Көріпкелдігімен Базаралыны кешірім сұратқан Ешен әулие

Көріпкелдігімен Базаралыны кешірім сұратқан Ешен әулие

Қазаққа ұлы Абай, ғұлама Шәкәрім, дана Мұхтардай үш алыпты берген қасиетті Шыңғыстау жері қойны-қолаты тұнған қазына, аңызға бай мекен саналады. Бұл топырақ түлеткен басқа да қандай тұлғалар барын тәптіштеп түгендемей-ақ қоялық, бір ғана Ешен әулие туралы айтсақ та жеткілікті. Ел ішінде Тұңғышбай Ешен туралы небір аңыздар бар. Соның бір парасын осы өңірдегі көрген-түйгені көп, ұрпақ білсін деп әңгіме шертер болса, аптаның өзі аздық ететін Бекен Исабаев ақсақалдың «Ұлылар мекені» атты кітабынан кездестіреміз. Абайдың әкесі Құнанбайдың замандасы Ешен әулиені тобықты жұрты тірісінде-ақ пір тұтқан екен. Оң-солын таныған шақтан ислам дінін ұстануға…

Толығырақ

Мектептерге футбол сабағы енгізіледі

Мектептерге футбол сабағы енгізіледі

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту аясында дене шынықтыру пәнінің әр үшінші сағатында сабақ жүргізу үшін «Орта білім беру мекемелеріндегі 1-4 сынып оқушыларына арналған футбол бойынша әдістемелік оқу құралын» құрастырып, бекітті. Әдістемелік оқу құралы бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдері үшін көптеген иллюстрациялар мен түсінікті мәтіндер негізінде жасалған. Ұсынылған конспект-жоспарларда балалармен жұмыс істеудегі озық еуропалық әдістері негізінде балаларды дайындау кезінде жинақталған және сынақтан өткен материалдар бар, олар жас ерекшеліктеріне қарай сынып бойынша жіктеледі. Допты игеруді үйрету элементтері бар түрлі ойындар жинақталған. Балаларды шапшаңдыққа,…

Толығырақ

Головкин — «Канело» жекпе-жегін Қазақстанда қай телеарналар көрсетеді?

Головкин — «Канело» жекпе-жегін Қазақстанда қай телеарналар көрсетеді?

Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport (бұрынғы»Қазақстан» және KazSport) телеарналары көрсететін болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді. Ал АҚШ-та Головкин — Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны — 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Толығырақ

Таксист ақша төлемеген жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Таксист ақша төлемеген жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Ресейдің Хабаровск өлкесінде таксист көлігіне ақшасыз отырған жолаушының үстіне жасыл дәрі құйып, оны видеоға түсіріп алған. Кейінірек бейнежазба Инстаграмдағы “Новости Хабаровска” парақшасында пайда болды. Видеода ер адамның жасыл дәріні қыздың қолына құйып, онымен бетін сүртуді талап етіп жатқанын көруге болады. Олардың қасынан өтіп жатқан адамдар оқиғаға араласпастан, тек смартфондарына түсіріп алумен шектелген. Алдын ала ақпарат бойынша, төленбеген жолақысы 375 рубль екен. Еске салсақ, дәл осындай оқиға ақпан айында Қостанайда болған еді. Онда такси жүргізуші жол ақысын төлемеген жасөспірім қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген.

Толығырақ

Ақбота Керімбекова дүркіретіп той өткізді (фото)

Ақбота Керімбекова дүркіретіп той өткізді (фото)

Тындарманды әсем әндерімен сусындатып жүрген Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шыққаны біраз уақыт бұрын хабарланған болатын. Әншінің өзі айтқанындай үйлену тойы Ораза аяқталған соң өз жақындарының ортасында өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Instagram желісінде әншінің өнердегі және өмірдегі достары Ақбота Керімбекова мен оның жары Рауанға бақыт тіледі. Өз кезегімізде біз де әнші мен оның жарына бақыт тілейміз! «Қамшы» сілтейді.

Толығырақ