“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

Ерке Есмаханның орындауындағы “Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды. Бұл ретте желідегілер әнді кімнің кімнен ұрлағанын анықтай алмай, өзара дауласып жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Қырғыз қызының “Қайдасы” 30 шілдеде жарық көргенін ескерсек, әнді айырқалпақты ағайындар бізден ұрлады деп айтуға негіз бар. Себебі Еркенің “Қайда?” атты бейнебаяны желіге 2017 жылдың 9 маусымында жүктелген. Оның үстіне, бұған дейін бірнеше сұхбатында Ерке бұл әнді Диана Исмаилова есімді жас сазгерге жаздырғанын айтқан болатын.

Толығырақ

АҚҚҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АҚҚҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Аққұлақ елді мекенінде 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін пайдалануда болған 1974 жылы салынған №76 негізгі мектеп ғимараты апаттық жағдайда деп танылған болатын. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, сондай-ақ ауыл тұрғындарын ортақ қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар облыс әкімінің жаңа мектепке тарту еткен түрлі түсті теледидарын табыстады. Аталмыш шарада облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов көпшілік қауымның қуанышына ортақтасып, ізгі ниетін білдірді. Ауыл ақсақалы К. Орынбасаров оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан игі шараларға ризашылығын…

Толығырақ

БҒМ өкілдері 200 «Алтын белгі» иегерінің неліктен гранттан қағылғанын түсіндірді

БҒМ өкілдері 200 «Алтын белгі» иегерінің неліктен гранттан қағылғанын түсіндірді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов 200-ден аса талапкердің гранттан айырылып қалуына қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда шамамен 200 «Алтын белгі» иегерінің гранттарынан айырылғаны жайлы хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр. Сондықтан олар10 күннен бері қабылдау комиссиясына барып жүр. Бірақ сертификат даулағандарға жауап беріп жатқан ешкім жоқ. «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы заңнамаға сәйке гранттар бөлді. Бұл сертификаттар, яғни гранттардың берілгені жайлы құжаттардың барлығы…

Толығырақ

Астанада қонақүй өртенді (видео)

Астанада қонақүй өртенді (видео)

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты. Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі растады. «Сағат 15.20-да Республика даңғылы №54 үйде орналасқан «Реал» қонақүйінің ғимаратында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. Өрттің қонақүйдің 6-қабатында шыққаны белгілі болды», — деп хабарлады ТЖД өкілдері. Құтқарушылардың жедел түрде өртті сөндіруге кіріскені айтылады. Өрт 17 минуттан соң сөндірілді. «Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнында 6 дана техника мен жеке құрамның 33 қызметкері жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Tengrinews.kz

Толығырақ

Лəйлə Сұлтанқызы «Əйел Бақыты» неліктен жабылып жатқанын айтты

Лəйлə Сұлтанқызы «Əйел Бақыты» неліктен жабылып жатқанын айтты

Әйелдерге арналған атышулы ток-шоу бірінші қыркүйектен бастап эфирге шықпайтын болды. Бұл туралы телебағдарлама ұжымы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ. «2013 жылдан бері көрермендер көзайымына айналған «Әйел Бақыты» бағдарламасы арна басшылығы мен біздің тараптың ортақ шешімі аясында қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап эфирге шығуын тоқтатады. Осы орайда, ұлттық арна басшылығына, бізбен бірге болған көрерменнің әрқайсысына жеке алғысымызды білдіреміз. Төрт жылдың ішінде ел арасында танымалдылық пен жоғары рейтингке ие болған «Әйел Бақытында» 1000-ға жуық эфир көрермендер жүрегіне жол тартып, 3000-ға жуық кейіпкер қатысты. Сіз бен біз болып тікелей эфирде…

Толығырақ

«Екі нотамен айтылатын əнмен алысқа шаба алмайсың». Қайрат Нұртастың жаңа әні қатты сынға ұшырады

«Екі нотамен айтылатын əнмен алысқа шаба алмайсың». Қайрат Нұртастың жаңа әні қатты сынға ұшырады

Ғаламторда Қайрат Нұртастың орындауындағы жаңа ән тарала бастады. Бұл біраздан бері хит шығара алмай жатқан әйгілі әншінің енді қайтадан жолы болып кетер ме екен деген сұраққа түрткі болып отыр. «Қайран күндер» — аты айтып тұрғандай, өтіп кеткен бақытты шақтарды еске алатын жап-жақсы туынды. Оны ғаламторда тыңдағандардың көбі мақтап жатыр. Әсіресе, қырғыз ағайындардың Қайратқа деген ықыласы ерекше, деп хабарлайды Caravan.kz. «Ким емне десе десин, Кайрат Нуртас казактын номер 1 анши баласы. Кайрат саган ечким жетбейт» депті Айда Абдилатова есімді Youtube қолданушысы қырғызша. Ал қазақтар сол баяғы өз қандасын сынап қалудан қалысар емес….

Толығырақ

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Продюсер Баян Есентаева мен әнші Алтынай Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Баян Мақсатқызы Қазақстан әншісінің есімін әуе көлігіне беріп, суретін аспанда қалықтатқан қытайлықтардың мәдениеттілігіне қайран қалғанын жасырмады. “Көршілеріміздің толлеранттылығына таңғаламын, тіпті тәнтімін! Біздің ұшақта қытай жұлдызының суреті тұрса, біз не істер едік?” – деп жазды ол. Дәл осыған ұқсас пікірді әнші Алтынай Жорабаева білдірді. “Жаным-ау сол! Алла биігіңнен түсірмесін. Біздің ұшағымызда шет елдің жұлдызы болса не істер едік?” – деп сұрады ол оқырмандарынан. “Шетелдің емес, өзіміздің адамды қойса да, біраз әңгіме болар еді”, “Қырылып, көре алмай,…

Толығырақ

Атамды әкесінің әруағы ажалдан аман алып қалған екен…

Атамды әкесінің әруағы ажалдан аман алып қалған екен…

«Алаш айнасының» «Мистика» айдарын оқып отырып, менің есіме әкем айтқан бір оқиға түсті. Өз басынан өткен осы бір оқиғаны атам әкеме айтып берген екен. Оқиға өткен ғасырдың 60-шы жылдары орын алған. Осы бір оқиғаның тылсым тұстары көп болғандықтан «Алаш айнасына» жолдауды жөн көрдім. Қатесі болса, кешірім өтінем. Тақырыпты өздеріңіз қойып, қатесін түзетерсіздер деп ойлаймын. «Ол кездері ауылда көлік былай тұрсын, аттың өзі аз болды. Көрші ауылда жиын-той болса, жаяу барып қайтатынбыз. Кейде ауылға жеткенде таң атып кететін. Сондықтан болар, ата-анамыз, «егер түнде далада қалып қойсаңдар мазаратқа барып түнеңдер, мазаратта жын-шайтан…

Толығырақ

Роза Әлқожа тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Роза Әлқожа тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Әнші Роза Әлқожа халыққа жаңа бейнебаянын ұсынды. Клип “Арқада салған ән қандай” әніне таспаланған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әнші бейнебаянды Арқа төрінде, еліміздің бас қаласы – Астанада түсірген. Розаның бұл бейнебаяндағы рөлі бұрынғылардан өзгерек. Себебі ол бойжеткен қызын ұзатуға дайындалып жүрген ананы сомдайды.

Толығырақ

WhatSapp арқылы тарап жатқан «СПИД жұқтырдыңыз» деген хаттың мәні анықталды

WhatSapp арқылы тарап жатқан «СПИД жұқтырдыңыз» деген хаттың мәні анықталды

«Кинотеатрға келген көрермен әйел орындыққа жайғасып отырғаны сол еді, аяғының қылта тұсын үшкір зат түйреп өтеді. Абайлап қараса, әлгі орындықтан әзер көрінетін, шамамен 3-4 миллиметрлік ине ұшының шығып тұрғанын көреді. Және сол жерден хат тауып алыпты. Онда: «Сіз жаңа ғана ЖИТС (СПИД) дертін жұқтырдыңыз» деген мәтінде хат тауып алған. «Жұқпалы дерттерді қадағалау жөніндегі орталық» жақында Шымкент және басқа да қалаларда болған осындай оқиғалар туралы хабарлайды. Барлық инелерден сынамалар алынып, олардың жұқпалы ауру қоздырғыш екені анықталып отыр. Мұндай улы тікендердің банкоматтардан да табылып жатқаны белгілі болды. Сол себепті, абай болыңыздар! Барлық…

Толығырақ