айтты. Президенттің сөзінше, латын қарпі қазақ…

Толығырақ

Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)

Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)

Әнші Бүркіттің жұбайы Айша латын-америкалық билердің нағыз ханшайымы. Ол Бүркітпен танысқан кезде Алматыдағы танымал хореографтардың бірінен сабақ алып жүрген. Ал әншімен бас қосқаннан кейін, бар өнерін Бүркіттің бейнебаяндарына салып жүрді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Бүгінде екі ұл тәрбиелеп отырған Айша бұрынғыдай ел алдында секіріп билемейді. Алайда іштегі өнер сыртқа шықпай қойсын ба? Ол мүмкіндік бола қалса, көрермен көзінен таса жерде билеп алғанды ұнатады. Оны желіде пайда болған бір емес, бірнеше видеодан аңғардық. Мәселен, санаулы минуттар бұрын әнші Бүркіт жұбайының афроамерикалықтармен билеп жүрген сәтін жариялады. Жазбасына қарасақ, Бүркіт осылайша тыңдармандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы…

Толығырақ

Серік Ибрагимовтің ұлына арнаған әні көпті тәнті етті (видео)

Серік Ибрагимовтің ұлына арнаған әні көпті тәнті етті (видео)

Жуырда ғана ұлына арнап бесік той жасаған Серік Ибрагимов су жаңа әнінің тұсауын кесті. Әнші бұл жолы тұңғышына арнап ән жазыпты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Тәй-тәй” атты туындыны Серік Хамзаның бесік тойында шырқады. Әннің авторы – Серіктің өзі болса, сөзі Бақдәулет Арыстан есімді жас ақынға тиесілі. “Аллаға шүкір! Баламызға арналған әннен үзінді! Барлық кішкентай балапандарға арналады!” – деп жазды Серік. Жалпы Серік Ибрагимов жаңа әндерінің тұсауын тойда кесуді әдетке айналдырған. Бұған дейін ол өзінің үйлену тойында жары Айнамкөзге арнаған “Махаббатым” әнінің тұсауын кескен болатын.

Толығырақ

Қалыңдық көйлегін киіп алған бір топ жігіттер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қалыңдық көйлегін киіп алған бір топ жігіттер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Желіде жігіттердің қалыңдық көйлегінц, киіп қыздың жүрісін салып жүрен видеосы жарияланды. Бір топ жігіт қалыңдық көйлегін киіп әрі-бері қыздың жүрісін салып көрсетті. Олардың күлкі шақыру үшін әдейі қызша киініп алғаны белгілі. Видеоға түсіріп тұрған жігіттің өзі олардың әрекетіне шыдамай күліп жатыр. Желі қолданушылары қыз болып жасанған жігіттердің ісіне ашуланды. Олар мұны ер жігітке жараспайтын ұсақ әрекет деп атады.

Толығырақ

Майғазиев отасқандарына 20 жыл толуына орай жұбайына тағы тосынсый жасады (видео)

Майғазиев отасқандарына 20 жыл толуына орай жұбайына тағы тосынсый жасады (видео)

Биыл Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Асылханқызымен отасқанына 20 жыл толды. Бұл ретте әнші сүйікті жарына тосынсый жасап, Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың біріне алып барды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Майғазиев ғимараттың 30-қабатында романтикалық кеш өткізіп, жұбайына естен кетпес кеш сыйлаған-ды. Алайда әнші мұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан еді. Отасқандарына 20 жыл толуына орай Сәкен жұбайы Динараға бүкіл Еуропаны көрсетпек ниетте. Жұбайлар дәл қазір Италияның Милан қаласында саяхаттап жүр. Әдетте саяхатқа отбасының кішкентай мүшелерін ала баратын Майғазиевтер бұл жолы оңашада қыдыруды жөн көрген ұқсайды.

Толығырақ

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Атышулы Ninety one тобы солисінің ата-анасы әйгілі «Музарт» тобының әншілері – Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевке ашық хат жолдады. Олар хатта 91 тобына сын айтып қана қоймай, оларды тәрбиелеген ата-анасына тіл тигізген Сәкен мен Мейрамбекке ренжулі екендерін жазған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. «Бір сұқбатында Сәкен Майғазиев әдеттегісінше Ninety One тобы туралы ой толғап, «Адам танитындай, мейірлене құшақтайтындай, сүйетіндей, ата-аналары қалай жақсы көретінін мен білмеймін. Қалай оларға үйретпейтінін, менің жүрегім ауырады. Өзім үшін емес, ұрпақтарым үшін», – депті. Атап айтсақ, Сәкен бұдан бұрын да топ мүшелерінің болмысына сын айтып, біресе жақтап, біресе даттап жүрген-ді….

Толығырақ

Суретке сәтті түсудің құпиясы

Суретке сәтті түсудің құпиясы

Құжаттарға жабыстыру үшін суретке түскенде көпшілігіміздің фотомыз сәтсіз шығып жатады. Тіпті кейде құжатымыздағы суретімізді біреуге көрсетуге де қысыламыз. Сол себепті де сіздерге суретке сәтті түсудің құпиясын ашпақпыз. 1. Тері Бетіңізге құрамында жылтыры бар опа-далап жақпаңыз. Жылтыр опа-бояу көзді кішірейтіп, бетті үлкейтіп көрсетеді. Оның орнына көңгірт опаларды қолданыңыз. 2. Қас пен кірпік Неғұрлым қою, қара болса соғұрлым жақсы. Себебі суретке түскенде қас пен кірпік «жұтылып» кетеді. Сондықтан қасыңыз бен кірпігіңізді барынша бояп алыңыз. Немесе жасанды кірпік жабыстырып алыңыз. 3. Ерін Контуры айқын далап жағу қажет. Бірақ жылтыр болмасын. Түсі қанық әрі…

Толығырақ

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге төлейді

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге төлейді

Kaspi Bank банкке басып кіріп ақша алып кеткен ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 000 000 теңге төлейтінін мәлімдеді. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға 22 тамыз күні Талғар қаласында болған еді. Шатыр арқылы басып кірген екі ұры, қызметкердің аяғын байлап, кассадағы ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен. Ұрылар туралы білген адам мәліметті банктың қауіпсіздік нөміріне хабарласып айта алады: +7 747 388 29 34. Алдын ала мәліметтер бойынша ұрылар 75 мың доллар, 36 миллион теңге, 120 мың рубль және 3 мың евроны алып кеткен.

Толығырақ