АҚҚҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Аққұлақ елді мекенінде 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін пайдалануда болған 1974 жылы салынған №76 негізгі мектеп ғимараты апаттық жағдайда деп танылған болатын.

Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, сондай-ақ ауыл тұрғындарын ортақ қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар облыс әкімінің жаңа мектепке тарту еткен түрлі түсті теледидарын табыстады. Аталмыш шарада облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов көпшілік қауымның қуанышына ортақтасып, ізгі ниетін білдірді. Ауыл ақсақалы К. Орынбасаров оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан игі шараларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудан көлемінде 4 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жақын арада 2 мектеп құрылысы аяқталады деп күтілуде.

http://aral.gov.kz/news/1565/

Көрудің саны: 22  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру