Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Елбасы тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау жасауды доғару керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолдауда қаржыны нақты экономикаға дейін жеткізу мақсаты қойылды. Квазимемлекеттік секторда сыртқы әрі ішкі займдар үшін тыңғылықты мониторинг пен қадағалау қажет. Бізде екі қарыз бар, біріншіден, яғни мемлекет жауапкершілігіндегі үлесі төмен мемлекеттік қарыз. Ал квазимемлекеттік сектордың қарызы екінші мәселе. Осы орайда бұл бізге қатысты емес деп пайымдаудың реті жоқ. Уақыт өте келе бұл мәселе бізге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы шаралармен қазір айналысу керек», – деді елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында. «Қарызға ала бергендіктен, қазір тығырыққа тірелді. Не…

Толығырақ

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтқан бүлдіршін қыз жұртты сүйсінтті (видео)

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтқан бүлдіршін қыз жұртты сүйсінтті (видео)

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа білетін бүлдіршін қыз елді сүйсінтті. Желіде тараған видеода әкесі қызынан “Қай ақындарды білесің? деп сұрайды. Оған кішкентай қызы “Қазақтың ақындарын білем” деп жауап берді. Бүлдіршін бөгелместен Мағжан Жұмабаев, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,  Қасым Аманжоловты білем деп саусағымен тізіп санап берді. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін оқып берші деп өтінді әкесі. Қызы: “Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін”, – деп ақынның “Мен жастарға сенемін” атты өлеңінен үзінді оқып берді. Қыздың қылығы мен дарынына ел сүйсініп жатыр. “Міне тамаша, саналы ата-ана баланы осылай тəрбиелесе, қазақтың ұрпағы…

Толығырақ

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Астана EXPO-2017 көрмесі аясына Қазақстанның рекордтар кітабына кеуде көтеруден бес рет енген 11 жасар Амир рекорд орнатты. Амир Махмет бөтелке үстінде тұрып 53 рет кеуде көтеру жаттығуын жасады, деп хабарлайды Zakon.KZ. Бұл жеңісін Амир Білім күніне арнады. Оқушыларды жаңа оқу жылында үздік оқуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Амир атақты Қажымұқан Мұңайтпасовтың ауылының тумасы. Ол сол ауылда тұрады.

Толығырақ

Құрбан айт мерекесі ұлықталды

Құрбан айт мерекесі ұлықталды

Қасиетті айт күндері барша мұсылмандарды ізгілікті амалдар жасауға үндейтін күндер. Әрбір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қолұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті Құрбан айт мерекесі ауданымызда да жыл сайын кең көлемде аталып келеді. Құрбан айттың алғашқы күні Арал аудандық орталық мешітіне асыққан жандардың қарасы көп болды. Мейірім мен бірлік мерекесі күні мешіт ауласындағы халықтың бір біріне деген ықылас-мейірімі мен ізгі тілектері көңілді жібітті. Жиналған жамағат айт намазына…

Толығырақ

Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Сәкен Майғазиев келіншегін “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” деп аталатын жаңа бейнебаянмен қуантты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Сәкен Майғазиев отасқандарына 20 жыл толған келіншегіне тосын сый жасаған болатын. Ол мерейтойларының құрметіне келіншегін Алматының төрінде орналасқан, 30-қабаттағы мейрамханаға алып барып, романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. Мұнымен қатар, жуырда ол келіншегіне арнап “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” атты бейнебаян түсірді. “Анасына сыйлаған 41 гүлімнен-ақ ол кісінің 20-ға толғанын біліп қойған шығарсыздар. Алла тағала қасиетті арафада тілеген дұғаларымызды қабыл еткей. Жүректеріңіздің ішіндегі жүректеріңіз аман болсын. Алла – ұлық!” – дейді Сәкен Майғазиев. Бейнебаянды тамашалап үлгерген желі…

Толығырақ

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні жарды (видео)

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні жарды (видео)

Жарын ел көзінен тасада ұстайтын Қайрат Нұртас тағы да ұсталып қалды. Желіде Қайраттың жары Жұлдызбен бірге билеген видеосы тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Видео Қайраттың інісі Аян Нұртасұлының үйлену тойында түсірілген. Өз кезегінде желідегілер жарымен билеген Қайраттың әрекетіне сүйсінді. Көпшілік Жұлдыздың тым әдемі екенін айтып, сұлулығына тәнті болғандарын жазған. Желідегілер арасында “сұлу болғанғандықтан қызғанып, жасыратын шығар” деп пікір білдіргендер көп болды.

Толығырақ

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды

Жаңа оқу жылынан бастап, мектептегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды. Бұл туралы elorda.info хабарлайды. Білім және ғылым министрлігі енгізіп отырған жаңа өзгеріс, бес күндік оқу аптасының қолданысқа енгізілуіне тікелей байланысты болып отыр. Бұл ретте министрлік бес күндік оқу мәселесін әр мектептің өзі шешетінін де ескертті. Шешімді мектеп әкімшілігі ата-аналармен ақылдаса отырып қабылдайды.

Толығырақ