АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Арал аудандық прокуратурасының ғимаратында Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық сот төрағасы Ермек Тұрбаев, ауданның зиялы қауым өкілдері және мемлекеттік орган басшылары қатысты. Орталықтың ашылуының мақсаты, халлыққа ашықтық қағидатын ұсыну, азаматтардың арыз шағымдарын, мәселелерін жедел шешу болып табылады. Сондай-ақ, орталықта прокурорлармен қоса медиаторларда өз жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Орталықта азаматтар күнделікті жұмыс күні қабылданады.

Толығырақ

Димаш ешқандай тойда əн айтпайды – министрлер шақырса да…

Қанатпен бұрыннан таныспыз. Бірақ, Димаштың даңқы шарықтап кеткеннен кейін кездеспеген екенбіз. Əңгіме əрине, Ұлы даланың ұлы жайында болды. Ойда жүрген біраз сауалдарыма жауап алдым деп ойлаймын. Димаш ешқандай тойда əн айтпайды. Принцип солай. «Мəдениет министрі өтінсе ше?» деген сауалыма «Ол кісінің өзі солай болу керек деп есептейді» деп жауап берді. Дұрыс екен! Біз мұнда қазақ тілін қалай үйренеміз деп жатқанда Димаштың қытайлық фанаттары қазақша хат жаза бастапты. Өйткені, ағылшын, қытай тіліндегі жазбаларына жауап болмаған. Үйдегі үшеудің үлкені – Димаш. Ата-əженің баласы екені де рас. Əлгі кісілердің қойнында төсекке сыймай қалғанға…

Толығырақ

Ұтымды пікірлер тоғысты

Жақында, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретінде арнайы мониторингтік топтың аудандағы қоғамдық кеңес ұйымдары, ардагерлер, үкіметтің емес ұйымдар, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т. Қанатов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Кездесуде алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретіндегі арнайы мониторингтік топтың…

Толығырақ

Тапанша тауып алған сәби екі баланы атып тастады

АҚШ-тың Мичиган штатында бүлдіршін тапаншамен екі баланы жаралады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.  Оқиға Мичиган штатының Дирборн қаласында болды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, балабақша жасындағы бүлдіршін үйден тапанша тауып алып, кездейсоқ оқ атқан. Салдарынан үш жасар екі бала жараланды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты.«Бұл бүкіл қоғамды алаңдататын трагедия. Зардап шеккен бүлдіршіндердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деп мәлімдеді Дирборн полициясының басшысы Рональд Хаддад. Аталған іске қатысты айып тағылып-тағылмайтыны әзірге белгісіз.  

Толығырақ

Қайырыдылық та құдайлық іс

«Жомарттың қолын жоқшылық байлайды» дейме дана қазақ?! Тапқан табысы қажетін өтеуден артылса қол жайғанның қолына қыстыратын жомарт жандар біздің қоғамда көп-ақ. Әттең, бірақ жеткізбейтін дүние кей пенделердің қайрымдылық жасауына мұрша бермей жатады. Десе де, қолында барды қамкөңіл жандармен бөлісетін жандар арамызда жоқ емес. Мен осы орайда жүзінен мейірім төгілген, өзгеге жанашыр жандардың көмегінің арқасында мектебімізде өткен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы төңірегінде айтқым келеді. Маңызы басым бұл шара елімізде жыл сайын өткізілуде. Биылғы оқу жылы басталарда №58 Жалаңаш орта мектебіне баратын оқушылардың қырыққа жуығы оқу құралдар мен мектеп киіміне…

Толығырақ

Әйелін балғамен ұрып өлтірген журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін

Дубайда әйелін өлтірді деген айыппен 61 жастағы британиялық журналист Фрэнсис Мэтью қамауға алынды. БАӘ заңы бойынша ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.  Дубай полициясының ақпаратынша, Gulf News басылымының редакторы Фрэнсис Мэтью 62 жастағы жұбайы Джейнді балғамен ұрып өлтірген. Ал полицияға қылмысты үйін тонап кеткен қарақшылар жасағанын айтқан. Алайда жауап алу барысында журналист әйелімен ақша мәселесіне байланысты сөзге келіп қалғанын мойындады. Полицияның мәліметінше, артынша ер адам қылмысын мойындап, әйелін қалай өлтіргенін де айтып берген. Қылмысын жасыру үшін үйінің астаң-кестеңін шығарып, тонап кеткендей көрсетпек болыпты….

Толығырақ