Байымайтын он түрлі еркек

Байымайтын он түрлі еркек

Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген еркектер құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер? Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы кемшін еркектер. Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ. Жұрт сөзіне ере кеткіш еркектер. Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау еркектер. Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл еркектер. Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл еркектер. Өз отбасындағы шағын…

Толығырақ

“Өнер қырандары” қара пиарға дəніккен əншілерді əжуалады (видео)

“Өнер қырандары” қара пиарға дəніккен əншілерді əжуалады (видео)

“Өнер қырандары” соңғы кезде өздеріне қара пиар жасауға құмар болған қазақстандық әншілерді әжуалап жұртты күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше “Меломен” тобы өздерін белгісіз біреулердің пышақтап кеткенін айтып  тыңдармандарын шошытқан-ды. Олардың адам шошырлық суреттері әлеуметтік желіні шарлап кетті. Артынша жігіттер мұның барлығының қарапайым түсірілім екенін хабарлады. “Өнер қырандары” осы секілді жұлдыздарды кезекті әзілдеріне арқау еткен екен. Желі қолданушылары өз кезектерінде күлкіге әбден қарық болғандарын жарыса жазып жатыр.

Толығырақ

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің есеп шотынан ақша ұрлаған

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің есеп шотынан ақша ұрлаған

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің сыртынан құжат толтырып, олжаға кенеліп отырыпты. Әйтсе де клиенттерінен ірі көлемде ақша жымқырған «АТФ банк» пен «Сбербанктің» қызметкерлері сотталып тынды. Банкирлердің алаяқтықпен айналысқанын қаржы ұйымдарының ішкі қауіпсіздік қызметі анықтаған екен. Тергеушілер тексере келгенде, «АТФ банктің» төрт бірдей қызметкері жымысқы әрекетін 2015 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында жасағаны анықталған. Бұл туралы КТК хабарлайды. Ал «Сбербанкті» тақырға отырғызған банк филиалдарының бірінің басшысының орынбасары болып шықты. Қаржы құйтұрқылығы белгілі болған сәттен-ақ ақшасын жоғалтқан адамдардың есепшоттары дереу банктің өз есебінен толтырылған. Ал банктің өзі кінәлі азаматтардан сот…

Толығырақ

Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Сондықтан дәрігерлер жұқпалы вирусқа қарсы күресті барынша күшейтпек. Елімізде 2-ші қазанда жаппай тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі мен Бас санитар дәрігер елден бұрын емханаға келіп, бүгін екпе салдырып алды. Мұнысы – науқаннан қалмауға үндегендері. Сондай-ақ, шенеуніктер қауіпті вирусты емдеуге кететін бюджет шығынын да есептепті, — деп хабарлайды КТК арнасы. Вирусты жұқтырып, шаш етектен шығындалғанша 3 мың теңгеге екпе ектіруді жөн көрген шенеуніктер бүгін емханаға келді. Вип-науқастардың алдында ақ халаттылар да жүгіріп жүр. Медбике алдымен Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойға Ресейде өндірілген жоғары сапалы вакцинаны салып…

Толығырақ

Шымкентте полицейлердің үрейін айналған атышулы Руслан Жанпейісов сотталды

Шымкентте полицейлердің үрейін айналған атышулы Руслан Жанпейісов сотталды

Негізінен тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттерін видеоға түсіріп, онысын әлеуметтік желілерге жариялаумен аты шыққан 36 жастағы белсенді бар-жоғы шартты түрде 2 жыл 6 айға кесілді. Бұл туралы КТК хабарлайды. Иә, «бопсалау» және «арнайы жазу құралдарын заңсыз пайдалану» секілді баптармен айыпталған Руслан Жанпейісовке судья шынымен-ақ жеңіл жаза тағайындады. Мұның себебі Жанпейісов сот барысында полицейлерден ақша алғандығын мойындады. Алайда, өзін полицейлердің әдейі ұйымдастырған тұзағына түстім деп отыр. “Мені екі эпизод бойынша айыптап жатыр ғой. Телефондағы шотыма полицейдің бірі менің мәжбүрлеуіммен 5 мың теңге салды дейді. Бұл өтірік. Ал, екінші жәйт бойынша иә менің…

Толығырақ