“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)

“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)

Әдетте, Талғат Кенжеболатовтың аты аталса “Super Star Kz”, “Х-factor” сынды ән жобалары ойға оралатын еді. Бұл жолы Кентал қалыптасқан қағиданы бұзды. Ашығын айтайық, ол “той әншілерінің” тізімін толықтырғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Кентал инстаграм парақшасы арқылы видео-жазба жолдап, екі күн бойы тойларда тегін ән салатынын xабарлаған еді, деп жазады Stan.kz. Басында бөрік, кигені шапан! Талғаттың мұндай қадамға баруы да тегін емес болып шықты. Әнші жас жұбайлардың тойында кезекті клипін таспалауды көздеген. “Клиптің түсірілімі бойынша тойдың локациясы керек еді. “Құдағи” деген жаңа ән. Сондықтан, локация іздеп тегін…

Толығырақ

Құрбан Айт мүбәрәк болсын!

Құрбан Айт мүбәрәк болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қадірменді ағайын, Арал халқы! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі — Құрбан айт құтты болсын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Құрбан айт — бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Биыл мұсылман қауымы бұл мерекені 1 — 4 қыркүйек аралығында тойлайды. Бұл күндері мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Құрбан айттың бірінші күні мешітте айт намазы оқылғаннан кейін Алланың разылығы үшін құрбандық шалынады. Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім…

Толығырақ

Ел ынтымағының ұйытқысы

Ел ынтымағының ұйытқысы

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ елінде осы уақытқа дейін 5 мәрте Конституция қабылданған екен. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Конституция қабылданған күн, бұл тағдыры ортақ бүкіл Қазақстан халқы үшін аса маңызды тарихи күн. Елбасымыз атап өткендей, Конституция – бұл мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Оны мемлекеттің саяси-құқықтық төлқұжаты деп бекер атамайды. Себебі, Конституция ең алдымен мемлекеттің қандай жолмен дамитынын, басты құндылықтарын өлшеп-пішіп, айқындап беріп отыр. Ата Заңның 1 бабының 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,…

Толығырақ

Тоқ бағанасына шығып мерт болған жеткіншектің денесі түсірілген сәт желіде тарап кетті (видео)

Тоқ бағанасына шығып мерт болған жеткіншектің денесі түсірілген сәт желіде тарап кетті (видео)

Желіде жас баланың тоққа түсіп мерт болған сәті жарияланып кетті. Видеодан үлкендердің тоқ соғып көз жұмған баланың денесін жерге түсіріп жатқаны байқалады. Видеоға түсірушінің айтуынша, жеткіншекті бірі түгі қалмай жанып кеткен. Кейбір желі қолданушылары оқиғаның Таразда болғанын айтуда. Марқұм баланың бағанаға не мақсатпен шыққаны белгісіз. Көпшілік шуласып жатыр. Желі қолданушылары көңіл айтып, өкініш білдіруде.

Толығырақ

ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫН ТАБЫСТЫ АЯҚТАДЫҚ

ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫН ТАБЫСТЫ АЯҚТАДЫҚ

«Білім-теңіз, мектеп-кеме» деген тәмсіл бар. Болашақ иелеріне бағыт-бағдар сілтеп, ел тұтқасын ұстайтын жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұстаздар қауымы міне келер жылдың оқу маусымына қызу әзірлік үстінде. Жалпы, уақыт алға озған сайын білім саласына айрықша көңіл бөлген мемлекетімізде ауыз толтырып айтатын жағымды жаңалықтар жетіп артылады. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен ұштасқан жемісті бағдарламалардың нәтижесі екенін атап өткеніміз жөн. Иә, бас тақырыпқа арқау еткеніміздей, қаладағы іргелі білім ұясы-№220 орта мектебі 2016-2017 оқу жылын табыспен қорытындылады. Оған дәлел, мектебімізде 4 «Алтын белгіге» үміткер деп танылған оқушыларымыз жоғары көрсеткішке…

Толығырақ

БЖЗҚ қарызға берілген 40,5 миллиард теңгені қайтарып алмақ

БЖЗҚ қарызға берілген 40,5 миллиард теңгені қайтарып алмақ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түйінді мәселеге арқау болған 40 миллиард 500 миллион теңгені қайтаруға тырысып жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Баспасөз мәслихатында БЖЗҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов дефолтқа ұшыраған 21 эмитентке қатысты 40,5 миллиард теңгені қайтаруға ниетті екендерін айтты. “Қазақстан Қағазы” АҚ эмитентіне қатысты сауықтыру шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл эмитенттің номиналды құн бойынша қарызы 12,5 миллиард теңгені құрайды. Ал “Имсталькон” АҚ-ға қатысты сауықтыру шарасы тоқтатылып, банкрот ретінде тану үшін азаматтық істі қарау басталды. Оның жалпы қарызы – 3,4 миллиард теңге. 13 эмитент бойынша БЖЗҚ-ның пайдасына қарызды қайтару туралы сот шешімі шығарылған….

Толығырақ

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды. Дүркіреп өткен тойға журналистер шақырылған жоқ. Сондай-ақ, әншінің үйленгенін әкімшісі жоққа шығарып отыр. Алайда Stan.kz оқырманы тілшімізге Ернардың қалыңдығын ұзатып алған сәтінде түсірілген суретті жіберді. Ал үлкен той әншінің тойы өзінің туған жері Тараз қаласында бүгін, яғни 28 тамыз күні тойланбақ. Алайда Ернардың таңдаған жарына қатысты әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Бұған дейін Ернардың ағасы әрі продюсері Талғат Айдар жақында Ернардың жеке өміріне қатысты бар құпияның ашылатынын айтқан болатын. Бұдан өзге, есімін атамауды өтінген бірқатар әріптестері Таразға Ернар Айдардың тойына бола барғандарын айтқан еді….

Толығырақ

Қайрат пен Димаш бірдей музыкалық жүлдеге ие болды (видео)

Қайрат пен Димаш бірдей музыкалық жүлдеге ие болды (видео)

Елордада халықаралық “Астана дауысы” фестивалі өтіп, қазақтың қос бірдей дарынды ұлы – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас жүлдегер атанды, деп жазады Stan.kz. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен фестивальде қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Олардың арасынан Қайрат пен Димаш оза шапты. Опера әншісі, Майра Мұхамедқызының айтуынша, фестивальде өнер көрсеткен өзге әншілер ел арасында аса танымал емес. Бұл жағдай бұлбұл әншіні таңғалдырса керек-ті. Ол фестиваль туралы пікірімен желідегі парақшасында бөлісті. “Сүйінші! Қос жұлдыз марапатталды! Құтты болсын! Бүгін “Астана Даусы” Халықаралық Фестиваль” деген жаңа музыкалық фестивалінің тусаукесері болды. Көрермен дауыс берген…

Толығырақ

Супермаркеттің күзетшісі өзінің бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алды (видео)

Супермаркеттің күзетшісі өзінің бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алды (видео)

Ресейдің Сальск қаласында “Магнит” супермаркетінің күзетшісі егде әйелді ұрлық үстінде ұстап алған. Күзетші әлгі әйелдің өзінің бұрынғы мұғалімі екенін жазбай таныпты. Бұл туралы Bloknot хабарлайды. Ер адам бұл жағдайды видеоға түсіріп алып, интернетке салып жіберген. Видеода ол әйелден сөмкесіне жасырған затты шығаруды талап етіп жатады. Сөмке ішінде шпрот банкісі, ірімшік пен печенье бар болып шықты. “Бұл не сұмдық? Осылай істеуге бола ма? Сіз бір кездері менің директорым болып едіңіз ғой?” дейді ер адам оған.

Толығырақ

Қарағандыда хоккей матчы кезінде шайба көрермен қыздың қақ маңдайына тиді (видео)

Қарағандыда хоккей матчы кезінде шайба көрермен қыздың қақ маңдайына тиді (видео)

Қарағандыда «Южный Урал» – «Сарыарқа» матчы кезінде шайба көрермен қыздың басына тиді. Ойын сәті кезінде шайба жетінші секторға қарай ұшып, көрермен қыздың басына барып тиген. Қыздың басы қанап кетіп, оны дереу трибунадан алып кетеді. Оған спорт клубының дәрігерлері алғашқы көмек көрсеткен. Қыздың жарақаты ауыр емес.

Толығырақ