Қарақат Әбілдина әлеуметтік бағдарламаның тізгінін ұстады

Қарақат Әбілдина әлеуметтік бағдарламаның тізгінін ұстады

Қарақат Әбілдина әлеуметтік тақырыптағы жаңа бағдарламаның тізгінін ұстады. Ана мен бала тақырыбын қозғайтын отандық бағдарлама қазан айында көрерменге жол тартпақ, деп жазады Stan.kz. Қуанышты хабармен желіде Қарақаттың өзі бөлісті. Ол “Бенефис шоу” арқылы тележүргізушіліктің қыр-сырын меңгеріп алғанын алға тартты. Сондай-ақ, не себепті қоғамдық маңыздылығы бар бағдарламаны жүргізуге келіскенін түсіндірді. “Таяуда «Хабар» арнасы тағы бір үлкен жобаны жүргізуге ұсыныс жасады. Шыны керек, «Бенефис-шоудан» басқа да бағдарлама жүргіземін деген ой болған емес. Бірақ, бұл жобаның тақырыбы жаныма жақын болған соң, ұсынысты қабылдаған жөн болар деп ойладым. Жалпы қазіргі аналық рөлім мен бағдарламаның…

Толығырақ

Димаш тағы да әлемге танымал әншімен дуэт орындады (видео)

Димаш тағы да әлемге танымал әншімен дуэт орындады (видео)

Димаш Құдайберген Азияда кеңінен танымал КоКо Лимен бірге ән шырқап, тыңдармандарын қуантты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Димаш Құдайбергенов тағы да бір танымал әншілердің бірімен ән салды. Отандасымыздың Коко Лимен дуэтін тыңдармандары жоғары бағалады. 42 жастағы Коко Ли Гонконг қаласында дүниеге келген. Алғаш рет сахнаға 1993 жылы шығып, кейін асқан танымалдылыққа ие болған. Әнші әлемге танымал көптеген жұлдыздармен дуэт орындаған.

Толығырақ

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Шымкентте дәмхана өртеніп, жалын дәмхананың жанындағы үйлерге өтіп кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оқыс оқиға кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығында болған. Байтұрсынов көшесіндегі  “Мармелад” дәмханасынан от шығып, жалын сол аумаққа қауіп төндірген. Көптеген куәгер дәмханадағыларға көмектесудің орнына, видеоға түсіріп, желіге салған. Артынша оқиға орнына өрт сөндірушілер арнайы техникалармен жетіп, жалынды ауыздықтаған. Өрт сөндірушілерге полиция қызметкерлері де көмектесті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің нақты шығу себептері айтылып жатқан жоқ.

Толығырақ